Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" және "Құқықтық актілер туралы" Заңдарын басшылыққа ала отырып, Батыс Қазақстан облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Батыс Қазақстан облысы әкімдігінің 2022 жылғы 29 желтоқсандағы № 280 "Батыс Қазақстан облысы әкімі аппаратының регламентін бекіту туралы" қаулысына (облыс әкімдігінің 2025 жылғы 7 наурыздағы № 50 және 2025 жылғы 5 желтоқсандағы № 262 қаулыларымен енгізілген өзгерістерді қоса) келесідей өзгеріс енгізілсін:
аталған қаулымен бекітілген Батыс Қазақстан облысы әкімі аппараты регламентінің 17.3-тармағы келесідей редакцияда жазылсын.
"17.3. Облыс әкімі орынбасарларының, Орал қаласы әкімінің, Аппарат басшысының, аудандар әкімдерінің облыстан тыс жерлерге шығуы облыс әкімінің келісімі бойынша жүзеге асырылады.
Облыстық басқармалар басшыларының облыстан тыс жерлерге шығуы облыс әкімінің келісімі бойынша жүзеге асырылады.".
2. "Батыс Қазақстан облысы әкімі аппараты" мемлекеттік мекемесі осы қаулының Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілері эталондық бақылау банкінде оның ресми жариялануын қамтамасыз етсін.
3. Осы қаулының орындалуын бақылау Батыс Қазақстан облысы әкімі аппараты басшысына жүктелсін.
4. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін қолданысқа енгізіледі.
| Облыс әкімі | Н. Төреғалиев |
