Мемлекеттік кірістер органының монополияға қарсы органға салық құпиясын және құпия ақпаратты құрайтын мәліметтерді ұсынуы бойынша Қазақстан Республикасының Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігі мен Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің өзара іс-қимыл жасау қағидаларын бекіту туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасының Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігі Төрағасының 2026 жылғы 20 наурыздағы № 16 және Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2026 жылғы 26 наурыздағы № 201 бірлескен бұйрығы

      Қазақстан Республикасы Салық кодексінің 45-бабы 6-тармағының 5) тармақшасына және "Қазақстан Республикасындағы кедендік реттеу туралы" Қазақстан Республикасы Кодексінің 19-бабы 3-тармағының 3) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫЗ:

      1. Қоса беріліп отырған мемлекеттік кірістер органының монополияға қарсы органға салық құпиясын және құпия ақпаратты құрайтын мәліметтерді ұсынуы бойынша Қазақстан Республикасының Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігі мен Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің өзара іс-қимыл жасау қағидалары бекітілсін.

      2. Осы бірлескен бұйрыққа қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасының Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігі мен Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің кейбір бірлескен бұйрықтарының күші жойылды деп танылсын.

      3. Қазақстан Республикасы Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігінің Бәсекелестікті құқықтық реттеу департаменті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрыққа қол қойылған күнінен бастап бес жұмыс күні ішінде оны қазақ және орыс тілдерінде ресми жариялау және Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне енгізу үшін Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің "Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жіберуді;

      2) осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін оны Қазақстан Республикасы Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.

      4. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитеті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен осы бірлескен бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін оны Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.

      5. Осы бірлескен бұйрық алғаш ресми жарияланған күнінен кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
Қаржы министрі
________М. Такиев
      Қазақстан Республикасының
Бәсекелестікті қорғау және дамыту
агенттігінің Төрағасы
________М. Омаров

  Қазақстан Республикасының
Бәсекелестікті қорғау
және дамыту агенттігінің
2026 жылғы 20 наурыздағы
№ 16 мен
Қазақстан Реcпубликасының
Қаржы министрі
2026 жылғы 26 наурыздағы
№ 201 бірлескен бұйрығымен
бекітілген

Мемлекеттік кірістер органының монополияға қарсы органға салық құпиясын және құпия ақпаратты құрайтын мәліметтерді ұсынуы бойынша Қазақстан Республикасының Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігі мен Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің өзара іс-қимыл жасау қағидалары

1-тарау. Жалпы ережелер

      1. Осы Мемлекеттік кірістер органының монополияға қарсы органға салық құпиясын және құпия ақпаратты құрайтын мәліметтерді ұсынуы бойынша Қазақстан Республикасының Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігі мен Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің өзара іс-қимыл жасау қағидалары (бұдан әрі — Қағидалар) Қазақстан Республикасы Салық кодексінің 45-бабы 6-тармағының 5) тармақшасына, "Қазақстан Республикасындағы кедендік реттеу туралы" Қазақстан Республикасы Кодексінің 19-бабы 3-тармағының 3) тармақшасына сәйкес әзірленді.

      2. Осы Қағидалар мемлекеттік кірістер органдары (бұдан әрі — МКО) монополияға қарсы органға салық құпиясын және құпия ақпаратты құрайтын мәліметтерді (бұдан әрі — Мәліметтер) беру тәртібін айқындайды.

      3. Осы Қағидалар шеңберінде "цифрлық жүйе" деген термин "ақпараттық жүйе" деген терминмен бірдей.

2-тарау. Мәліметтерді ұсыну тәртібі

      4. МКО осы Қағидаларға қосымшаға сәйкес монополияға қарсы органға Мемлекеттік органдардың бірыңғай көліктік ортасы (МО БКО) арқылы Мәліметтерді мына тәсілдердің бірімен беруді қамтамасыз етеді:

      1) тікелей интеграция;

      2) мәліметтерді монополияға қарсы органның FTP папкасына жүктеу;

      3) мәліметтерді алынбалы-салынбалы жеткізгіштерде беру;

      4) монополияға қарсы органның қызметкерлеріне Тіркеуші цифрлық жүйеге ("OilTrack" мұнай өнімдерін есепке алудың цифрлық сервисі) қолжетімділікті ұсыну.

3-тарау. Мәліметтердің құпиялылығын қамтамасыз ету

      5. Монополияға қарсы орган алынған Мәліметтерді осы Қағидалар шеңберінде өзіне жүктелген міндеттер мен функцияларды орындау үшін ғана пайдаланады.

      6. Монополияға қарсы орган Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес осы Қағидаларға сәйкес алынған Мәліметтерді заңсыз таратудан қорғау жөнінде шаралар қабылдайды.

      Қазақстан Республикасының Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігі және Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі мемлекеттік кірістер органының салықтық құпияны және құпия ақпаратты құрайтын мәліметтерді ұсынуы бойынша өзара іс-қимыл жасау қағидаларына қосымша

      Мемлекеттік кірістер органдарының монополияға қарсы органға салық құпиясын және құпия ақпаратты құрайтын, ұсынылатын мәліметтердің тізбесі

      1. "KEDEN" цифрлық жүйесі

Мәліметтердің атауы

1.

Сауда атауы

2.

Тауардың коды (ЕАЭО СЭҚ ТН)

3.

Шығарылған елі

4.

Жөнетуші ел

5.

Межелі ел

6.

Сатушы ел

7.

Шот бойынша валюта және жалпы сома

8.

Фактуралық құн

9.

Кедендік құн

10.

Статистикалық құн

11.

Көлемі (салмағы/нетто)

12.

Қосымша өлшем бірлігі

13.

Тауардың өлшем бірлігі

14.

Қаптаманың түрі / жеткізілетін дәрілік препарат орындарының саны

15.

Елдің кодтары: шығарылған/жөнелту/межелі

16.

Декларация нөмірі

17.

Жөнелтуші

18.

Алушы

19.

Шекарадағы көлік түрі / ел ішіндегі көлік түрі

      2. "Smart Data Finance" цифрлық жүйесі (БДҚ/ИДБ)

Мәліметтердің атауы

1.

Тауарлардың, жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің атауы

2.

Тауардың коды (ЕАЭО СЭҚ ТН)

3.

Валюта коды

4.

Өлшем бірлігі

5.

Саны (көлемі)

6.

Жанама салықтарсыз тауардың, жұмыстың, көрсетілетін қызметтің бірлігі үшін баға (тариф)

7.

Жанама салықтарсыз тауарлардың, жұмыстардың, қызметтердің құны

8.

Жанама салықтарды ескере отырып, тауарлардың, жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің құны

9.

Өнім берушінің ЖСН/БСН

10.

Өнім берушінің атауы

11.

Алушының ЖСН/БСН

12.

Алушының атауы

13.

ЭШФ тіркеу нөмірі

14.

ЭШФ жазып беру күні

      3. ЭШФ мәліметтер

Мәліметтердің атауы

1.

ЭШФ тіркеу нөмірі

2.

Жазып беру күні

3.

ЖСН/БСН (өнім беруші)

4.

Өнім беруші (атауы)

5.

Қатысу үлесі (өнім беруші)

6.

Орналасқан жердің мекенжайы (өнім беруші)

7.

Өнім берушінің санаты

8.

ЖСН/БСН (алушы)

9.

Алушы (атауы)

10.

Қатысу үлесі (алушы)

11.

Орналасқан жердің мекенжайы (алушы)

12.

Елдің коды (алушы)

13.

Алушының санаты

14.

Жөнелту мекенжайы (жүк жөнелтуші)

15.

Жеткізу мекенжайы (жүк алушы)

16.

Нөмірі (тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді жеткізуге арналған шарт (келісімшарт)

17.

Күні (тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді жеткізуге арналған шарт (келісімшарт)

18.

Нөмірі (тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді жеткізуге арналған шартсыз (келісімшартсыз)

19.

Күні (тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді жеткізуге арналған шартсыз (келісімшартсыз)

20.

Р/с № (тауарлардың, жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің реттік нөмірі)

21.

Тауарлардың, жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің шығу белгісі

22.

Тауарларға арналған декларацияға немесе тауарларды әкелу мен жанама салықтарды төлеу туралы өтінішке сәйкес тауарлардың атауы

23.

Тауардың коды (ЕАЭО СЭҚ ТН)

24.

Өлшем бірлігі

25.

Саны (көлем)

26.

Жанама салықтарсыз тауардың, жұмыстың, көрсетілетін қызметтің бір бірлігі үшін баға (тариф)

27.

Жанама салықтарсыз тауарлардың, жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің құны

28.

Өткізу бойынша айналымның мөлшері (салық салынатын/салық салынбайтын айналым)

29.

ҚҚС мөлшерлемесі

30.

ҚҚС сомасы

31.

Жанама салықтарды есепке алғанда, тауарлардың, жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің құны

32.

Тауарларға арналған декларацияның, тауарларды әкелу мен жанама салықтарды төлеу туралы өтініштің, тауарларға арналған ілеспе жүкқұжаттың, СТ-1 немесе СТ-KZ №

33.

Тауарларға арналған декларациядан немесе тауарларды әкелу мен жанама салықтарды төлеу туралы өтініштен алынған тауар позициясының нөмірі

34.

Айналымды жасау күні

35.

Межелі пункт

36.

ЭКЖЖ

      4. Бақылау-касса машинасының чегінен берілетін мәліметтер

Мәліметтердің атауы

1.

Тауарлардың, жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің атауы.

2.

ЖСН/БСН

3.

Бір бірлік үшін тауардың, жұмыстың, көрсетілетін қызметтің бағасы

4.

Сатып алынатын тауардың, жұмыстың, көрсетілетін қызметтің саны, олардың өлшем бірлігі

5.

Тауардың, жұмысты, көрсетілетін қызметті сатудың жалпы сомасы

6.

Тауарларды сатып алудың, жұмыстарды орындаудың, қызметтерді көрсетудің күні мен уақыты

      5. Монополияға қарсы органның қызметкерлеріне Тіркеуші цифрлық жүйеге ("OilTrack" мұнай өнімдерін есепке алудың цифрлық сервисі) қолжетімділікті ұсыну.

Мәліметтердің атауы

1.

Өндірістік нысанның иесінің ЖСН/БСН

2.

Өндірістік нысанның атауы

3.

Өндірістік нысанның түрі

4.

Өндірістік нысанның ID

5.

Резервуардың ID

6.

Өндірістік нысанның МТК коды

7.

Өндірістік нысанның аймағы

8.

Өндірістік нысанның аумағы

9.

Жанармайдың түрі

10.

Өлшем бірлігі

11.

Резервуардың жалпы сыйымдылығы

12.

Резервуардың ағымдағы толуы

13.

БЕҚ деректерді тасымалдау күйі

14.

БЕҚ деректерінің жаңару уақыты мен күні

15.

Бір тәулікте резервуардағы мұнай өнімдерінің айналымының көлемі (қабылдау, тұтыну)

      Ескертпе: аббревиатураларды ашып жазу:

      ЕБҚ — есепке алатын бақылау құралдары;

      БСН — бизнес-сәйкестендіру нөмірі;

      ЖСН — жеке сәйкестендіру нөмірі;

      ҚҚС — қосылған құн салығы;

      ЕАЭО СЭҚ ТН — Еуразиялық экономикалық одақтың сыртқы экономикалық қызметінің тауар номенклатурасы;

      МТК — мекенжайды тіркеу коды;

      ЭКЖЖ — экономикалық қызмет түрлерінің жалпы жіктеуіші;

      ЭШФ — электрондық шот-фактура.

  Қазақстан Республикасының
  Бәсекелестікті қорғау
және дамыту агенттігінің
2026 жылғы "20" наурыздағы
№ 16 мен
Қазақстан Реcпубликасының
Қаржы министрі
2026 жылғы "26" наурыздағы
№ 201 бірлескен бұйрығына
қосымша

Қазақстан Республикасы Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігінің және Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің күші жойылуға жататын бірлескен бұйрықтарының тізбесі

      1. "Мемлекеттік кірістер органдарының монополияға қарсы органға салық төлеушінің (салық агентінің) жазбаша рұқсатын алмай, салық құпиясын құрайтын салық төлеуші (салық агенті) туралы мәліметтерді және кедендік реттеу саласындағы құпия ақпаратты, сондай-ақ ұсынылатын мәліметтер тізбесін ұсыну қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасының Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігі төрағасының 2021 жылғы 2 маусымдағы № 133-НҚ және Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2021 жылғы 3 маусымдағы № 524 бірлескен бұйрығы.

      2. "Мемлекеттік кірістер органдарының монополияға қарсы органға салық төлеушінің (салық агентінің) жазбаша рұқсатын алмай, салық құпиясын құрайтын салық төлеуші (салық агенті) туралы мәліметтерді және ұсынылатын мәліметтер тізбесін ұсыну қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасының Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігі төрағасының 2021 жылғы 2 маусымдағы № 133-НҚ және Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2021 жылғы 3 маусымдағы № 524 бірлескен бұйрығына өзгерістер енгізу туралы Қазақстан Республикасының Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігі төрағасының 2021 жылғы 2 маусымдағы № 133-НҚ және Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2021 жылғы 3 маусымдағы № 524 бірлескен бұйрығына өзгерістер енгізу туралы" Қазақстан Республикасының Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігі Төрағасының 2021 жылғы 31 желтоқсандағы № 355-НҚ және Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2021 жылғы 31 желтоқсандағы № 1360 бірлескен бұйрығы.

      3. "Мемлекеттік кірістер органдарының монополияға қарсы органға салық төлеушінің (салық агентінің) жазбаша рұқсатын алмай, салық құпиясын құрайтын салық төлеуші (салық агенті) туралы мәліметтерді және кедендік реттеу саласындағы құпия ақпаратты, сондай-ақ ұсынылатын мәліметтер тізбесін ұсыну қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасының Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігі төрағасының 2021 жылғы 2 маусымдағы № 133-НҚ және Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2021 жылғы 3 маусымдағы № 524 бірлескен бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Қазақстан Республикасының Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігі Төрағасының 2023 жылғы 4 қыркүйектегі № 217-НҚ және Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары — Қаржы министрінің 2023 жылғы 4 қыркүйектегі № 926 бірлескен бұйрығы.

      4. "Мемлекеттік кірістер органдарының монополияға қарсы органға салық төлеушінің (салық агентінің) жазбаша рұқсатын алмай, салық құпиясын құрайтын салық төлеуші (салық агенті) туралы мәліметтерді және кедендік реттеу саласындағы құпия ақпаратты, сондай-ақ ұсынылатын мәліметтер тізбесін ұсыну қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасының Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігі төрағасының 2021 жылғы 2 маусымдағы № 133-НҚ және Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2021 жылғы 3 маусымдағы № 524 бірлескен бұйрығына өзгерістер енгізу туралы" Қазақстан Республикасының Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігі Төрағасының 2025 жылғы 12 наурыздағы № 3 және Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2025 жылғы 12 наурыздағы № 119 бірлескен бұйрығы.

      5. "Мемлекеттік кірістер органдарының монополияға қарсы органға салық төлеушінің (салық агентінің) жазбаша рұқсатын алмай, салық құпиясын құрайтын салық төлеуші (салық агенті) туралы мәліметтерді және кедендік реттеу саласындағы құпия ақпаратты, сондай-ақ ұсынылатын мәліметтер тізбесін ұсыну қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасының Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігі төрағасының міндетін атқарушы 2025 жылғы 15 желтоқсандағы № 14 және Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2025 жылғы 18 желтоқсандағы № 788 бірлескен бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы".

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады