"Құқық қорғау, арнаулы мемлекеттік және өзге де органдардың ақпарат алмасу жүйесімен интеграцияланатын интернет-ресурстар мен ақпараттық жүйелердің тізбесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Бас Прокурорының 2025 жылғы 19 қыркүйектегі № 117 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Бас Прокурорының 2026 жылғы 5 ақпандағы № 22 бұйрығы

      БҰЙЫРАМЫН:

      1. "Құқық қорғау, арнаулы мемлекеттік және өзге де органдардың ақпарат алмасу жүйесімен интеграцияланатын интернет-ресурстар мен ақпараттық жүйелердің тізбесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Бас Прокурорының 2025 жылғы 19 қыркүйектегі № 117 бұйрығына мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген  Құқық қорғау, арнаулы мемлекеттік және өзге де органдардың ақпарат алмасу жүйесімен интеграцияланатын интернет-ресурстар мен ақпараттық жүйелердің тізбесінде:

      18, 19, 20-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:

      "

18.

"Е-лицензиялау" мемлекеттік дерекқоры"

субъект туралы (жеке немесе заңды тұлға), лицензия туралы (нөмірі, түрі)

Қазақстан Республикасының
Жасанды интеллект және цифрлық даму министрлігі

19.

"Мобильді азаматтар базасы"

тіркелген ұялы телефон нөмірлері туралы

Қазақстан Республикасының
Жасанды интеллект және цифрлық даму министрлігі

20.

"Мобильді үкімет" ақпараттық жүйесінің "1414" Бірыңғай байланыс орталығының SMS-шлюзі

мемлекеттік қызметтерді көрсету шеңберінде SMS жіберу

Қазақстан Республикасының
Жасанды интеллект және цифрлық даму министрлігі

      ";

      26-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "

26.

"АРСАS"

ресімделген және (немесе) бронға қойылған билеттер туралы

Қазақстан Республикасының Көлік министрлігі

      ";

      30-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "

30.

"Жұмылдыру ресурсы автоматтандырылған жүйесінің интеграциялық шлюзі"

әскери міндеттілер және әскерге шақырылушылар туралы*


Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрлігі

      ";

      мынадай редакциядағы 46, 47-тармақтармен толықтырылсын:

      "

46.

"Бағалы қағаздардың депозитарлық-тіркеу жүйесі"

бағалы қағаздардың және олармен жасалатын мәмiлелердiң бар-жоғы туралы

Акционерлік қоғамы
"Орталық депозитарий
бағалы қағаздар"

47.

"Сәйкестендіру кодтарының деректер базасы"

тіркелген ұялы байланыс құрылғылары туралы

Қазақстан Республикасының
Жасанды интеллект және цифрлық даму министрлігі

      ";

      ескертпе мынадай редакцияда жазылсын:

      "Ескерту:

      Заңмен қорғалатын құпияны құрайтын мәліметтерге қолжетімділік Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерде белгіленген тәртіппен беріледі.

      * - қорғаныс істері жөніндегі басқармалардың (бөлімдердің) жұмылдыру ресурстарының интеграциялық шлюзіне, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің және Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының ақпараттық жүйелердің өзара іс-қимылы жөніндегі бірлескен бұйрықтарына қол жеткізуі болған жағдайда.".

      2. Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитеті (бұдан әрі – Комитет) заңнамада белгіленген тәртіпте мыналарды қамтамасыз етсін:

      1) осы бұйрықты қазақ және орыс тілдерінде Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінің Эталондық бақылау банкісінде ресми жариялау үшін электронды түрде жолдауды;

      2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының интернет-ресурсына орналастыруды;

      3) осы бұйрықты құқықтық статистика және арнайы есепке алудың мүдделі субъектілеріне, Комитеттің аумақтық және оларға теңестірілген органдарына орындау үшін жіберу.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Комитет төрағасына жүктелсін.

      4. Осы бұйрық қол қойылған күннен бастап күшіне енеді.

      Қазақстан Республикасы
Бас Прокуроры
Б. Асылов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады