"Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 6-бабының 2-3 тармағына, "Құқықтық актілер туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 27-бабы, Қазақстан Республикасының Әлеуметтік Кодексінің 168 және 170 баптарына сәйкес, Катонқарағай аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. Катонқарағай аудандық мәслихатының "Әлеуметтік көмек көрсетудің, мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың қағидаларын бекіту туралы" 2023 жылғы 26 желтоқсандағы № 10/134-VIII (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 8950-16 болып тіркелген) шешіміне келесі толықтыру енгізілсін:
2-тарау көрсетілген шешімнің 10-1-тармағымен толықтырылып және келесі редакцияда жазылсын:
"10-1. Бірінші топтағы мүгедектігі бар адамды санаторийлік-курорттық емдеуге алып жүретін адамның уәкілетті мемлекеттік орган айқындайтын санаторийлік-курорттық емдеу құнын өтеу ретінде ұсынылатын кепілдік берілген соманың жетпіс пайызы мөлшерінде жылына 1 рет, табыстарын есепке алмай, санаторийлік-курорттық ұйымда болу құнын жергілікті атқарушы органдардан өтетіп алуға құқығы бар (жұмыс берушінің кінәсінен жұмыста мертігуге ұшыраған немесе кәсіптік ауруға шалдыққан мүгедектігі бар адамдарды қоспағанда).".
2. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
| Катонқарағай аудандық мәслихатының төрағасы | Б. Болаев |
