"Құқықтық актілер туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 26 бабы, 65- бабы 3- тармағына сәйкес және Шығыс Қазақстан облысы бойынша тексеру комиссиясы 2025 жылғы 9 қыркүйектегі аудиторлық есебі негізінде Катонқарағай ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. "Шығыс Қазақстан облысы Катонқарағай ауданы Катонқарағай ауылдық округі әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесінің ережесін бекіту туралы" Катонқарағай ауданы әкімдігінің 2020 жылғы 22 қазандағы № 312 қаулысына мынадай толықтыру және өзгеріс енгізілсін:
аталған қаулымен бекітілген "Шығыс Қазақстан облысы Катонқарағай ауданы Катонқарағай ауылдық округі әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесінің ережесінде:
20-тармақ мынадай мазмұндағы 11-16 тармақшамен толықтырылсын:
11) аудандық маңызы бар қаланың, ауылдың, кенттің, ауылдық округтің бюджетін жоспарлауды және атқаруды қамтамасыз етеді;
12) жергілікті қоғамдастықтың жиналысына және аудан(облыстық маңызы бар қала) мәслихатына аудандық маңызы бар қала, ауыл, кент, ауылдық округ бюджетінің атқарылуы туралы еспеті ұсынады;
13) аудындық маңызы бар қаланың, ауылдың, кенттің, ауылдық округтің бюджетін іске асыру туралы шешімді қабылдайды;
14) жергілікті қоғамдастық дамыту бағдарламасын әзірлейді және оны жергілікті қоғамдастық жиналысының бекітуіне ұсынады;
15) аудандық маңызы бар қаланың, ауылдың, кенттің, ауылдық округтің коммуналдық мүлкіне жататын объектілерді салу, реконструкциялау және жөндеу бойынша тапсырыс беруші болады;
16) осы Заңмен және Қазақстан Республикасының өзге де заңнамасымен өзіне жүктелген өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады.
21-тармақ мынадай мазмұндағы өзгеріс енгізілсін:
Жұмыс күні бес күннен, сенбі, жексенбі – екі демалыс күнінен тұрады. 8:00 сағаттан бастап 17:30 дейін сегіз сағаттық жұмыс күні. Түскі үзіліс сағат 12:00 сағаттан 13:30 сағатқа дейін.
2. "Шығыс Қазақстан облысы Катонқарағай ауданы Катонқарағай ауылдық округі әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі заңнамада белгіленген тәртіпте:
1) осы қаулыға қол қойылған күннен бастап бес жұмыс күні ішінде оның қазақ және орыс тілдеріндегі электрондық түрдегі көшірмесін Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін эталондық бақылау банкінде жариялау үшін "Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жіберуді қамтамасыз етсін;
2) осы қаулыдан туындайтын өзге де шараларды қабылдасын.
3. "Шығыс Қазақстан облысы Катонқарағай ауданы Катонқарағай ауылдық округ әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесінің ережесіне толықтыру және өзгерістер енгізу туралы №1 қосымшасы
4. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.
| Катонқарағай ауданы әкімі | Д. Дюсембаев |
