Үй жануарларын серуендетуге не өзге мақсатта жануарлармен жүруге тыйым салынған орындарды айқындау, қажет болған кезде үй жануарларын серуендетуге арналған орындарды жабдықтау

Жаңа

Шығыс Қазақстан облысы Глубокое аудандық әкімдігінің 2026 жылғы 8 маусымдағы № 239 қаулысы

      Қазақстан Республикасының "Жануарларға жауапкершілікпен қарау туралы" Заңының 9-бабының 1-2 тармақтарына сәйкес Шығыс Қазақстан облысы Глубокое ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Осы қаулының қосымшасына сәйкес үй жануарларын серуендетуге не өзге мақсатта жануарлармен жүруге тыйым салынған орындарды айқындау.

      2. Кенттер, ауылдар және ауылдық округтер әкімдерінің аппараттары қажет болған жағдайда үй жануарларын серуендетуге арналған орындарды жабдықтауды қамтамасыз етсін.

      3. Осы қаулының орындалуын бақылау Шығыс Қазақстан облысы Глубокое ауданы әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.

      4. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Глубокое ауданының әкімі Э. Тумашинов

  Шығыс Қазақстан облысы
Глубокое ауданы әкімдігінің
2026 жылғы 8 маусымдағы
№ 239 қаулысына қосымша

Үй жануарларын серуендетуге тыйым салынған орындар

Орын

1.

Мектепке дейінгі балалар ұйымдарының аумақтары

2.

Білім беру ұйымдарының аумақтары

3.

Дене шынықтыру-спорт ұйымдарының аумақтары

4.

Медициналық және емдеу мекемелерінің аумақтары

5.

Мәдениет ұйымдарының аумақтары

6.

Балалар және спорттық ойын алаңдарының аумақтары

7.

Адамдарға шомылуға рұқсат етілген аумақтар

8.

Жүруге арналмаған тыйым салу белгілері орнатылған аумақтар

      Өзге мақсатта жануарлармен жүруге тыйым салынған орындар

Орын

1.

Қоғамдық тамақтандыру кәсіпорындары (көру қабілеті нашар адамдарға арналған қызметтік иттер мен бағыттаушы иттерден басқа)

2.

Сервистік қызмет көрсететін азық-түлік дүкендерінің сауда және өндірістік залдары

3.

Мәдени мекемелер (иттердің қатысуымен көрмелер, ойын-сауық және бұқаралық іс-шаралар өткізуден басқа)

4.

Діни ұйымдар (бірлестіктер)

5.

Балалар ұйымдарының үй-жайлары

6.

Білім беру ұйымдарының үй-жайлары

7.

Медициналық ұйымдардың үй-жайлары


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады