Риддер қаласының елді мекенінде салық салу объектілерінің орналасқан жерін ескере отырып, аймақтарға бөлу коэффициенттерін бекіту туралы

Жаңа

Шығыс Қазақстан облысы Риддер қаласы әкімдігінің 2026 жылғы 14 мамырдағы № 245 қаулысы

      ЗҚАИ-ның ескертпесі!
      Осы шешім 01.01 2027 бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасы Салық кодексінің 600-бабы 6-тармағына, Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 31-бабы 2-тармағына, Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары – Жасанды интеллект және цифрлық даму министрінің 2025 жылғы 17 қазандағы № 517/НҚ "Аймаққа бөлу коэффициентін есептеу әдістемесін бекіту туралы" бұйрығына сәйкес (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 215756 болып тіркелген), Риддер қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Осы қаулының қосымшасына сәйкес Риддер қаласының елді мекенінде салық салу объектілерінің орналасқан жерін ескере отырып, аймақтарға бөлу коэффициенттері бекітілсін.

      2. Осы қаулының орындалуын бақылау жетекшілік ететін Риддер қаласы әкімінің орынбасарына жүктелсін.

      3. Осы қаулы 2027 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі.

      Риддер қаласының әкімі Д. Рахметкалиев

 

      "КЕЛІСІЛДІ":

      "Қазақстан Республикасы Қаржы

      министрлігінің мемлекеттік кірістер

      Комитетінің Шығыс Қазақстан облысы

      бойынша мемлекеттік кірістер Департаментінің

      Риддер қаласы бойынша мемлекеттік

      кірістер басқармасы" республикалық

      мемлекеттік мекемесінің басшысы

      "_____" ___________ 2026 жыл

      ________________ А. Рыспаев

  Риддер қаласы әкімдігінің
2026 жылғы "14" мамырдағы
№245 қаулысына қосымша

Риддер қаласында және оның әкімшілік бағынысына берілген аумақтарда салық салу объектілерінің орналасқан жерін ескере отырып, аймақтарға бөлу коэффициенттері

№ р/с

Учаске аумағы

Салық салуды есептеу үшін аймақтарға бөлу коэффициенті

Риддер қаласы

1

N 1 аймақ (620 га) – темір жол, Хариузовка өзені (Семашко көшесі мен Семипалатинская көшесінің қиылысатын жеріне дейін), Семипалатинская көшесі, Пригородное ауылының шекарасымен қала шекарасы, қала шекарасы, Сумин лог. Қаланың орталық бөлігін, 1,2,3,4,5,6,7-ықшамаудандарды, саябақ аймағын қамтиды.

2

2

N 2 аймақ (313,6 га) - теміржол, Быструха өзені, Черепанов көшесі, Геолог ықшамауданының бойымен Ботаническая көшесіне дейін, Ботаническая көшесі, Алтай ботаникалық бағының шекарасы бойынша, қала шекарасы, Семипалатинская көшесі (Семашко көшесінің қиылысына дейін), Хариузовка өзені. ДОСААФ бір қабатты құрылыс ауданын, Геолог ықшамауданын, Тәуелсіздік шағын ауданын қамтиды.

1,7

3

N 3 аймақ (911,0 га) - Сумин лог, Абай даңғылы, бұрынғы Тишинка кентіне баратын жол, 91, 94-квартал бойымен бұрынғы ет комбинатының аумағына дейін, Тихая өзені, бұлақ, қала шекарасы, Гавань ықшамауданының батыс шекарасы бойымен, Быструха өзені, Хариузовка өзені өткелге дейін, темір жол. Батыс (орталық) өнеркәсіптік аудан – мырыш зауытын, өнеркәсіптік алаңдарды, алтын үйінділерін, ЖЭО станциясын, Тишинский гидроэлектр станциясы, қалдықтар мен қатты тұрмыстық қалдықтар полигондарын, бұрынғы Тишинка кентін, бұрынғы ет комбинатының аумағын қамтиды.

1,75

4

N 4 аймақ (403,7 га) - Тихая өзені, "Металлист", "Табиғат", "Мичурин" атындағы, "Лисовенко атындағы" бау-бақша серіктестерінің шекарасы (05-083-002,05-083-003 есепті квартал), Тихая өзені, бұрынғы Тишинка ауылына баратын жол, 91, 94 квартал бойында, Абай даңғылы, Сумин лог, қала шекарасы, Самоквитов көшесі, Абай даңғылы. Ульбастройдың 1-ші ауданы, 91, 93, 94, 95 квартал, колледж аумағын қамтиды.

1,9

5

N 5 аймақ (1302,6 га) - бірнеше учаскелерден тұрады: - Гавань ықшамауданы (1-учаске) – 190,1 га; - Сазоновка, Малая Таловка, Большая Таловка ықшамаудандары (2-учаске)– 529,9 га; - Әскерилендірілген тау-кен құтқару бөлімі бірқабатты құрылыс ауданы (3-учаске) – 113,5 га; - Алтай ботаникалық бағы ауданындағы бір қабатты құрылыс және бақтар ауданы (4-учаске) - Черепанов көшесі, Геолог ықшамауданы бойымен Ботаническая көшесіне дейін, Ботаническая көшесі, қала шекарасы, шығыс өнеркәсіптік ауданы бойындағы шекара – 406,4 га; - кірпіш зауыты аумағының солтүстік-батысына қарай Ульбастройдың 1-ші ауданының алқабы (5-учаске) - Абай даңғылы, Самоквитов көшесі, қала шекарасы) – 62,7 га.

1,6

6

N 6 аймақ (836,0 га) - Сазоновка, Малая Таловка, Большая Таловка ықшамаудандарының, Пролетарская көшесі (Ливино ауылына баратын жол), тұрғын үй құрылысының шекарасы бойынша, қала шекарасы, Алтай ботаникалық бағының шекарасы, әскерилендірілген тау-кен құтқару бөлімі тұрғын үй құрылысының шекарасы бойынша. Шығыс өнеркәсіптік аудан – орталық зауыт қоршауының өнеркәсіптік алаңдары өнеркәсіптік алаңын, Риддер-Сокольное кен орнын, қалдыққоймасын, Крюков үйіндісін, жанар-жағар май қоймасын қамтиды.

1,45

7

N 7аймақ - 2 учаскеден тұрады: - жарылғыш заттардың базистік қоймасының аумағы – 55,8 га - Таловка қалдық қоймасының объектілері – 497,9 га

0

8

N 8 аймақ (4722,1 га) – негізгі құрылыстан қаланың солтүстігі мен батысына қарай өзге де функционалдық аймақты, сондай-ақ Ульбастройдың 1-ауданының солтүстігіне қарай бағбандық серіктестіктерді қамтиды (05-083-002, 05-083-003 есепті квартал, Шаравка учаскесі).

0

Үлбі кенті

9

N 1 аймақ - Ульбастройдың 4-ші ауданы және Ульбастройдың 2-ші ауданының оңтүстігінде темір жол мен шектелген солтүстік учаскесі, сондай-ақ"Энергетик", "Геолог-2" бағбандық серіктестіктері

1,8

10

N 2 аймақ - Ульбастройдың 2-ші және 4-ші аудандары арасында орналасқан Тишинск кенішінің аумағы.

1,45

11

N 3 аймақ – "Мир" бау-бақша серіктестігін, "Қазақстан", "Геолог" бау-бақша серіктестігін және басқаларды қоса алғанда, Үлбі кентінің (Ульбастройдың 2-ші ауданы) оңтүстік бөлігіндегі Кедровка өзеніне, Үлбастрой ауылына дейін темір жол өтпесінің артындағы тұрғын үй құрылысы

1,6

12

N 4 аймақ - ауыл шаруашылығына пайдаланылатын, қала құрылысы қызметiне тартылмаған, елдi мекендi аумақтық тұрғыдан дамытуға және жеке қосалқы шаруашылықты дамытуға арналған резервтегi және өзге де жер

0

13

Пригородное ауылы.

1,5

14

Поперечное ауылы.

1,35

15

Коноваловка ауылы.

1,5

16

Ливино ауылы.

1,25

17

Верхняя Хариузовка ауылы.

1,3

18

Бутаково ауылы.

1,3

19

Лениногорский лесхоз ауылы.

1,4

20

Үлбастрой ауылы.

1,25

21

Лесное ауылы.

1,25


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады