"Өскемен қаласында тұрғын үй көмегін көрсетудің мөлшері мен қағидаларын айқындау туралы" Өскемен қалалық мәслихатының 2024 жылғы 4 маусымдағы № 22/3 VIII шешіміне өзгерістер енгізу туралы

Жаңа

Шығыс Қазақстан облысы Өскемен қалалық мәслихатының 2026 жылғы 31 наурыздағы № 43/2-VIII шешімі

      Өскемен қалалық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      1. "Өскемен қаласында тұрғын үй көмегін көрсетудің мөлшері мен қағидаларын айқындау туралы" Өскемен қалалық мәслихатының 2024 жылғы 4 маусымдағы № 22/3-VIII шешіміне (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 9032-16 болып тіркелген) келесі өзгерістер енгізілсін:

      көрсетілген шешімнің 1-қосымшасында:

      1-тармақтың 2-абзацы жаңа редакцияда жазылсын:

      "ағымдағы және жинақтаушы жарналарды;";

      4-тармағы жаңа редакцияда жазылсын:

      "4. Тұрғын үй көмегі ағымдағы және жинақтаушы жарналарға, коммуналдық қызметтерді және телекоммуникация желісіне қосылған телефон үшін абоненттік төлемақының өсуі бөлігінде байланыс қызметтерін тұтынуға, мемлекеттік тұрғын үй қорынан берілген тұрғынжайды және жеке тұрғын үй қорынан жергілікті атқарушы орган жалдаған тұрғынжайды пайдаланғаны үшін шығыстарды төлеу сомасы мен аз қамтылған отбасының (азаматтардың) осы мақсаттарға жұмсайтын шығыстарының шекті жол берілетін деңгейінің арасындағы айырма ретінде 5 (бес) пайыз мөлшерінде айқындалады.";

      7-тармағы жаңа редакцияда жазылсын:

      "7. Тұрғын үй көмегі аз қамтылған отбасыларға (азаматтарға) жеткізушілер ұсынған ай сайынғы ағымдағы және жинақтаушы жарналар шоттары және коммуналдық қызметтерді төлеу шоттары бойынша бюджет қаражаты есебінен көрсетіледі.".

      2. "Өскемен қалалық мәслихатының аппараты" мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

      1) осы шешімнің "Қазақстан Республикасының Әділет министрлігі" мемлекеттік мекемесінде мемлекеттік тіркелуін;

      2) осы шешімді ресми жарияланғаннан кейін Өскемен калалық мәслихатының интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.

      3. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Өскемен қалалық мәслихатының төрағасы А. Светаш

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады