Өскемен қаласы әкімдігінің 2023 жылғы 11 қаңтардағы № 95 "Өскемен қаласының кәсіпкерлік және ауыл шаруашылығы бөлімі" мемлекеттік мекемесі туралы ережені бекіту туралы" қаулысына өзгерістер енгізу туралы

Жаңа

Шығыс Қазақстан облысы Өскемен қаласы әкімдігінің 2026 жылғы 9 шілдедегі № 2274 қаулысы

      Өскемен қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Өскемен қаласы әкімдігінің 2023 жылғы 11 қаңтардағы № 95 "Өскемен қаласының кәсіпкерлік және ауыл шаруашылығы бөлімі" мемлекеттік мекемесі туралы ережені бекіту туралы" қаулысына мынадай өзгерістер енгізілсін:

      11-тармақ келесі редакцияда жазылсын:

      "11. Бөлімге кәсіпкерлік субъектілерімен Бөлімнің өкілеттіктері болып табылатын міндеттерді орындау тұрғысынан шарттық қарым-қатынас жасауға тыйым салынады.

      Егер Бөлімге заңдармен кіріс әкелетін қызметті жүзеге асыру құқығы берілсе, онда алынған кіріс, егер Қазақстан Республикасының заңнамасында өзгеше белгіленбесе, мемлекеттік бюджетке жіберіледі.";

      13-тармақтың 1) тармақшасының екінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:

      "өз құзыреті шегінде сұрау және алу заңда белгіленген мерзімде мәліметтер мен құжаттарды мемлекеттік органдардан және өзге де ұйымдардан Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген талаптарды сақтай отырып, мекемеге жүктелген функцияларды орындауға;";

      13-тармақтың 1) тармақшасының жетінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:

      "өз құзыреті шегінде мемлекеттік органдардан, барлық меншік нысанындағы кәсіпорындар мен ұйымдардан Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген талаптарды сақтай отырып, мекемеге жүктелген функцияларды жүзеге асыру үшін қажетті ақпаратты сұратуға және алуға;".

      2. "Өскемен қаласының кәсіпкерлік және ауыл шаруашылығы бөлімі" мемлекеттік мекемесі:

      1) осы қаулыны Өскемен қаласы әкімінің ресми интернет ресурсында ресми жарияланғаннан кейін орналастыруды;

      2) Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген осы қаулыдан туындайтын шараларды қабылдауды қамтамасыз етсін.

      3. Осы қаулының орындалуын бақылау Өскемен қаласы әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.

      4. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Өскемен қаласының әкімі А. Акышов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады