Өскемен қаласы әкімдігінің 2023 жылғы 10 қаңтардағы № 83 "Өскемен қаласының тұрғын үй қатынастары бөлімі" мемлекеттік мекемесі туралы ережені бекіту туралы" өзгеріс енгізу туралы

Жаңа

Шығыс Қазақстан облысы Өскемен қаласы әкімдігінің 2026 жылғы 1 шілдедегі № 2069 қаулысы

      Өскемен қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Өскемен қаласы әкімдігінің 2023 жылғы 10 қаңтардағы № 83 "Өскемен қаласының тұрғын үй қатынастары бөлімі" мемлекеттік мекемесі туралы ережені бекіту туралы" қаулысына келесі өзгеріс енгізілсін:

      көрсетілген қаулымен бекітілген "Өскемен қаласының тұрғын үй қатынастары бөлімі" мемлекеттік мекемесі туралы ереже осы қаулының қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.

      2. "Өскемен қаласының тұрғын үй қатынастары бөлімі" мемлекеттік мекемесі:

      1) осы қаулы ресми жарияланғаннан кейін оны Өскемен қаласы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастыруды;

      2) Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген осы қаулыдан туындайтын өзге де шараларды қабылдауды қамтамасыз етсін.

      3. Осы қаулының орындалуын бақылау жетекшілік ететін Өскемен қаласы әкімінің орынбасарына жүктелсін.

      4. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін қолданысқа енгізіледі.

      Өскемен қаласының әкімі А. Акышов

  Өскемен қаласы әкімдігінің
2026 жылғы 01 шілдедегі
№ 2069 қаулысына
қосымша
  Өскемен қаласы әкімдігінің
2023 жылғы 10 қаңтардағы № 83
қаулысымен бекітілген

"Өскемен қаласының тұрғын үй қатынастары бөлімі мемлекеттік мекемесі туралы Ереже

1-тарау. Жалпы ережелер

      1. "Өскемен қаласының тұрғын үй қатынастары бөлімі" мемлекеттік мекемесі (бұдан әрі-Бөлім) тұрғын үй қорын басқару, газ және газбен жабдықтау, қауіпті техникалық құрылғыларды қауіпсіз пайдалану талаптарының сақталуына өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы әлеуметтік инфрақұрылым объектілеріндегі қала шекаралары шегінде мемлекеттік қадағалау, әлеуметтік инфрақұрылым объектілеріндегі қала шекаралары шегінде тұрғын үй қатынастары саласындағы мемлекеттік бақылау басшылығын жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының мемлекеттік органы болып табылады.

      2. Бөлім өз қызметін Қазақстан Республикасының Конституциясына және заңдарына, Қазақстан Республикасының Президенті мен Үкіметінің актілеріне, өзге де нормативтік құқықтық актілерге, сондай-ақ осы Ережеге сәйкес жүзеге асырады.

      3. Бөлім мемлекеттік мекеме ұйымдық-құқықтық нысанындағы заңды тұлға болып табылады, Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Елтаңбасы бейнеленген және атауы қазақ тілінде жазылған мөртабандары, белгіленген үлгідегі бланкілері, Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қазынашылық органдарында шоттары бар.

      4. Бөлім азаматтық-құқықтық қатынастарды өз атынан жасайды.

      5. Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес уәкілеттік берілген жағдайда, ол мемлекеттің атынан азаматтық-құқықтық қатынастардың тарапы болуға құқылы.

      6. Бөлім өз құзыретінің мәселелері бойынша заңнамада белгіленген тәртіппен Бөлім басшысының бұйрықтарымен және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген басқа да актілермен ресімделетін шешімдер қабылдайды.

      7. Бөлімнің штат санының лимиті Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес Өскемен қаласының әкімдігімен бекітіледі.

      8. Заңды тұлғаның орналасқан жері: Қазақстан Республикасы, Шығыс Қазақстан облысы, Өскемен қаласы, Шәкәрім даңғылы, 180, пошталық индекс 070018.

      9. Осы Ереже Бөлімнің құрылтай құжаты болып табылады.

      10. Бөлім қызметін қаржыландыру Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жергілікті бюджеттен жүзеге асырылады.

      11. Бөлім кәсіпкерлік субъектілерімен Бөлімнің өкілеттіктері болып табылатын міндеттерді орындау тұрғысынан шарттық қарым-қатынас жасауға тыйым салынады.

      Егер Бөлімге заңды актілермен кіріс әкелетін қызметті жүзеге асыру құқығы берілсе, онда алынған кіріс, егер Қазақстан Республикасының заңнамасында өзгеше белгіленбесе, мемлекеттік бюджетке жіберіледі.

2-тарау. Мемлекеттік органның мақсаттары мен өкілеттіктері

      12. Мақсаттары:

      1) тұрғын үй қатынастары және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық саласындағы мемлекеттік саясаттың негізгі бағыттарын іске асыру;

      2) тұрғын үй қорын басқару, газ және газбен жабдықтау салаларындағы мемлекеттік бақылау;

      3) қауіпті техникалық құрылғыларды қауіпсіз пайдалану талаптарының сақталуына өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы мемлекеттік қадағалау;

      4) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес құзыреті шегінде мемлекеттік қолдау шараларын, тұрғын үй жағдайларын іске асыру;

      5) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген құзырет шегінде қала аумағында мемлекеттік бағдарламаларды іске асыру;

      6) қаланың жергілікті атқарушы органының құзыреті шегінде аула және орамішілік аумақтарда абаттандыру жұмыстарын ұйымдастыру.

      13. Өкілеттіктері:

      1) құқықтары:

      Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік кодексіне сәйкес тексерулер жүргізу;

      тексеру жүргізу барысында кез келген қажетті ақпаратты сұратуға, тексеру нысанасына қатысты құжаттардың түпнұсқасымен танысу;

      мемлекеттік органдардан, басқа да ұйымдардан басқармаға жүктелген функцияларды жүзеге асыру үшін қажетті ақпаратты сұраулар жіберу және алу;

      талап қоюға, сотта талапкер және жауапкер ретінде әрекет ету;

      тұрғын үй қатынастары саласындағы қызметті жетілдіру бойынша ұсыныстар енгізу;

      Қазақстан Республикасының мемлекеттік мүлік туралы заңнамасына сәйкес тиісті саланың акционерлік қоғамдар акцияларының мемлекеттік пакетін және жауапкершілігі шектеулі серіктестіктерге қатысу үлестерін, мемлекеттік заңды тұлғалар құқығының субъектісін иелену және пайдалану құқықтарын жүзеге асыру, оның ішінде уәкілетті органдардың құзыретіне жататын шешімдер қабылдау;

      Қазақстан Республикасының заңнамасымен қарастырылған басқа да құқықтарды жүзеге асыру.

      2) міндеттері:

      тексеру жүргізу кезеңінде тексерілетін объектінің белгіленген жұмыс режиміне кедергі жасамау;

      тексеру нәтижесінде алынған құжаттар мен мәліметтердің сақталуын қамтамасыз ету;

      мемлекттік тұрғын үй қорынан үйді жекешелендіру туралы өтінішпен жүгінген тұлғаларға экологиялық куәліктер берудің жарамдылығы, жылжымайтын мүліктің болуы (болмауы), иеліктен шығарылуы туралы мәліметтер беру, уәкілетті органдарға сұрау салулар жіберу;

      кондоминиум объектісін басқару үшін тұрғын үйді басқарушыны (менеджерді) немесе заңды тұлғаны таңдау немесе жалдау туралы шешім қабылдай отырып, пәтерлердің, тұрғын емес үй-жайлардың меншік иелерінің жиналысын өткізуге бастамашылық ету;

      барлық ұйымдарда өз құзыреті шегінде Бөлімнің және мемлекеттің мүдделерін білдіруге және олардың құқықтарын қорғау;

      әзірлеушісі Бөлім болып табылатын әкімнің және әкімдіктің нормативтік құқықтық актілеріне құқықтық мониторингті жүзеге асыруға және оларға өзгерістер және (немесе) толықтырулар енгізу не олардың күші жойылды деп тану бойынша уақтылы шаралар қабылдау;

      Қазақстан Республикасының заңнамасымен қарастырылған басқа да міндеттерді жүзеге асыру.

      14. Функциялары:

      1) тұрғын үй қатынастары және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы саласындағы мемлекеттік саясаттың негізгі бағыттарын іске асыру;

      2) тұрғын үй қорын сақтау және тиісінше пайдалану жөніндегі іс-шараларды ұйымдастыруды қамтамасыз ету;

      3) қала шекаралары шегінде тұрғын үй қорын басқару салаларындағы әлеуметтік инфрақұрылым объектілерінде қала шекаралары шегінде бақылау субъектілеріне қатысты мемлекеттік бақылауды жүзеге асыру;

      4) қала шекаралары шегінде өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы әлеуметтік инфрақұрылым объектілерінде бақылау және қадағалау субъектілеріне қатысты қауіпті техникалық құрылғыларды, атап айтқанда, 0,07 мегаПаскальдан астам қысыммен және (немесе) 115 Цельсий градустан астам судың қайнау температурасы кезінде (жылумен жабдықтау ұйымдары) жұмыс істейтін бу және су жылыту қазандықтарын, 0,07 мегаПаскальдан астам қысыммен жұмыс істейтін ыдыстарды, жүк көтергіш механизмдерді, эскалаторларды, аспалы жолдарды, фуникулерлерді, әлеуметтік инфрақұрылым объектілеріндегі лифтілерді, траволаторларды, мүмкіндіктері шектеулі адамдарға (мүгедектігі бар адамдарға) арналған көтергіштерді қауіпсіз пайдалану талаптарының сақталуына мемлекеттік бақылауды және қадағалауды жүзеге асыру;

      4) қала шекаралары шегінде тұрмыстық және коммуналдық-тұрмыстық тұтынушылардың газ тұтыну жүйелері және газ жабдығын қауіпсіз пайдалану талаптарының сақталуына мемлекеттік бақылауды жүзеге асыру;

      5) қала шекаралары шегінде тұрмыстық және коммуналдық-тұрмыстық тұтынушылардың газбен жабдықтау жүйелерінің тұрмыстық баллондары мен объектілерін қауіпсіз пайдалану талаптарының сақталуына мемлекеттік бақылауды жүзеге асыру;

      6) топтық резервуарлық қондырғылар иелерінің тізілімін жүргізу және интернет-ресурста жариялау;

      7) кондоминиум объектісінің ортақ мүлкінің түгендеу тізбесін жасай отырып, жергілікті бюджет қаражаты есебінен пайдаланудағы көппәтерлі тұрғын үйлерге мемлекеттік техникалық зерттеп-қарау жүргізуді, сондай-ақ көппәтерлі тұрғын үйге және үй жанындағы жер учаскесіне жылжымайтын мүлік объектісінің кадастрлық паспортын дайындау (қалпына келтіру), оның ішінде:

      жиналыстың шешімі бойынша пәтерлердің, тұрғын емес үй-жайлардың меншік иелерінен;

      мүліктің меншік иелері бірлестігінің төрағасынан;

      кондоминиум объектісін басқару субъектісінен тиісті өтініштің түсуі негізінде қамтамасыз ету;

      8) Қазақстан Республикасының "Жылжымайтын мүлікке құқықтарды мемлекеттік тіркеу туралы" Заңына сәйкес кондоминиум объектісін мемлекеттік тіркеу үшін құжаттарды ұсыну;

      9) жергілікті бюджет қаражаты болған кезде қалаға бірыңғай сәулеттік келбет беруге бағытталған көппәтерлі тұрғын үйлердің сыртқы қабырғаларын, шатырларын реконструкциялау, ағымдағы немесе күрделі жөндеу жөніндегі іс-шараларды ұйымдастыруды және қаржыландыруды жүзеге асыру;

      10) жергілікті бюджет қаражаты болған кезде пәтерлер, тұрғын емес үй-жайлардың меншік иелерінің қаражатты қайтаруын қамтамасыз ету шартымен көппәтерлі тұрғын үйлердегі лифтілерді жөндеу мен ауыстыруды ұйымдастыруды және қаржыландыруды жүзеге асыру;

      11) жергілікті бюджет қаражаты болған кезде пәтерлер, тұрғын емес үй-жайлар меншік иелерінің қаражатты қайтаруын қамтамасыз ету шартымен көппәтерлі тұрғын үйлерді күрделі жөндеуді ұйымдастыруды және қаржыландыруды жүзеге асыру;

      12) қалаға бірыңғай сәулеттік келбет беруге бағытталған көппәтерлі тұрғын үйлердің сыртқы қабырғаларын, шатырларын реконструкциялау, ағымдағы немесе күрделі жөндеу жөніндегі іс-шараларды ұйымдастыру және жүргізу қағидаларын, сондай-ақ пәтерлер, тұрғын емес үй-жайлар меншік иелерінің көппәтерлі тұрғын үйде лифтілерді жөндеуге және ауыстыруға, күрделі жөндеуге байланысты ақшаны қайтаруын қамтамасыз ету қағидаларын әзірлеу;

      13) Қазақстан Республикасының "Тұрғын үй қатынастары туралы" Заңына сәйкес Қазақстан Республикасының азаматтарына коммуналдық тұрғын үй қорынан тұрғынжайды немесе жергілікті атқарушы орган жеке тұрғын үй қорынан жалға алған тұрғынжайды беруді жүзеге асыру;

      14) Қазақстан Республикасының "Тұрғын үй қатынастары туралы" Заңында айқындалған шарттарда және тәртіппен мемлекеттік тұрғын үй қорынан тұрғынжайларды жекешелендіруді жүзеге асыру;

      15) тұрғын үй-құрылыс кооперативіне қатысу шарттарын тіркеу;

      16) ақпаратты электрондық нысанда қалыптастыру, өңдеу, сондай-ақ орталықтандырылған түрде жинау және сақтау, оның ішінде тұрғын үй қатынастары және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық саласындағы ақпараттандыру объектілерінің жұмыс істеу қағидаларына сәйкес қорытынды мәліметтерді толтыра отырып, тұрғын үй қорына түгендеу жүргізуді қамтамасыз етеді және пайдаланудағы көппәтерлі тұрғын үйлерді есепке алуды жүзеге асыру;

      17) бірыңғай республикалық электрондық базада, "Тұрғын үймен қамтамасыз ету орталығы" электрондық базасында тұрғынжайға мұқтаждар есебінде тұрған Қазақстан Республикасы азаматтарының, қандастардың тізімдеріне қала шегінде мониторингті жүзеге асыру;

      18) тұрғынжайға мұқтаж Қазақстан Республикасының азаматтарына, қандастарға тұрғын үй жағдайларын жақсартуға бағытталған мемлекеттік қолдау шараларын ұсыну үшін ақпараттық, консультациялық, әдістемелік көрсету;

      19) кондоминиум объектісінің ортақ мүлкіне күрделі жөндеу жүргізудің тізбесін, кезеңдерін және кезектілігін айқындау;

      20) кондоминиум объектісінің ортақ мүлкіне күрделі жөндеу бойынша орындалған жұмыстарды қабылдау жөніндегі комиссияларға қатысу;

      21) "Тұрғын үй қатынастары туралы" Қазақстан Республикасы Заңының және Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2015 жылғы 19 ақпандағы № 108 бұйрығымен бекітілген (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 10528 болып тіркелген) Кондоминиум объектісін басқару жөніндегі қағидалар талаптарының бұзылуын жою жөнінде орындалуы міндетті нұсқамалар (ұсынымдар) шығару;

      22) құзыреті шегінде:

      газбен жабдықтау жүйелері объектілерінің күзет аймақтарында жұмыстар жүргізгені (тұрмыстық және коммуналдық-тұрмыстық тұтынушыларды газбен жабдықтау жүйелері объектілері бөлігінде);

      газды пайдалану, газбен жабдықтау жүйелері объектілерін пайдалану қауіпсіздігі жөніндегі талаптарды бұзғаны;

      резервтік отын шаруашылығының (коммуналдық-тұрмыстық тұтынушылар бөлігінде) даярлығын қамтамасыз етуге шаралар қолданбағаны,

      Қазақстан Республикасының Тұрғын үй заңнамасының талаптарын бұзғаны үшін әкімшілік құқық бұзушылық туралы хаттамалар жасау;

      23) пәтерлердің, тұрғын емес үй-жайлардың меншік иелері өтініш берген кезде кондоминиум объектісін басқару жөніндегі есептің болуына тексеру;

      24) тұрғын үй инспекциясының кондоминиум объектісін басқару жөніндегі уақытша басқарушы компанияны айқындау және тағайындау қағидаларына сәйкес уақытша басқарушы компанияны айқындау және тағайындау;

      25) тұрғын үй қорына түгендеу жүргізуді дербес не ұйымдарды тарта отырып қамтамасыз ету;

      26) Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің міндетін атқарушының 2020 жылғы 31 наурыздағы № 172 бұйрығымен бекітілген (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 20245 болып тіркелген) (бұдан әрі - Қағидалар) ақпаратты электрондық нысанда қалыптастыру, өңдеу, сондай-ақ орталықтандырылған түрде жинау және сақтау, оның ішінде тұрғын үй қатынастары және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық саласындағы ақпараттандыру объектілерінің жұмыс істеу қағидаларына сәйкес қорытынды мәліметтерді толтыра отырып, жұмыс істеп тұрған көппәтерлі тұрғын үйлерді есепке алуды жүзеге асыру;

      27) кондоминиум объектісін басқару нысандары және кондоминиум объектісін басқару субъектілері бойынша көппәтерлі тұрғын үйлердің тізілімін жүргізу;

      28) кондоминиум объектісін басқару субъектілерінің және көппәтерлі тұрғын үйлерді басқарушылардың тізілімін жергілікті атқарушы органның интернет-ресурсында орналастыра отырып жүргізу;

      29) Қазақстан Республикасының "Тұрғын үй қатынастары туралы" Заңының 31-бабының 2-тармағында көрсетілген көппәтерлі тұрғын үйдің құжаттарын қабылдау-беру актісі бойынша Тапсырыс берушіден (құрылыс салушыдан) берілген қағаз және (немесе) электрондық тасығыштарда және Қазақстан Республикасының "Тұрғын үй қатынастары туралы" Заңының 51-1-бабының 3-тармағында көрсетілген көппәтерлі тұрғын үйдің құжаттарын қабылдау қабылдау-тапсыру актісі бойынша меншік иелері бірлестігінің төрағасынан берілген қағаз және (немесе) электрондық тасығыштарда қабылдау;

      30) мынадай талаптардың сақталуына бақылау жүргізу:

      пәтерлердің, тұрғын емес үй-жайлардың, тұрақ орындарының, қоймалардың меншік иелері өтініш жасаған кезде белгіленген мерзімде кондоминиум объектісін басқару бойынша ай сайынғы және жылдық есептерді ұсыну;

      пәтерлердің, тұрғын емес үй-жайлардың, тұрақ орындарының, қоймалардың меншік иелері өтініш жасаған кезде белгіленген мерзімде осы Заңның талаптарына сәйкес екінші деңгейдегі банктерде кондоминиум объектісін басқаруға ақшаны (ағымдағы шотты) және кондоминиум объектісінің ортақ мүлкін (жинақ шотын) күрделі жөндеуге ақша жинақтау үшін жинақ шотын аудару үшін ағымдағы шот ашу;

      инженерлік желілер мен жабдықтарды жылыту маусымына дайындау, халықтың аз қозғалатын топтары үшін лифтілер мен көтергіштерді, түтін шығару жүйелерін, өрт дабылын, ішкі өртке қарсы су құбырын тиісінше пайдалану жөніндегі іс-шараларды жүзеге асыру;

      кондоминиум объектісін басқару жөніндегі шарттардың болуы;

      кондоминиум объектілерін тіркеудің болуы;

      жиналыс хаттамасымен бекітілген кондоминиум объектісін басқаруға арналған шығыстардың жылдық сметасының болуы;

      кондоминиум объектісінің ортақ мүлкінің мүкәммалдық тізбесі негізінде кондоминиум объектісін қараудың жыл сайынғы актісін жүргізу туралы растайтын құжаттардың болуы;

      жертөле үй-жайларын, паркингтерді және басқа да ортақ пайдаланылатын орындарды дезинфекциялау, дезинсекциялау және дератизациялау жөніндегі жұмыстарды орындау туралы растайтын құжаттардың болуы;

      кондоминиум объектісінің ортақ мүлкінің бөліктерінде (қасбеттер, кіреберістер, вестибюльдер, холлдар, дәліздер, баспалдақ шерулері мен баспалдақ алаңдары, лифттер, шатырлар, кіру топтарының күнқағарлары (шатырлары), шатырлар, техникалық қабаттар, жертөлелер, үйге ортақ инженерлік жүйелер мен жабдықтар, абоненттік пошта жәшіктері, көппәтерлі тұрғын үйдің астындағы жер учаскесі және (немесе) үй жанындағы жер учаскесі, абаттандыру элементтері және басқа да ортақ пайдаланылатын мүлік) ақаулықтың болуы;

      мүлік иелері, үй кеңесі және тексеру комиссиясы (Ревизоры) бірлестігі төрағасының өкілеттік мерзімдерін сақтау;

      жиналыстар хаттамаларының пәтерлер, тұрғын емес үй-жайлар, көппәтерлі тұрғын үй иелері жиналыстары хаттамаларының үлгі нысандарына сәйкестігі;

      мүгедектігі бар адамдар және халықтың басқа да мобильділігі төмен топтары үшін кедергісіз ортаның болуы;

      кондоминиум объектісін басқару жөніндегі функцияларды жүзеге асыруға біліктілігін растайтын көппәтерлі тұрғын үйді басқаратын кондоминиум объектісін басқару субъектісінде құжаттың болуы бойынша;

      31) пәтерлердің, тұрғын емес үй-жайлардың меншік иелері өтініш жасаған кезде кондоминиум объектісін басқару жөніндегі есептің бар-жоғына тексеру жүргізу;

      32) "Тұрғын үй қатынастары туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 31-бабының 2-тармағында көрсетілген көппәтерлі тұрғын үйдің құжаттарын "Тұрғын үй қатынастары туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 51-1-бабының 3-тармағында көрсетілген қабылдау-беру актісі бойынша тапсырыс берушіден (құрылыс салушыдан) берілген қағаз және (немесе) электрондық тасығыштарда және көппәтерлі тұрғын үйдің құжаттарын қабылдау" қабылдау-беру актісі бойынша меншік иелері бірлестігінің төрағасынан берілген қағаз және (немесе) электрондық жеткізгіштерде құжаттарын қабылдау;

      33) өзіне жүктелген өкілеттіктерге сәйкес:

      1) пәтерлер, тұрғын емес үй-жайлар меншік иелерінің кондоминиум нысанын басқару нысанын таңдау рәсімінің сақтауына, ағымдағы және жинақ шоттарын ашуына;

      2) объектіде және көппәтерлі тұрғын үйдің маңындағы аумақта пәтерлердің, тұрғын емес үй-жайлардың меншік иелерінің ортақ мүлкін қолдану, күтіп ұстау, пайдалану және жөндеу тәртібінің сақталуына;

      3) көппәтерлі тұрғын үйлерде (тұрғын ғимараттарда) үйге ортақ жылу, энергия, газ және су ресурстарын есепке алу аспаптарының болуы;

      4) кондоминиум объектісінің ортақ мүлкінің және оның инженерлік жабдықтарының техникалық жай-күйіне, құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық саласындағы қолданыстағы нормативтік-техникалық және жобалау құжаттарына сәйкес оны күтіп-ұстау және жөндеу бойынша жұмыстарды уақтылы орындалуына;

      5) көппәтерлі тұрғын үйді маусымдық пайдалануға дайындау жөніндегі іс-шараларды жүзеге асыруға;

      6) анықталған бұзушылықтарды жою бойынша қабылданған шешімдер мен нұсқамалардың орындалуына;

      7) жергілікті бюджет қаражаты есебінен кондоминиум объектісінің ортақ мүлкін күрделі жөндеуге жобалау ұйымын анықтауға және жобалау-сметалық құжаттаманы дайындауға конкурс өткізуге;

      8) кондоминиум объектісінің ортақ мүлкіне күрделі жөндеудің жекелеген түрлері бойынша орындалған жұмыстардың сапасына;

      9) қала шекарасы шегінде тұрмыстық және коммуналдық-тұрмыстық тұтынушылардың газбен жабдықтау жүйелерінің тұрмыстық баллондары мен объектілерін қауіпсіз пайдалану талаптарының сақталуына мемлекеттік бақылау функцияларын жүзеге асыру;

      34) электрондық нысанда ақпаратты қалыптастыру, өңдеу, сондай-ақ орталықтандырылған жинау және сақтау, оның ішінде тұрғын үй қатынастары және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық саласындағы ақпараттандыру объектілерінің жұмыс істеуі қағидаларында көрсетілген талаптарға сәйкес ақпарат беру;

      35) әлеуметтік инфрақұрылым объектілерінің қауіпті техникалық құрылғыларын есепке қоюды және есептен шығаруды жүзеге асыру;

      36) әлеуметтік инфрақұрылым объектілерінде қауіпті өндірістік объектілерді салуға, кеңейтуге, реконструкциялауға, жаңғыртуға, консервациялауға және жоюға арналған жобалау құжаттамасын келісу;

      37) қала шекаралары шегінде тұрғын үй қорын басқару, газ және газбен жабдықтау саласындағы әлеуметтік инфрақұрылым объектілерінде мемлекеттік бақылауды, сондай қала шекаралары шегінде өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы әлеуметтік инфрақұрылым объектілерінде қауіпті техникалық құрылғыларды қауіпсіз пайдалану талаптарының сақталуын мемлекеттік қадағалауды жүзеге асыру кезінде:

      жергілікті атқарушы органның интернет-ресурсында:

      мемлекеттік бақылау және мемлекеттік қадағалау объектілері мен субъектілері туралы;

      тексеру кестелері және олардың нәтижелері туралы;

      анықталған кемшіліктер туралы, сондай-ақ әлеуметтік инфрақұрылым объектілерінде Қазақстан Республикасының "Тұрғын үй қатынастары туралы" Заңының талаптарын сақтау туралы жасалған актілер мен шығарылған нұсқамалар туралы;

      кондоминиум объектісін басқару нысандары және қала шегінде кондоминиум объектісін басқару субъектілері бойынша көппәтерлі тұрғын үйлердің тізілімі;

      кондоминиум объектісін басқару субъектілерінің және көппәтерлі тұрғын үйлерді басқарушылардың тізілімі;

      күрделі жөндеу жүргізуді талап ететін көппәтерлі тұрғын үйлердің тізбесі;

      тұрғын үй қатынастары және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық саласындағы электрондық ақпараттық ресурстарды орталықтандырылған жинау және сақтаудың ақпараттық жүйесінде:

      тұрғын үй қорына түгендеу жүргізу;

      қорытынды мәліметтерді толтыра отырып, жұмыс істеп тұрған көппәтерлі тұрғын үйлерді есепке алу;

      38) кондоминиум объектісінің ортақ мүлкін, көппәтерлі тұрғын үйдің үй жанындағы жер учаскесін күтіп-ұстау сапасын бақылау және коммуналдық қызметтерді ұсыну бойынша нормативтік және әдістемелік құжаттарды дайындауға қатысады, сондай-ақ бақыланатын объектілердің иелеріне, көппәтерлі тұрғын үйлерді, әлеуметтік инфрақұрылым объектілерін басқаруды және күтіп-ұстауды жүзеге асыратын кәсіпорындарға, ұйымдарға немесе азаматтарға, оның ішінде жеке және заңды тұлғаларға Қазақстан Республикасының Әкімшілік рәсімдік-процесстік кодексіне сәйкес келіп түскен өтініштер бойынша консультациялық көмек көрсету;

      39) Өскемен қаласы әкімдігі жанындағы тұрғын үй комиссиясының қызметін ұйымдастыру;

      40) Бөлім жанындағы тұрғын үй комиссиясының қызметін ұйымдастыру;

      41) мемлекеттік тұрғын үй қорынан қызметтік тұрғын үй бөлуді қамтамасыз ету;

      42) мемлекеттiк тұрғын үй қорынан тұрғын үйдi немесе жеке тұрғын үй қорынан жергiлiктi атқарушы орган жалдаған тұрғын үйдi жалдау шарттарын, жекешелендiрудi, қажет болған жағдайда қаулылардың телнұсқаларын жасау және беру, қажет болған жағдайда жалға алушыны және оның отбасы мүшелерiн мемлекеттiк тұрғын үй қорынан тұрғын үйдi немесе Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген жеке тұрғын үй қорынан жергiлiктi атқарушы орган жалдаған тұрғын үйдi пайдалану құқығынан айырылды деп тану шараларын қабылдау;

      43) жеке тұрғын үй қорынан жергілікті атқарушы орган жалдаған тұрғын үйді пайдаланғаны үшін төлемақының берешегін өндіріп алу;

      44) Қазақстан Республикасының жылжымайтын тұрғын үй мүлкін анықтау, иесіз, иесіз деп тану және оны кейіннен қаланың коммуналдық меншігіне беру жөніндегі заңнамасына сәйкес жұмысты ұйымдастыру;

      45) бір жыл өткеннен кейін қаланың коммуналдық меншігіне беру үшін иесіз жылжымайтын тұрғын үй мүлкін есепке қою;

      46) Бөлімнің құзыреті шегінде мемлекеттік қызметтер көрсету;

      47) қаланың коммуналдық меншігіне түскен тұрғын үйдің есебі мен тізілімін жүргізу;

      48) заңсыз тұратын азаматтарды коммуналдық тұрғын үй қорынан шығару жөніндегі іс-шараларды жүргізу;

      49) жалға алушының және оның отбасы мүшелерінің мемлекеттік тұрғын үй қорынан тұрғын үйді немесе жеке тұрғын үй қорындағы жергілікті атқарушы орган жалдаған тұрғын үйді Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен пайдалану құқығынан сот тәртібімен айырылды деп тану жөнінде шаралар қабылдау;

      50) мүліктік жалдау (жалдау) шарты бойынша міндеттемелердің орындалуына мониторингті жүзеге асыру,

      51) Қазақстан Республикасының "Мемлекеттік сатып алу туралы" Заңына сәйкес мемлекеттік мекеменің қарауындағы тұрғын үй қорын бағалау үшін, сондай-ақ осы тұрғын үйлерде есік құлпын ашу мен орнату және қаладағы коммуналдық тұрғын үй қорын жөндеу бойынша мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыруды қамтамасыз ету;

      52) 52) тұрғын үй мәселелері бойынша, тұрғын үйді басқару және күтіп ұстау органдарының мәселелері бойынша, қаланың жергілікті атқарушы органының құзыреті шегінде аула және орамішілік аумақтарды абаттандыру бойынша; жеке және заңды тұлғаларды қабылдауды жүргізу;

      53 тұрғын үйді тексеру жөніндегі көшпелі комиссияларға қатысу;

      54) қызметтік куәлікті көрсеткен кезде тексеру жүргізу кезінде тексеріс объектісіне бару;

      55) мемлекеттік тұрғын үй қорының авариялық үйлерін ұстау, оның ішінде қысқы кезеңде;

      56) авариялық үйлерді жылыту маусымына дайындау жөніндегі санитариялық-техникалық жұмыстар;

      57) жергілікті мемлекеттік басқару мүддесінде Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасында көзделген өзге де функцияларды жүзеге асыру.

3-тарау. Мемлекеттік органның бірінші басшысының мәртебесі, өкілеттіктері

      15. Бөлімді басқаруды бірінші басшы жүзеге асырады, ол жүктелген міндеттердің орындалуына және оның өз өкілеттіктерін жүзеге асыруына дербес жауапты болады.

      16. Бөлімнің бірінші басшысы Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес лауазымға тағайындалады және лауазымнан босатылады.

      17. Бөлімнің бірінші басшысының Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес лауазымға тағайындалатын және лауазымнан босатылатын орынбасары болады.

      18. Бөлімнің бірінші басшысының өкілеттіктері:

      1) Қазақстан Республикасының заңнамасымен және осы Ережемен анықталған өз құзіретіне сәйкес Бөлім қызметінің мәселелерін шешеді;

      2) Бөлім құрылымын дербес айқындайды;

      3) Бөлімнің құзыретіне кіретін мәселелер бойынша белгіленген тәртіпте кеңестер шақырады;

      4) Бөлім қызметкерлерінің өкілеттігін анықтайды;

      5) барлық ұйымдарда Бөлімнің мүдделерін ұсынады;

      6) сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл бойынша қажетті шаралар қабылдайды және ол үшін дербес жауапкершілікте болады;

      7) заңнамамен қарастырылған басқа да өкілеттіктерді жүзеге асырады.

      Бөлімнің бірінші басшысы болмаған кезеңде оның өкілеттіктерін орындауды қолданыстағы заңнамаға сәйкес оны алмастыратын тұлға жүзеге асырады.

      19. Бөлімнің бірінші басшысы өз орынбасарының өкілеттіктерін шеңберінде қолданыстағы заңнамаға сәйкес айқындайды.

4-тарау. Мемлекеттік органның мүлкі

      20. Бөлімнің заңнамада көзделген жағдайларда жедел басқару құқығында оқшауланған мүлкі болуы мүмкін.

      Бөлімнің мүлкі оған меншік иесі берген мүлік, сондай-ақ өз қызметі нәтижесінде сатып алынған мүлік (ақшалай кірістерді қоса алғанда) және Қазақстан Республикасының заңнамасында тыйым салынбаған өзге де көздер есебінен қалыптастырылады.

      21. Бөлімге бекітілген мүлік коммуналдық меншікке жатады.

      22. Егер заңнамада өзгеше көзделмесе, Бөлім өзіне бекітілген мүлікті және қаржыландыру жоспары бойынша өзіне берілген қаражат есебінен сатып алынған мүлікті өз бетімен иеліктен шығаруға немесе оған өзгедей тәсілмен билік етуге құқығы жоқ.

5-тарау. Мемлекеттік органды қайта ұйымдастыру және тарату

      23. Бөлімді қайта ұйымдастыру және тарату Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.

      Бөлімнің қарамағында Өскемен қаласы әкімдігінің "Аумақтық басқару орталығы" коммуналдық мемлекеттік мекемесі бар.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады