Өскемен қаласы әкімдігінің 2024 жылғы 4 мамырдағы № 1638 "Өскемен қаласының тұрғын үй қорын реновациялаудың 2024-2029 жылдарға арналған бағдарламасын бекіту туралы" қаулысына өзгерістер енгізу туралы

Жаңа

Шығыс Қазақстан облысы Өскемен қаласы әкімдігінің 2026 жылғы 1 шілдедегі № 2068 қаулысы

      Өскемен қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      Өскемен қаласы әкімдігінің 2024 жылғы 4 мамырдағы № 1638 "Өскемен қаласының тұрғын үй қорын реновациялаудың 2024-2029 жылдарға арналған бағдарламасын бекіту туралы" қаулысына мынадай өзгерістер енгізілсін:

      көрсетілген қаулымен бекітілген Өскемен қаласының тұрғын үй қорын реновациялаудың 2024-2029 жылдарға арналған бағдарламасында:

      3-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "3. Реновация қаланың "ескі" кварталдарын Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген тәртіппен апаттық тұрғынжайды бұзу және одан азаматтарды көшіру жолымен кешенді реконструкциялауды көздейді.";

      9-тармақтың үшінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:

      "Бұл санаттың негізі нормативтік қызмет мерзімі төмен көппәтерлі тұрғын үйлер болып табылады. Мұндай үйлердің көп бөлігі тұрғынжайларды жекешелендіру кезеңінде күрделі жөндеу жүргізбестен немесе оны орындау шығындарын өтемей жеке меншікке берілді. Бұл тұрғынжайлар үй иелерінің қажетті қаражатының болмауына байланысты, үйлерді күрделі жөндеу іс жүзінде жүргізілмеді, кейіннен бұл олардың одан әрі тозуына әкелді.";

      10-тармақтың екінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:

      "Тұрғын үй қорын сапалы жаңартуды көздейтін реновация бағдарламасын іске асыру азаматтарды тұрғынжаймен қамтамасыз ету көрсеткішін жақсартуға мүмкіндік береді және тұрғын үй аумақтарын тұрақты дамытуға, экономикалық, әлеуметтік, өзге де қоғамдық мүдделерді ескере отырып, қолайлы тіршілік ортасын, қоғамдық кеңістіктерді құруға және аумақты абаттандыруға ықпал етеді, Өскемен қаласының жаңа, заманауи келбетін қалыптастыруға мүмкіндік береді.";

      14-тармақтың 3) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

      "3) меншік иелерінің тұрғынжайды реновациялау бойынша ұсынылатын іс-шараларға қатынасын көрсететін меншік иелерінің жалпы жиналысының хаттамасы.";

      21-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "21. Меншік иелеріне тұрғынжай беру Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жылжымайтын мүлікке құқық белгілейтін құжаттар негізінде жүзеге асырылатын болады.";

      23-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "23. Тұрғынжайдың жалпы ауданының 1 шаршы метрін сату құны салынып жатқан тұрғын үйдің жайлылық деңгейімен және іске асыру кезіндегі жылжымайтын мүлік нарығының қалыптасқан конъюнктурасымен айқындалатын болады, бірақ құрылыс құнынан төмен емес.";

      24-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "24. Егер тұрғын мемлекеттен пәтер жалдаушы болып табылса, жалдау шарты негізінде жаңа тұрғынжай беріледі.".

      2. "Өскемен қаласының тұрғын үй қатынастары бөлімі" мемлекеттік мекемесі осы қаулыны ресми жарияланғаннан кейін Өскемен қаласы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.

      3. Осы қаулының орындалуын бақылау жетекшілік ететін Өскемен қаласы әкімінің орынбасарына жүктелсін.

      4. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Өскемен қаласының әкімі А. Акышов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады