"Өскемен қаласының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі" мемлекеттік мекемесі туралы Ережені бекіту туралы" Өскемен қаласының 2023 жылғы 30 мамырдағы № 1632 қаулысына өзгерістер және толықтырулар енгізу туралы

Жаңа

Шығыс Қазақстан облысы Өскемен қаласы әкімдігінің 2026 жылғы 18 маусымдағы № 1915 қаулысы

      Өскемен қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. "Өскемен қаласының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі" мемлекеттік мекемесі туралы Ережені бекіту туралы" Өскемен қаласының 2023 жылғы 30 мамырдағы № 1632 қаулысына мынадай өзгерістер және толықтырулар енгізілсін:

      12-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "12. Бөлімге кәсіпкерлік субъектілерімен Бөлімнің өкілеттіктері болып табылатын міндеттерді орындау тұрғысынан шарттық қарым-қатынас жасауға тыйым салынады.

      Егер Бөлімге заңдармен кірістер әкелетін қызметті жүзеге асыру құқығы берілсе, онда алынған кірістер, егер Қазақстан Республикасының заңнамасында өзгеше белгіленбесе, мемлекеттік бюджетке жіберіледі.";

      15-тармақта:

      мынадай мазмұндағы 42) тармақша он бесінші, он алтыншы абзацтармен толықтырылсын:

      "қалалар мен елдi мекендердiң аумақтарын абаттандыру қағидаларын бұзу, сондай-ақ қалалар мен елді мекендер инфрақұрылымы объектілерін бұзу, жасыл екпелерін жою және бүлдіру;

      ортақ пайдаланылатын орындарды ластау;";

      47-1), 47-2), 47-3) тармақшалары мынадай редакцияда жазылсын:

      "47-1) мүгедектігі бар адамдарға қызмет көрсетуге бағдарланған мекемелер орналасқан жерлерде, сондай-ақ адамдар көп жүретін жерлерде ілеспе дыбыс және жарық сигналдары бар арнаулы бағдаршамдарды, жол белгілерін және нұсқағыштарды, дыбыс және жарық құрылғыларымен жабдықталған жаяу жүргіншілер өткелдерін орнатуды қамтамасыз ету;

      47-2) электрқуаттау станцияларын орналастыру туралы шешім қабылдау;

      47-3) балалардың ойын алаңдарына арналған жабдықтың қауіпсіз пайдаланылуына мемлекеттік бақылауды жүзеге асыру;";

      мынадай мазмұндағы 47-5), 47-6), 47-7), 47-8), 47-9), 47-10) тармақшалармен толықтырылсын:

      "47-5) жануарларға арналған панажайлардың қызметін ақпараттық қамтамасыз етуді және жануарларды жаңа иелеріне беруге, адасып қалған жануарлардың иелерін іздеуге бағытталған әлеуметтік жарнаманы ұйымдастыру;

      47-6) қаңғыбас жануарлардың санын реттеуді ұйымдастыру;

      47-7) жануарларды аулау, уақытша ұстау жəне жансыздандыру қағидаларына сəйкес шұғыл ден қою шараларын ұйымдастыру;

      47-8) қаланың мемлекеттік кәсіпорындардың даму жоспарларын және олардың орындалуы жөніндегі есепті қарау, келісу және бекіту;

      47-9) қаланың мемлекеттік кәсіпорындары мен мемлекет бақылайтын жауапкершілігі шектеулі серіктестіктердің даму жоспарларының орындалуын бақылауды және талдауды жүзеге асыру;

      47-10) қаланың ведомстволық бағынысты мемлекеттік кәсіпорындарының қала бюджетіне таза кірістің белгіленген бөлігін толық және уақтылы аударуына бақылауды жүзеге асыру;".

      2. "Өскемен қаласының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі" мемлекеттік мекемесі осы қаулыны ресми жарияланғаннан кейін Өскемен қаласы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін, сондай-ақ осы қаулыдан туындайтын Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес шараларды қабылдауды қамтамасыз етсін.

      3. Осы қаулының орындалуын бақылау жетекшілік ететін Өскемен қаласы әкімінің орынбасарына жүктелсін.

      4. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Өскемен қаласының әкімі А. Акышов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады