"Шығыс Қазақстан облысының облыстық маңызы бар жалпы қолданыстағы автомобиль жолдарының тізбесін бекіту туралы" Шығыс Қазақстан облысы әкімдігінің 2010 жылғы 21 қазандағы № 590 қаулысына өзгеріс енгізу туралы

Жаңа

Шығыс Қазақстан облысы әкімдігінің 2026 жылғы 9 сәуірдегі № 93 қаулысы

      "Құқықтық актілер туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 65-бабы 3-тармағына сәйкес Шығыс Қазақстан облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. "Шығыс Қазақстан облысының облыстық маңызы бар жалпы қолданыстағы автомобиль жолдарының тізбесін бекіту туралы" Шығыс Қазақстан облысы әкімдігінің 2010 жылғы 21 қазандағы № 590 қаулысына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 2538 болып тіркелген) мынадай өзгеріс енгізілсін:

      көрсетілген қаулының қосымшасы осы қаулыға қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.

      2. "Шығыс Қазақстан облысының жолаушы көлігі және автомобиль жолдары басқармасы" мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

      1) осы қаулыға қол қойылған күннен бастап бес жұмыс күні ішінде оның қазақ және орыс тілдеріндегі электрондық түрдегі көшірмелерін Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде жариялау үшін "Қазақстан Республикасының заңнама және құқықтық ақпарат институты" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жіберуді;

      2) осы қаулыны ресми жариялағаннан кейін Шығыс Қазақстан облысы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастыруды;

      3) осы қаулыдан туындайтын өзге де шараларды қабылдауды қамтамасыз етсін.

      3. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      4. Осы қаулының орындалуын бақылау облыс әкімінің көлік және автомобиль жолдары мәселелеріне жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.

      Шығыс Қазақстан облысының әкімі Н. Сақтағанов

  Шығыс Қазақстан облысы әкімдігінің
2026 жылғы "9 " сәуірдегі
№ 93 қаулысына
қосымша

  Шығыс Қазақстан облысы әкімдігінің
2010 жылғы 21 қазандағы
№ 590 қаулысымен
бекітілді

Шығыс Қазақстан облысының облыстық маңызы бар жалпы қолданыстағы автомобиль жолдарының ТІЗБЕСІ

    № р/с

Автомобиль жолының индексі

Автомобиль жолының атауы

Ұзындығы, км

1

КF-16

Өскемен-Таулы Үлбі-Северное 16-60 км

44

2

KF-9

Өскемен-Тарғын-Самар 0-145 км

145

3

KF-1

Дмитриевка-Бородулиха-Шемонаиха 72-87 км

15

4

KF-20

Алтайка-Чапаево 0-36,1 км

36,1

5

KF-21

Октябрь өткелі-Алтайка-Ново-Хайрузовка 0-79,5 км

79,5

6

KF-24

Үлкен Нарын-Күршім 0-135 км

135

7

KF-25

Күршім-Қалжыр 0-129,3 км

129,3

8

KF-26

Марқакөл-Урунхайка-Төсқайың 0-87,9 км

87,9

9

KF-62

"KF-25 Күршім-Қалжыр"-Ақбұлақ-Қараой- "KAZ 16-03 P-26 Омбы-Майқапшағай-Қалжыр-Марқакөл" 0-98,3 км

98,3

10

KF-14

Көкпекті-Самар-Васильевка өткелі 40-169 км

129

11

KF-423

Бұқтырма су қоймасы арқылы өтетін көпір өткеліне кіре беріс жол 0-28 км

28

12

KF-30

Ақсуат-Бәкей-Қарасу-Ақжар-"М-38 Омск-Майқапшағай" 30-121 км

91

13

KF-29

Қарасу-"М-38 Омск-Майқапшағай" 0-11 км

11

14

KF-2

Шемонаиха-Секисовка 0-56,1 км

56,1

15

KF-158

"М-38 Омск-Майқапшағай"-Шілікті-Ақжар 0-130,2 км

130,2

16

KF-237

Ново-Троицкое ауылына кіре беріс жол 0-21,5 км

21,5

17

KF-49

Өскемен-Бобровка 0-13,1 км

13,1

18

KF-129

Бобровка-Шаңғы базасы 0-8,4 км

8,4

19

KF-50

Өскемен-Тарханка 0-15 км

15

20

KF-357

Веселое ауылына кіре беріс жол 0-3 км

3

21

KF-138

Тарханка-Топиха 0-11,6 км

11,6

22

KF-54

Средигорное-Новополяковка-Малонарымка 0-55,9 км

55,9

23

KF-435

Қайыңды ауылына кіре беріс жол 0-4,2 км

4,2

24

KF-11

Мамай батыр-Бозанбай 0-33,4 км

33,4

25

KF-12

"KF-11 Мамай батыр–Бозанбай"-Алғабас-Тарғын 0-35,5 км

35,5

26

KF-39

Шемонаиха-Большая речка 0-35,4 км

35,4

27

KF-40

Шемонаиха-Усть-Таловка кенті 0-9 км

9

28

KF-418

Құйған ауылына кіре беріс жол 0-2,6 км

2,6

29

KF-419

Қаратоғай ауылына кіре беріс жол 0-1,8 км

1,8

30

KF-60

"Күршім-Қалжыр"-Бурабай-Маралды 0-75 км

75

31

KF-61

"Күршім-Қалжыр"-Ақсуат 0-47,6 км

47,6

32

KF-163

"Күршім-Қалжыр"-Маралды"-Теректібұлақ 0-10,1 км

10,1

Жалпы ұзындығы

1598,5 км


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады