"Шығыс Қазақстан облысы ауыл шаруашылығы басқармасы" мемлекеттік мекемесінің кейбір мәселелері туралы" Шығыс Қазақстан облысы әкімдігінің 2022 жылғы 18 ақпандағы № 40 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

Жаңа

Шығыс Қазақстан облысы әкімдігінің 2026 жылғы 11 наурыздағы № 67 қаулысы

      Шығыс Қазақстан облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. "Шығыс Қазақстан облысы ауыл шаруашылығы басқармасы" мемлекеттік мекемесінің кейбір мәселелері туралы" Шығыс Қазақстан облысы әкімдігінің 2022 жылғы 18 ақпандағы № 40 қаулысына мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:

      көрсетілген қаулымен бекітілген "Шығыс Қазақстан облысы ауыл шаруашылығы басқармасы" мемлекеттік мекемесі туралы ережеде:

      14-тармақ мынадай мазмұндағы 6-1), 6-2), 8-1), 8-2) және 8-3) тармақшалармен толықтырылсын:

      "6-1) агроөнеркәсіптік кешеннің дамуына, азық-түлік тауарларына мониторинг жүргізу;

      6-2) Шығыс Қазақстан облысында агроөнеркәсіптік кешенді ақпараттық-маркетингтік қамтамасыз етуді ұйымдастыру;";

      "8-1) Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес Шығыс Қазақстан облысында өсімдіктерді қорғау мен олардың карантині жөніндегі мемлекеттік іс-шараларды ұйымдастыру;

      8-2) нормативтік құқықтық базаны, баға, техникалық, кедендік, салықтық, кредиттік, сақтандыру қызметін жетілдіру, сондай-ақ агроөнеркәсіптік кешен саласындағы техникалық реттеу және мемлекеттің саясаты мәселелері бойынша ұсыныстар енгізу;

      8-3) агроөнеркәсіптік кешен өнімдерін тауарлық ілгерілету жүйесін ұйымдастыру;";

      19) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

      "19) қазақстандық ауыл шаруашылығы тауарларын өндiрушiлерге өткiзiлген бiрiншi, екiншi және үшiншi репродукциялы тұқымдардың құнын арзандатуды қамтамасыз ету;";

      20) тармақша алынып тасталсын;

      22) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

      "22) құзыреті шегінде агроөнеркәсіптік кешен субъектілерінің қарыздарын кепілдендіру кезіндегі комиссияның бір бөлігінің және қарыздарын сақтандыру кезіндегі сақтандыру сыйақыларының бір бөлігінің орнын толтыру;";

      92) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

      "92) ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілерге су беру бойынша көрсетілетін қызметтердің құнын субсидиялау;";

      мынадай мазмұндағы 92-1) тармақшамен толықтырылсын:

      "92-1) агроөнеркәсіптік кешен субъектісінің су үнемдейтін суару технологияларын ендіруге жұмсаған шығыстарының бір бөлігін өтеу;";

      100) тармақша алынып тасталсын;

      мынадай мазмұндағы 101-1), 101-2) және 101-3) тармақшалармен толықтырылсын:

      "101-1) құзыреті шегінде цифрлық құралдарды және цифрландыруды енгізу;

      101-2) құзыреті шегінде ақпараттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету;

      101-3) құзыреті шегінде инвестицияларды тарту;".

      2. Шығыс Қазақстан облысының ауыл шаруашылығы басқармасы:

      1) осы қаулыға қол қойылған күннен бастап бес жұмыс күн ішінде оның қазақ және орыс тілдеріндегі электрондық түрдегі көшірмелерін Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде жариялау үшін "Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жіберуді;

      2) осы қаулыдан туындайтын өзге де шараларды қабылдауды қамтамасыз етсін.

      3. Осы қаулының орындалуын бақылау Шығыс Қазақстан облысы әкімінің агроөнеркәсіп кешені мәселелері жөніндегі орынбасарына жүктелсін.

      4. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Шығыс Қазақстан облысының әкімі Н. Сақтағанов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады