"Шығыс Қазақстан облысы табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасы" мемлекеттік мекемесі туралы ережені бекіту туралы" Шығыс Қазақстан облысы әкімдігінің 2022 жылғы 25 сәуірдегі № 95 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

Жаңа

Шығыс Қазақстан облысы әкімдігінің 2026 жылғы 28 қаңтардағы № 11 қаулысы

      Қазақстан Республикасы Әкімшілік рәсімдік-процестік кодексінің 40-бабы 2-тармағына, "Құқықтық актілер туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 65-бабының 3-тармағына, "Шығыс Қазақстан облысы Өскемен және Риддер қалаларының кейбір құрамдас бөліктеріне атау беру туралы" бірлескен Шығыс Қазақстан облысы әкімдігінің 2025 жылғы 4 желтоқсандағы № 301 қаулысы және Шығыс Қазақстан облыстық мәслихатының 2025 жылғы 9 желтоқсандағы № 26/214-VIII шешіміне сәйкес Шығыс Қазақстан облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. "Шығыс Қазақстан облысы табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасы" мемлекеттік мекемесі туралы ережені бекіту туралы" Шығыс Қазақстан облысы әкімдігінің 2022 жылғы 25 сәуірдегі №95 қаулысына мынадай өзгерістер енгізілсін:

      көрсетілген қаулымен бекітілген "Шығыс Қазақстан облысы табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасы" мемлекеттік мекемесі туралы ережеде:

      8 - тармақ жаңа редакцияда жазылсын:

      "8. Басқарманың орналасқан жері: 070004, Қазақстан Республикасы, Шығыс Қазақстан облысы, Өскемен қаласы, Борис Керімбаев көшесі, 19";

      14-тармақ мынадай мазмұндағы 98), 99), 100) тармақшалармен толықтырылсын:

      "98) орган жұмысының тиімділігін арттыру үшін цифрлық технологияларды қолдануды қамтамасыз етеді;

      99) ақпараттық қауіпсіздік шараларын сақтайды және ақпараттық қауіпсіздік бойынша техникалық құжаттаманың талаптарын орындайды;

      100) аймақтың әлеуметтік-экономикалық дамуы үшін қолайлы инвестициялық климатты қалыптастыруға және инвестиция тартуға ықпал етеді.".

      2. Шығыс Қазақстан облысы табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасы:

      1) осы қаулыға қол қойылған күннен бастап бес жұмыс күні ішінде оның электрондық түрдегі қазақ және орыс тілдеріндегі көшірмесінің Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін эталондық бақылау банкінде жариялау үшін "Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жіберілуін;

      2) осы қаулыдан туындайтын өзге де шаралардың қабылдануын қамтамасыз етсін.

      3. Осы қаулының орындалуын бақылау Шығыс Қазақстан облысы әкімінің табиғи ресурстар және қоршаған ортаны қорғау мәселелеріне жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.

      Шығыс Қазақстан облысының әкімі Н. Сақтағанов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады