Шығыс Қазақстан облысы Ұлан ауданының әкімшілік-аумақтық құрылысына өзгерістер енгізу туралы

Жаңа

Шығыс Қазақстан облысы әкімдігінің 2026 жылғы 29 сәуірдегі № 116 бірлескен қаулысы және Шығыс Қазақстан облыстық мәслихатының 2026 жылғы 29 сәуірдегі № 28/237-VIII шешімі

      "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 6-бабы 1-тармағының 4) тармақшасына, 27-бабының 2-тармағына, "Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 11-бабы 2) тармақшасына сәйкес, "Шығыс Қазақстан облысы Ұлан ауданының әкімшілік-аумақтық құрылысына өзгерістер енгізу туралы" бірлескен Ұлан ауданы әкімдігінің 2025 жылғы 26 қарашадағы № 532 қаулысы мен Ұлан ауданы мәслихатының 2025 жылғы 26 қарашадағы № 263 шешімінің негізінде Шығыс Қазақстан облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТТІ және Шығыс Қазақстан облыстық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      1. Шығыс Қазақстан облысы Ұлан ауданының әкімшілік-аумақтық құрылысына мынадай өзгерістер енгізілсін:

      Тарғын ауылдық округінің Жантас ауылы Огневка кентінің және Тарғын ауылдық округінің шекаралары өзгертіле отырып, Огневка кентінің әкімшілік-аумақтық бағыныстылығына берілсін.

      2. Осы бірлескен қаулы мен шешім олардың алғашқы ресми жарияланған күнінен кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi.

      Облыс әкімі Н. Сақтағанов
      Облыстық мәслихаттың төрағасы Д. Рыпаков

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады