Жетісай аудандық мәслихатының 2022 жылғы 30 қарашадағы № 26-168-VII "Жетісай ауданы бойынша халық үшін қатты тұрмыстық қатты қалдықтарды жинауға, тасымалдауға, сұрыптауға және көмуге арналған тарифтерді бекіту туралы" шешiмiне өзгеріс енгізу туралы

Жаңа

Түркістан облысы Жетісай аудандық мәслихатының 2026 жылғы 25 қыркүйектегі № 42-263-VIII шешімі

      Жетісай аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      1. "Жетісай ауданы бойынша халық үшін қатты тұрмыстық қатты қалдықтарды жинауға, тасымалдауға, сұрыптауға және көмуге арналған тарифтерді бекіту туралы" 2022 жылғы 30 қарашадағы № 26-168-VII (Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2022 жылғы 1 желтоқсанда № 30894 болып тiркелген) шешiмiне мынадай өзгерістер еңгізілсін:

      көрсетілген шешімнің қосымшасы осы шешімнің қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда баяндалсын.

      2. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Аудандық мәслихат төрағасы М.Касимов

  Жетісай аудандық мәслихатының
  2026 жылғы 25 қыркүйектегі
  № 42-263-VIII шешіміне қосымша
  Жетісай аудандық мәслихатының
  2022 жылғы 30 қарашадағы
  № 26-168-VII шешіміне қосымша

Жетісай ауданы бойынша халық үшін қатты тұрмыстық қатты қалдықтарды жинауға, тасымалдауға, сұрыптауға және көмуге арналған тарифтер

Атауы

Есептік бірлік

Қызметтердің құны (қосылған құн салығын қоса алғанда)
теңге

Жайлы үйлер 

1 тұрғын айына

324,01

Жайлы емес үйлер 

1 тұрғын айына

357,32

Бір бірлігіне (көлеміне) жылдық тариф

1 м3

3633,77


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады