Шардара ауданы әкімдігінің 2024 жылғы 14 қазандағы № 256 "Мемлекеттік мекемелердің ережелерін бекіту туралы" қаулысына өзгерістер енгізу туралы

Жаңа

Түркістан облысы Шардара ауданы әкiмдiгiнiң 2026 жылғы 20 қаңтардағы № 37 қаулысы

      Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 37-бабына сәйкес Шардара ауданы әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Шардара ауданы әкімдігінің 2024 жылғы 14 қазандағы №256 "Мемлекеттік мекемелердің ережелерін бекіту туралы" қаулысына келесі өзгерістер енгізілсін:

      көрсетілген қаулының кіріспесі жаңа редакцияда жазылсын:

      "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 31-бабына, "Мемлекеттік органдар мен олардың құрылымдық бөлімшелерінің қызметін ұйымдастырудың кейбір мәселелері туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021 жылғы 1 қыркүйектегі №590 қаулысына және "Аудандық маңызы бар қала, ауыл, кент, ауылдық округ әкімінің аппараты туралы үлгі ережені бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2017 жылғы 7 тамыздағы № 294 бұйрығына сәйкес, Шардара ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:";

      көрсетілген қаулының 15, 17, 18-қосымшаларының орыс тіліндегі нұсқалары осы қаулының қосымшаларына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.

      2. Осы қаулының орындалуын бақылау Шардара ауданы әкімі аппаратының басшысына жүктелсін.

      3. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Аудан әкімі А.Карсыбаев

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады