"Білім туралы" Қазақстан Республикасының Заңының 6-бабы 2-тармағының 8) тармақшасына сәйкес, Түркістан облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. 2026-2027 оқу жылына жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарында кадрлар даярлауға арналған мемлекеттік білім беру тапсырысы осы қаулының қосымшасына сәйкес бекітілсін.
2. "Түркістан облысының білім басқармасы" мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіпте:
1) осы қаулыға қол қойылған күннен бастап бес жұмыс күні ішінде оның қазақ және орыс тілдеріндегі электрондық түрдегі көшірмесін Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің "Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнының Жамбыл облысы бойынша филиалына ресми жариялау және Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне енгізу үшін жіберілуін;
2) осы қаулының ресми жарияланғанынан кейін оның Түркістан облысы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастыруын қамтамасыз етсін.
3. Осы қаулының орындалуын бақылау облыс әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.
4. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
| Облыс әкімі | Н. Көшеров |
З.С.Жолдасов Е.Ә.Дауылбаев К.Е.Жаппар
Ф.М.Байдуллаев Қ.Ә.Қайыпбек Г.Н.Ажиметова
Е.К.Алтаев Н.Ә.Тұрашбеков
| Түркістан облысы әкімдігінің | |
| 2026 жылғы "24" тамыздағы | |
| № 157 қаулысына қосымша |
2026-2027 оқу жылына жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарында кадрлар даярлауға арналған мемлекеттік білім беру тапсырысы
№ | Білім беру саласының коды және атауы |
Білім беру бағдарламалары | 2026-2027 оқу жылына арналған мемлекеттік білім беру тапсырысының көлемі |
2025-2026 оқу жылына | Келесі үш оқу жылына 1 студентті оқытуға жұмсалатын орташа шығыстар (мың.теңге) |
1 | 6B06 Ақпараттық-коммуникациялық технологиялар (6B061) | Жасанды интеллект | 100 | 2 742,0 | 2 513,5 |
2 | Деректерді ғылымы | 100 | 2 742,0 | 2 513,5 |
