"Дене шынықтыру және спорт ұйымдарының басшылары, мамандары лауазымдарының үлгілік біліктілік сипаттамаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрінің 2016 жылғы 29 маусымдағы № 191 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Туризм және спорт министрінің 2026 жылғы 14 шiлдедегi № 125 бұйрығы

      БҰЙЫРАМЫН:

      1. "Дене шынықтыру және спорт ұйымдарының басшылары, мамандары лауазымдарының үлгілік біліктілік сипаттамаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрінің 2016 жылғы 29 маусымдағы № 191 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде көрсетілген бұйрықпен бекітілген № 14052 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген Дене шынықтыру және спорт ұйымдарының басшылары, мамандары лауазымдарының үлгілік біліктілік сипаттамаларында:

      10-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "10. Біліктілікке қойылатын талаптар:

      кадрларды даярлау бағыттарының бірі бойынша жоғары (немесе жоғары оқу орнынан кейінгі) білім: "Дене шынықтыру және спорт" мамандығы бойынша педагогикалық ғылымдар, "Бизнес, басқару және құқық";

      еңбек өтілі:

      1) республикалық заңды тұлғалар үшін – дене шынықтыру және спорт саласында немесе басшылық лауазымдарда кемінде төрт жыл, не Президенттік жастар кадр резервіне қабылданған адамдар үшін кемінде бес жыл, не дене шынықтыру және спорт саласында шетелде кадрлар даярлау жөніндегі республикалық комиссияның жұмыс органымен (бұдан әрі – Жұмыс органы) бекітілген шетелдік жоғары оқу орындарындағы басым мамандықтар бойынша немесе Қазақстан Республикасы Президенті жанындағы білім беру ұйымдарында жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру бағдарламалары бойынша оқуды аяқтаған адамдар үшін басшылық лауазымдарда және "Дене шынықтыру және спорт", "Бухгалтерлік есеп, талдау және аудит", "Бухгалтерлік есеп және салық салу", "Қаржы, кредит және бухгалтерлік есеп" мамандықтары бойынша педагогикалық ғылымдар кадрларын даярлау бағыттарының бірі бойынша ғылыми дәрежесі бар адамдар үшін кемінде үш жыл;

      2) облыстың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың облыстық коммуналдық кәсіпорындары үшін – дене шынықтыру және спорт саласында немесе басшы лауазымдарда кемінде үш жыл, не Президенттік жастар кадр резервіне қабылданған адамдар үшін кемінде бес жыл, не дене шынықтыру және спорт саласында немесе Жұмыс органымен бекітілген шетелдік жоғары оқу орындарындағы басым мамандықтар бойынша немесе Қазақстан Республикасы Президенті жанындағы білім беру ұйымдарында жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру бағдарламалары бойынша оқуды аяқтаған адамдар үшін басшылық лауазымдарда және "Дене шынықтыру және спорт", "Бухгалтерлік есеп, талдау және аудит", "Бухгалтерлік есеп және салық салу", "Қаржы, кредит және бухгалтерлік есеп" мамандықтары бойынша педагогикалық ғылымдар кадрларын даярлау бағыттарының бірі бойынша ғылыми дәрежесі бар адамдар үшін кемінде екі жыл;

      3) қалалық, аудандық коммуналдық кәсіпорындар үшін – дене шынықтыру және спорт саласында немесе басшылық лауазымдарда кемінде екі жыл, не Президенттік жастар кадр резервіне қабылданған адамдар үшін кемінде бес жыл еңбек өтілі, не дене шынықтыру және спорт саласында немесе Жұмыс органымен бекітілген шетелдік жоғары оқу орындарындағы басым мамандықтар бойынша немесе Қазақстан Республикасы Президенті жанындағы білім беру ұйымдарында жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру бағдарламалары бойынша оқуды аяқтаған адамдар үшін басшылық лауазымдарда және "Дене шынықтыру және спорт", "Бухгалтерлік есеп, талдау және аудит", "Бухгалтерлік есеп және салық салу", "Қаржы, кредит және бухгалтерлік есеп" мамандықтары бойынша педагогикалық ғылымдар кадрларын даярлау бағыттарының бірі бойынша ғылыми дәрежесі бар адамдар үшін кемінде бір жыл еңбек өтілі.";

      46-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "46. Біліктілікке қойылатын талаптары:

      "Дене шынықтыру және спорт" мамандығы бойынша техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім немесе еңбек өтіліне талаптар қойылмай жалпы орта білім;

      Қазақстан Республикасы Спорт және дене шынықтыру істері агенттігі Төрағасының 2014 жылғы 25 шілдедегі № 289 бұйрығымен бекітілген спорт түрлері бойынша Қазақстан Республикасының ұлттық және штаттық ұлттық командаларының, Қазақстан Республикасы командаларының және облыстар, республикалық маңызы бар қалалар және астана командаларының құрамдарын қалыптастыру қағидаларына сәйкес (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 9682 болып тіркелген) жалпы білім беретін мектеп мекемелерінде (мектеп-интернаттар, интернаттар) білім алушыларда спорттық нәтижелер болған кезде, білімі мен жұмыс өтіліне талаптар қойылмай.";

      85-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "85. Біліктілікке қойылатын талаптар:

      кадрларды даярлау бағыттарының бірі бойынша жоғары (немесе жоғары оқу орнынан кейінгі) білім: "Жалпы медицина" мамандығы бойынша денсаулық сақтау немесе "Биология" мамандығы бойынша биологиялық және сабақтас ғылымдар немесе "Дене шынықтыру және спорт", "Бизнес, басқару және құқық";

      мамандығы бойынша немесе басшы лауазымдарда төрт жылдан кем емес, немесе Президенттік жастар кадр резервіне қабылданған адамдар үшін кемінде бес жыл, немесе Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы білім беру ұйымдарында немесе шетелдік жоғары оқу орындарында жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру бағдарламалары бойынша оқуды аяқтаған адамдар үшін мамандық бойынша кемінде үш жыл немесе басшы лауазымдарда жұмыс өтілі жұмыс органы бекітетін басым мамандықтар бойынша және кадрларды даярлау бағыттарының бірі бойынша ғылыми дәрежесі бар адамдар үшін: "Жалпы медицина" мамандығы бойынша денсаулық сақтау мамандығы бойынша биологиялық және сабақтас ғылымдар немесе "Биология" мамандығы бойынша биологиялық және сабақтас ғылымдар, "Дене шынықтыру және спорт", "Бухгалтерлік есеп, талдау және аудит", "Бухгалтерлік есеп және салық салу", "Қаржы, кредит және бухгалтерлік есеп" мамандығы бойынша педагогикалық ғылымдар.".

      2. Қазақстан Республикасы Туризм және спорт министрлігінің Спорт және дене шынықтыру істері комитеті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрыққа қол қойылған күннен бастап бес жұмыс күні ішінде оны қазақ және орыс тілдерінде ресми жариялау және Қазақстан Республикасы Нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне енгізу үшін Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің "Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жіберуді;

      2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Туризм және спорт министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруын қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасы Туризм және спорт министрінің орынбасарына жүктелсін.

      4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасы
Туризм және спорт министрі
Е. Мырзабосынов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады