"Тауар биржалары туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 4-бабының 2-3) тармақшасына сәйкес, БҰЙЫРАМЫН:
1. Осы бұйрыққа қосымшаға сәйкес Әлеуметтік маңызы бар биржалық тауарлар тізбесі бекітілсін.
2. Қазақстан Республикасы Сауда және интеграция министрлігінің Ішкі сауданы дамыту департаменті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрыққа қол қойылған күнінен бастап күнтізбелік он күн ішінде оны ресми жариялау және қазақ және орыс тілдерінде электрондық нысанда Қазақстан Республикасы Нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне енгізу үшін "Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жіберуді;
2) Қазақстан Республикасының Әділет министрлігіне осы бұйрықтың қабылданғаны туралы хабарлама жолдауды;
3) осы бұйрық алғаш ресми жарияланған күнінен кейін Қазақстан Республикасы Сауда және интеграция министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Сауда және интеграция вице-министріне жүктелсін.
4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
| Министр | А. Шаққалиев |
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасының
Бәсекелестікті қорғау және
дамыту агенттігі
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасының
Ауыл шаруашылығы министрлігі
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасының
Қаржы министрлігі
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасының
Өнеркәсіп және құрылыс министрлігі
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасының
Энергетика министрлігі
| Қазақстан Республикасы Сауда және интеграция министрінің 2026 жылғы 18 маусымдағы № 207-НҚ бұйрығына қосымша |
Әлеуметтік маңызы бар биржалық тауарлардың тізбесі
№ | Тауар | Тауарлардың атауы | Еуразиялық экономикалық одақтың сыртқы экономикалық қызметі тауар номенклатурасының коды |
1 | 2 | 3 | 4 |
1 | Көмір | тас көмір; тас көмірден алынған брикеттер, шекемтастар және қатты отынның ұқсас түрлері | 2701 |
гагаттан басқа, агломерацияланған немесе агломерацияланбаған лигнит немесе қоңыр көмір | 2702 | ||
2 | Битум | мұнай битумы | 2713 20 000 0 |
Автомобиль бензині | октан саны 92 немесе одан көп (зерттеу әдісі бойынша) | 2710 12 413 0 | |
октан саны 95 немесе одан көп, бірақ 98 аз (зерттеу әдісі бойынша) | 2710 12 450 0 | ||
октан саны 98 немесе одан көп (зерттеу әдісі бойынша) | 2710 12 490 0 | ||
Реактивті қозғалтқыштарға арналған отын | реактивті қозғалтқыштарға арналған отын | 2710 19 210 0 | |
Дизель отыны | жазғы | 2710 19 421 0 | |
қысқы | 2710 19 422 0 | ||
арктикалық | 2710 19 423 0 | ||
маусымаралық | 2710 19 424 0 | ||
өзге | 2710 19 425 0 | ||
3 | Қант | қант | 1701 |
