Индер ауданы Бөдене ауылындағы "Кеңес" көшесінің атауын қайта атау туралы

Жаңа

Атырау облысы Индер ауданы Бөдене ауылдық округі әкімінің 2026 жылғы 23 қаңтардағы № 4 шешімі

      Қазақстан Республикасының 1993 жылғы 8 желтоқсандағы "Қазақстан Республикасының әкімшілік- аумақтық құрылысы туралы" Заңының 14- бабының 4) тармақшасына, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 37- бабына және Атырау облыстық ономастика комиссиясының 2026 жылғы 20 қаңтардағы № 2 қорытындысына сәйкес Бөдене ауылдық округінің әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      1. Индер ауданы Бөдене ауылындағы идеологиялық тұрғыдан ескірген "Кеңес" көшесінің атауы "Төлеу Кененов" көшесі болып қайта аталсын.

      2. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.

      3. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Округ әкімі Ш. Мергалиева

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады