Жарсуат ауылдық округінің Жарсуат, Қызылжар ауылындағы көшелерге атау беру және қайта атау туралы

Жаңа

Атырау облысы Индер ауданы Жарсуат ауылдық округі әкімінің 2026 жылғы 27 қаңтардағы № 1 шешімі

      Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы" Заңының 14 - бабының 4) тармақшасына сәйкес, облыстық ономастика комиссиясының 2026 жылғы 20 қаңтардағы № 2 қорытындысы негізінде және Жарсуат, Қызылжар ауылы халқының пікірін ескере отырып, ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      1. Индер ауданы Жарсуат ауылдық округі Жарсуат ауылының атауы жоқ көшесіне келесі атау берілсін:

      Жарсуат ауылындағы № 2 жаңа көшеге – "Аблайс Мұхамбетов" есімі;

      2. Индер ауданы Жарсуат ауылдық округі Қызылжар ауылындағы "Қызылжар" көшесіне "Сатыш Қадырғожин" көшесі болып қайта атау берілсін.

      3. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.

      4. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Округ әкімі Д. Қапашев

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады