"Қазақстан Республикасының жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" "Қазақстан Республикасы Заңының 35 бабына, "Ветеринария туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 10-1-бабының 7) тармақшасына сәйкес, Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Ветеринариялық бақылау және қадағалау комитетінің Қызылқоға аудандық аумақтық инспекциясы басшысының 2026 жылғы 5 наурыздағы № 11-10/63-И ұсынысы негізінде, Жамбыл ауылдық округінің әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. Ірі қара мал арасында вирустық диарея және инфекциялық ринотрахеит ауруларының анықталуына байланысты Атырау облысы, Қызылқоға ауданы, Жамбыл ауылдық округінің аумағында шектеу іс-шаралары белгіленсін. Эпизотиялық ахуал тұрақталғанға дейін шешім күшінде болады.
2. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзімде қалдырамын.
| Округ әкімі | О. Аронов |
