Исатай ауданы бойынша халық үшін тұрмыстық қатты қалдықтарды жинауға, тасымалдауға, сұрыптауға және көмуге арналған тарифтерді бекіту туралы

Жаңа

Атырау облысы Исатай аудандық мәслихатының 2026 жылғы 12 мамырдағы № 234-VIII шешімі

      Қазақстан Республикасының Экология Кодексінің 365 бабының 3 тармағының 3) тармақшасына, Қазақстан Республикасы Экология, геология және табиғи ресурстар министрінің 2021 жылғы 14 қыркүйектегі № 377 бұйрығымен бекітілген Халық үшін қатты тұрмыстық қалдықтарды жинауға, тасымалдауға, сұрыптауға және көмуге арналған тарифті есептеу әдістемесіне сәйкес, Исатай аудандық маслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      1. Исатай ауданы бойынша халық үшін қатты тұрмыстық қалдықтарды жинауға, тасымалдауға, сұрыптауға және көмуге арналған тарифтері осы шешімнің қосымшасына сәйкес бекітілсін.

      2. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Исатай аудандық мәслихатының төрағасы А. Рахметов

  Исатай аудандық мәслихатының
2026 жылғы 12 мамырдағы
№ 234-VIII шешіміне қосымша

Исатай ауданы бойынша халық үшін тұрмыстық қатты қалдықтарды жинауға, тасымалдауға, сұрыптауға және көмуге арналған тарифтер

Атауы

Жинақталу нормасы Жылына 1 тұрғынға м3

Есептік бірлігі

Қызметтердің құны ТБО (ҚҚС-сыз теңге)

Барлығы (ҚҚС-сыз теңге)

Жинау және тасымалдау

Көму

Сұрыптау

Абаттандырылған үй иелері

0,65

Бір тұрғынға айына

223,30

25,40

54,82

303,52

Абаттандырылмаған үй иелері

0,75

257,60

29,30

63,32

350,22

Бірлікке жылдық тариф (көлемі)

-

1 м3

4121,21

469,11

1013,13

5603,45


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады