Қазақстан Республикасының "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы (Салық кодексі)" Кодексінің 581-бабының 3 тармағына және Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін өзі басқару туралы" Заңының 6-бабына сәйкес, Атырау қаласының Мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. Атырау қаласында орналасқан автотұрақ (паркингтер) санаттары осы шешімінің 1-қосымшасына сәйкес белгіленсін.
2. Автотұрақ (паркингтер) санаттарына байланысты Атырау қаласындағы автотұрақтар (паркингтер) үшін алынған жерлерге базалық салық мөлшерлемелері осы шешімнің 2-қосымшасына сәйкес ұлғайтылсын.
3. Атырау қалалық мәслихатының 2020 жылғы 28 ақпандағы № 478 "Атырау қаласында автотұрақтар (паркингтер) санаттарын белгілеу және автотұрақтар (паркингтер) орналасқан жерлерге арналған базалық салық мөлшерлемелерін ұлғайту туралы" шешімінің (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 4601 болып тіркелген) күші жойылды деп танылсын.
4. Атырау қалалық мәслихатының 2021 жылғы 18 ақпандағы № 20 "Атырау қалалық мәслихатының 2020 жылғы 28 ақпандағы № 478 "Атырау қаласында автотұрақтар (паркингтер) санаттарын белгілеу және автотұрақтар (паркингтер) орналасқан жерлерге арналған базалық салық мөлшерлемелерін ұлғайту туралы" шешіміне өзгеріс пен толықтырулар енгізу туралы" шешімінің (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 4893 болып тіркелген) күші жойылды деп танылсын.
5. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен сон қолданысқа енгізіледі.
| Атырау қаласы мәслихатының төрағасы | А. Құлбарахов |
| Атырау қаласы Мәслихатының 2026 жылғы 19 тамыздағы № 230 шешіміне 1 қосымша |
Автотұрақтардың (паркингтердің) санаттары
№ | Автотұрақтардың (паркингтердің) типтері және түрлері | Автотұрақтар (паркингтер) мақсаты | Атырау қаласындағы нысаналы мақсат жіктемесіне сәйкес жер учаскесінің нысаналы мақсаты | Автотұрақтар (паркингтер) санаты |
1 | Қызметтік автотұрақтар (паркингтер) | Жеке және заңды тұлғаларға тиесілі автокөлік құралдарын тегін негізде сақтау | Автотұрақтарды (паркингтерді) пайдалану және қызмет көрсету үшін | I санат |
2 | Айып автотұрақтары | Автокөлік құралдарын айып автотұрақтарында сақтау | Автотұрақтарды (паркингтерді) пайдалану және қызмет көрсету үшін | I санат |
3 | Аз қозғалатын топтардың көлік құралдарын және велотранспортты қоятын орындар | Аз қозғалатын топтардың автокөлік құралдарын және велотранспортты сақтау | Автотұрақтарды (паркингтерді) пайдалану және қызмет көрсету үшін | I санат |
4 | Тәулік бойы бір орынға бірнеше жүк машиналары қойылатын және сағаттық немесе тәуліктік тариф қолданатын автотұрақтар (паркингтер) | Бекітілген тариф бойынша ақылы негізде жеке және заңды тұлғаларға тиесілі жүк автокөлік құралдарын қысқа мерзімде сақтау | Автотұрақтарды (паркингтерді) пайдалану және қызмет көрсету үшін | II санат |
5 | Ғимараттардың цокольді және (немесе) жерасты деңгейінде орналасқан және осындай ғимараттардың ажырамас құрамдас бөлігі болып табылатын автотұрақтар (паркингтер), автотұрақтар орындары | Жеке және заңды тұлғаларға тиесілі автокөлік құралдарын ақылы негізде сақтау | Автотұрақтары (паркингтері) бар ғимараттарды, құрылыстарды пайдалану және қызмет көрсету үшін | II санат |
6 | Тұрақты орындары белгіленген күрделі құрылыспен байланысты көп деңгейлі автотұрақтар (паркингтер) | Жыл сайын белгіленген төлем төлейтін жеке және заңды тұлғаларға тиесілі автокөлік құралдарын сақтау | Көп деңгейлі автотұрақтарды (паркингтерді) пайдалану және қызмет көрсету үшін | II санат |
7 | Тәулік бойы бір орынға бірнеше жеңіл машина қойылатын және сағаттық немесе тәуліктік тариф қолданатын автотұрақтар (паркингтер) | Бекітілген тариф бойынша ақылы негізде жеке және заңды тұлғаларға тиесілі автокөлік құралдарын қысқа мерзімде сақтау | Автотұрақтарды (паркингтер) пайдалану және қызмет көрсету үшін | III санат |
| Атырау қаласы Мәслихатының 2026 жылғы 19 тамыздағы № 230 шешіміне 2 қосымша |
Автотұрақтарға (паркингтерге) арналған жерлер үшін салықтық базалық мөлшерлерінің ұлғаю мөлшері
№ | Автотұрақ (паркингтерге) арналған жерлер үшін салықтық базалық мөлшерлерінің ұлғаю мөлшері | Салықтық базалық мөлшерлерінің ұлғаюы (есе) |
1 | I санат | 1 |
2 | II санат | 5 |
3 | III санат | 10 |
