Атырау облыстық мәслихатының 2018 жылғы 16 наурыздағы № 199-VІ "Атырау облысының қалалары мен елді мекендерінің аумақтарында абаттандырудың қағидаларын бекіту туралы" шешіміне өзгерістер енгізу туралы

Жаңа

Атырау облыстық мәслихатының 2026 жылғы 19 маусымдағы № 242-VIII шешімі

      Атырау облыстық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      1. "Атырау облысының қалалары мен елді мекендерінің аумақтарында абаттандырудың қағидаларын бекіту туралы" Атырау облыстық мәслихатының 2018 жылғы 16 наурыздағы № 199-VІ шешіміне (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 4092 болып тіркелген) келесі өзгерістер енгізілсін:

      көрсетілген шешімімен бекітілген Атырау облысының қалалары мен елді мекендерінің аумақтарын абаттандырудың қағидаларында:

      3-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "3. Осы Қағидаларда қолданылатын негізгі ұғымдар:

      1) абаттандыру – тиісті күтіп ұстау жолымен азаматтардың өмір сүру жайлылығын арттыруға бағытталған іс-шаралар кешені, қалалар мен елді мекендердің іргелес аумақтары мен ортақ пайдалану орындарының экологиялық және эстетикалық жай-күйіне, инженерлік даярлық жіне аумақтың қауіпсіздігін қамтамасыз ету жөніндегі жұмыстардың жиынтығын көздейтін, коммуникациялық желілерді және сумен жабдықтау құрылысын дамыту, кәріз, энергиямен жабдықтау, жабындарды орнату, жарықтандыру, шағын сәулет нысандары мен монументтік өнер объектілерін орналастыру, шудың деңгейін төмендету, микроклиматты жақсарту, ауа бассейнінің ластануынан қорғау, ашық су айдындары мен топырақты тазалау, жинау, санитарлық тазалау және көгалдандыру;

      2) жинақтаушы бункер – нормативтерге сәйкес көлемдегі ірі габаритті қалдықтарды және өндіріс пен тұтынудың басқа да қалдықтарын жинауға арналған стандартты сыйымдылық;

      3) уақытша құрылыстар – тұрғын үй, мәдени - тұрмыстық және құрылысшыларға қызмет көрсетуге арналған басқа да ғимараттар мен құрылыстар; кірме жолдар, жолдар, қоймалар, сорғылар, қосалқы станциялар, бетон еріту тораптары, инженерлік желілер және құрылыс-монтаждау жұмыстарын орындау үшін қажетті, әдетте құрылыс аяқталғаннан кейін таратылатын өндірістік мақсаттағы басқа да құрылыстар;

      4) көгал – тротуардан, тұрақ қалталарынан, тұрақтардан және жолдың өзге де элементтерінен шекаралық таспен және (немесе) сәндік қоршаумен қоршалған шөпті жамылғы мен басқа да өсімдіктерді қамтитын абаттандыру элементі (жер учаскесі);

      5) жол – осы Заңмен белгіленген тәртіпте жайластырылған немесе ыңғайластырылған және көлiк құралдарының және жаяу жүргіншілердің жүруі үшін пайдаланылатын жердің барлық бөлінген жолағы не жасанды құрылыстың үстi. Жол бiр немесе бiрнеше жүру бөлiктерiн, сондай-ақ трамвай жолдарын, тротуарларды, жол жиектерiн және олар болған кезде бөлу жолақтарын қамтиды;

      6) жер жұмыстары – топырақты қазуды (игеруді), оның орнын ауыстыруды, топырақты тегістеумен және нығыздаумен төсеуді, сондай-ақ аумақты тазартуға байланысты дайындық жұмыстарын, ілеспе жұмыстарды (оның ішінде алаңдарды, еңістерді, ойықтар мен үйінділер төсемдерін жоспарлауды, төсемді әрлеуді, еңістер бойынша кертпелер құрылғысын) қамтитын құрылыс жұмыстарының кешені (негізінде) үйінділер, шұңқырларды бұрғылау-кран машиналарымен бұрғылау, қазаншұңқырлардың қуыстарын толтыру);

      7) жеке тұрғын үй - қоныс учаскесiне орналасқан және шаруашылық пен басқа да құрылыстармен және жасыл желектi екпелерiмен бiрге азаматтың меншiгiндегi жеке (отбасымен) тұруға арналған үй.

      8) контейнер – жүктердi тасымалдауға арналған көп мәрте қолданылатын әмбебап көлiк жабдығы;

      9) контейнерлік алаңдар – қатты тұрмыстық қалдықтарды тасымалдауды жүзеге асыратын мамандандырылған көлікке арналған кірме жолдары бар, қатты тұрмыстық қалдықтарды жинауға арналған контейнерлер орналастырылатын қалдықтарды жинақтауға арналған арнайы алаңдар;

      10) халықтың жүріп-тұруы шектеулі топтары – егде жастағы адамдар, мүгедектігі бар адамдар, өз бетінше жүріп-тұру, көрсетілетін қызметтерді, ақпаратты алу немесе кеңістікте бағдарлану кезінде қиындық көріп жүрген, оның ішінде балаларға арналған арбаларды және (немесе) кресло-арбаларды пайдаланатын адамдар;

      11) шағын архитектуралық нысандар – сәндік сипаттағы және практикалық пайдаланылатын объектілер (көрнекті тұлғаларды, маңызды тарихи оқиғаларды мәңгі есте қалдыру үшін орнатылатын монументалды өнер құрылыстарын қоспағанда мүсіндер, субұрқақтар, гүлдерге арналған вазалар, павильондар, беседкалар, орындықтар, урналар, балалар ойындары мен ересек тұрғындардың демалысына арналған жабдықтар мен конструкциялар);

      12) ортақ пайдаланылатын орындар – бұл халыққа қолжетімді немесе ашық аумақтар, нысандар;

      13) аумақтарды абаттандыру объектілері – абаттандыру бойынша қызметті жүзеге асыратын елді мекеннің аумақтары:

      алаңдар, аулалар, орамдар, функционалды-жоспарлы ұйымдастыру,қала аудандарының аумақтары, сондай-ақ бірыңғай қала құрылысы регламенті (қорғалатын аймақ) немесе көзбен шолу-кеңістіктік қабылдау (құрылысы бар алаң, аумақтар мен құрылыстарға жапсарлас салынған көше) қағидаты бойынша бөлінетін аумақтар;

      14) көгалдандыру екпелері – елді мекендердің шекараларында ортақ пайдаланылатын жерлерде орналасқан саябақтар, скверлер, бульварлар, желілік екпелер, үй жанындағы екпелер, көгалдар, гүлзарлар;

      15) аумақтарды абаттандыруға қатысушылар – шарт негізінде елді мекен аумағында абаттандыру саласындағы қызметті жүзеге асыратын жеке немесе заңды тұлға;

      16) іргелес аумақ – ғимараттың, құрылыстың, қоршаудың, құрылыс алаңының шекараларына, сауда, жарнама объектілеріне және заңды немесе жеке тұлғалардың меншігіндегі, иелігіндегі, жалдауындағы, балансындағы өзге де объектілерге тікелей іргелес жатқан аумақ (периметрі бойынша 5 метр шекарада);

      17) өту жолы – көлік құралдарының тұрғын және қоғамдық ғимараттарға, мекемелерге, кәсіпорындарға, шағын аудандар, орамдар, елді мекендер ішіндегі құрылыс объектілеріне кіруін қамтамасыз ететін жол элементі;

      18) көппәтерлі тұрғын үйдің үй жанындағы жер учаскесі (бұдан әрі – үй жанындағы жер учаскесі) - көппәтерлі тұрғын үйге іргелес және абаттандыруға, көгалдандыруға, спорт, ойын алаңдарын, кірме жолдарды, тұрақтарды, тротуарларды, шағын сәулет нысандарын орналастыруға арналған жер учаскесі;

      19) абаттандыру объектісін күтіп-ұстау – абаттандыру объектілерін, олардың жекелеген элементтерін тиісті техникалық, физикалық, эстетикалық жай-күйінде ұстау;

      20) тротуар – жаяу жүргіншілердің жүруіне арналған, жүріс бөлігіне жанасатын немесе одан көгалмен немесе арық жүйесімен бөлінген жол элементі;

      21) көше – көлік және жаяу жүргіншілер қозғалысына арналған, жүріс бөлігін, жол жиектерін, кюветтерді және бермаларды нығайтатын аумақ;

      22) қасбет – ғимараттардың (құрылыстардың) сыртқы (алдыңғы) жағы;

      23) гүл бақшасы – бір, екі немесе көпжылдық өсімдіктер отырғызылған геометриялық немесе еркін нысандағы учаске;

      24) абаттандыру элементтері – аумақты абаттандырудың құрамдас бөліктері ретінде қолданылатын сәндік, техникалық, жоспарлау, конструктивтік құрылғылар, көгалдандыру элементтері, жабдықтардың және ресімдеудің әртүрлі түрлері, оның ішінде ғимараттардың, құрылыстардың, құрылыстардың қасбеттері, шағын сәулет нысандары, күрделі емес стационарлық емес құрылыстар мен құрылыстар, ақпараттық қалқандар мен көрсеткіштер.";

      4-тармақтың 6-тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

      "6) монументалды-сәндік өнер туындылары – көрнекті тұлғаларды, маңызды тарихи оқиғаларды мәңгі есте қалдыру үшін орнатылатын монументалды өнер құрылыстарын қоспағанда мүсіндер, стелалар, сәндік композициялар, обелисктер, монументалды кескіндеме туындылары;";

      7-параграфтың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:

      "7-параграф. Бау-бақша жиһаздарын, бау-бақша жабдықтарын және шағын сәулет нысандарын күтіп ұстау";

      67-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "67. Бау-бақша жиһазы, бау-бақша жабдықтары және шағын сәулет нысандары, оның ішінде субұрқақтар, саябақ павильондары, беседкалар, көпірлер, қоршаулар, қақпалар, шатырлар, гүл құмыралары таза және жарамды күйде болады және өз мақсатына сәйкес жұмыс істеуі тиіс.";

      71-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "71. Қыс мезгілінде бау-бақша жиһазының элементтері, бау-бақша жабдықтары мен шағын архитектуралық формалар, сондай-ақ оларға жақындау қар мен мұздан тазартылады.";

      157-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "157. Көппәтерлі тұрғын үйлердің шатырларын қардан және мұздан тазартуды ұйымдастыруды, қар мен мұз өсуін жоюды мүлік иелері бірлестігінің төрағасы немесе тікелей бірлесіп басқару кезіндегі пәтерлердің, тұрғын емес үй-жайлардың барлық меншік иелері не кондоминиум объектілерін басқару субъектілері не көп пәтерлі тұрғын үйді басқарушы дербес немесе өз қаражаты есебінен мамандандырылған ұйымдарды тарту арқылы жүзеге асырады.".

      2. Осы шешім ол алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Мәслихат төрағасы М. Хайруллиев

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады