Қазақстан Республикасы Жер кодексінің 19-бабына, 69-бабының 4-тармағына, "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару басқару туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 35-бабына сәйкес, "Қызылжар аудандық сәулет, құрылыс, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің 2026 жылғы 14 мамырдағы № 9.26.1.01-01/260 хаты негізінде, "Қызылжар аудандық жер қатынастары бөлімі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі басшысының 2026 жылғы 13 мамырдағы № 193 бұйрығымен бекітілген орналастыру жобасына сәйкес Прибрежный ауылдық округінің әкімі ШЕШТІМ:
1. "Қызылжар аудандық сәулет, құрылыс, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі" коммуналдық мемлекеттік мекемесіне аудандық маңызы бар "KTKS -193 Тепличное ауылына кіреберіс" 0,0-0,7 км автомобиль жолын күрделі жөндеу үшін жалпы ауданы 2,1840 га жер учаскесіне шектеулі нысаналы жер пайдалану құқықтары (қауымдық сервитут) белгіленсін Солтүстік Қазақстан облысы Солтүстік Қазақстан облысы Қызылжар ауданы Прибрежный ауылдық округінің Тепличное ауылында.
2. Жер учаскесіндегі шектеулер, ауыртпалықтар:
бөгде жер пайдаланушылардың жерлері бар (кадастрлық нөмірлер: 15-220-021-1390, 15-220-021-1357, 15-220-021-1398; 15-220-021-1475, 15-220-021-857, 15-220-021-559, 15-220-021-681, 15-220-021-682, 15-220-021-685, 15-220-021-481, 15-220-021-1162, 15-220-021-686, 15-220-021-621, 15-220-021-576, 15-220-021-575).2. Жер (лер) учаскесі (лері) бөлінеді деп саналсын.
3. "Солтүстік Қазақстан облысы Қызылжар ауданы Прибрежный ауылдық округі әкімінің аппараты" коммуналдық мемлекеттік мекемесіне Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіпте:
1) осы шешімді Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде ресми жариялауға жіберуді;
2) осы шешімді ресми жарияланғанынан кейін Қызылжар ауданы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.
4. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.
5. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
| Прибрежный ауылдық округінің әкімі | Д. Рамазанов |
