"Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы" Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 28 қыркүйектегі Конституциялық Заңының 28-бабы 4, 6-тармақтарына, "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 37-бабына, "Құқықтық актілер туралы" Қазақстан Республикасының 2016 жылғы 6 сәуірдегі Заңы 65-бабының 3-тармағына сәйкес, Петропавл қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. "Солтүстік Қазақстан облысы Петропавл қаласының аумағында барлық кандидаттардың сайлаушылармен кездесуіне үй жайлар беруге және үгіттік баспа материалдарын орналастыруға арналған орындар белгілеу туралы" Солтүстік Қазақстан облысы Петропавл қаласы әкімдігінің 2017 жылғы 24 мамырдағы № 898 қаулысына (2017 жылғы 29 мамырда Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің Эталондық бақылау банкінде жарияланған, электрондық түрде нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 4197 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген қаулыға 2 – қосымшалар осы қаулының 2 – қосымшаларына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
2. Осы қаулының орындалуын бақылау "Петропавл қаласы әкімінің аппараты" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің басшысына жүктелсін.
3. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
| Қала әкімі | С. Мұхамедиев |
| Петропавл қаласы әкімдігінің | |
| 2026 жылғы "19" ақпандағы | |
| № 339 қаулысына | |
| 2-қосымша | |
| Петропавл қаласы әкімдігінің | |
| 2017 жылғы 24 мамырдағы | |
| № 898 қаулысына | |
| 2-қосымша |
Солтүстік Қазақстан облысы Петропавл қаласы бойынша барлық кандидаттардың сайлаушыларымен кездесу өткізуге арналған үй-жайлардың тізбесі
№ | Елді мекен атауы | Кездесулер өткізуге арналған үй-жайлар |
1 | Петропавл қаласы | "Н.Ф. Погодин атындағы Облыстық орыс драма театры" КМҚК, Қазақстан Конституциясы көшесі, 1 |
2 | Петропавл қаласы |
Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің білім басқармасының "Digital Urpaq оқушылар сарайы" МКҚК |
3 | Петропавл қаласы | Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің мәдениет, тілдерді дамыту және мұрағат ісі басқармасының Ақан Сері атындағы облыстық филармония, Қаттай Кеншінбаев көшесі, 22 |
