БҰЙЫРАМЫН:
1. "Денсаулық сақтау саласындағы аккредиттеуден кейінгі мониторинг жүргізу және аккредиттеу туралы куәлікті кері қайтарып алу қағидаларын, мерзімдерін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2020 жылғы 30 қарашадағы № ҚР ДСМ-227/2020 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 21708 тіркелді) мынадай өзгеріс енгізілсін:
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Денсаулық сақтау саласындағы аккредиттеуден кейінгі мониторинг жүргізу және аккредиттеу туралы куәлікті кері қайтарып алу қағидалары, мерзімдері осы бұйрыққа қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
2. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Медициналық және фармацевтикалық бақылау комитеті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
2) осы бұйрықты ресми жариялағаннан кейін оны Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;
3) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Заң департаментіне осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы жөніндегі мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау вице-министріне жүктелсін.
4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
|
Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрі |
А. Альназарова |
Денсаулық сақтау саласындағы аккредиттеуден кейінгі мониторинг жүргізу және аккредиттеу туралы куәлікті кері қайтарып алу қағидалары, мерзімдері
1-тарау. Жалпы ережелер
1. Осы Денсаулық сақтау саласындағы аккредиттеуден кейінгі мониторинг жүргізу және аккредиттеу туралы куәлікті кері қайтарып алу қағидалары, мерзімдері (бұдан әрі – Қағидалар) "Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы" Қазақстан Республикасының Кодексі 8-бабының 10) тармақшасына (бұдан әрі – Кодекс) сәйкес әзірленді және денсаулық сақтау саласындағы аккредиттеуден кейінгі мониторинг жүргізу және аккредиттеу туралы куәлікті кері қайтарып алу қағидаларын, мерзімдерін айқындайды.
2. Осы Қағидаларда мынадай негізгі ұғымдар пайдаланылады:
1) аккредиттеу – өтініш берушінің сәйкестікті бағалаудың белгілі бір саласындағы жұмыстарды орындау құзыреттілігін ресми тану рәсімі;
2) аккредиттеуден кейінгі мониторинг – денсаулық сақтау саласында аккредиттеуден өткен денсаулық сақтау субъектілерінің қызметінің белгіленген талаптарға сәйкестігін мониторингілеу;
3) аккредиттелген субъект –денсаулық сақтау саласында аккредиттеуден өткен субъект;
4) аккредиттеу туралы куәлік – өтініш берушінің аккредиттеудің белгілі бір саласында аккредиттелгенін растайтын ресми құжат;
5) жоспардан тыс аккредиттеуден кейінгі мониторинг – осы Қағидаларда көзделген негіздер болған жағдайда денсаулық сақтау саласында аккредиттеуден өткен денсаулық сақтау субъектілерінің қызметіне белгіленген талаптар сәйкестігіне мониторинг.
3. Аккредиттеуден кейінгі мониторингке денсаулық сақтау саласында аккредиттеуден өткен адамдар жатады:
1) көрсетілген медициналық қызметтердің денсаулық сақтау саласындағы белгіленген талаптар мен стандарттарға сәйкестігін тану мақсатында медициналық ұйымдарды аккредиттеуді жүзеге асыратын денсаулық сақтау субъектілері (бұдан әрі – аккредиттеу органы);
2) білім алушылардың, бітірушілердің кәсіптік даярлығын және денсаулық сақтау саласындағы мамандардың білімі мен дағдыларын бағалауды жүзеге асыратын ұйымдар;
3) денсаулық сақтау саласында тәуелсіз сараптаманы жүзеге асыратын денсаулық сақтау субъектілері;
4) денсаулық сақтау менеджерлерін сертификаттау бойынша басқарушылық қызметке дайындығын растауды жүзеге асыратын заңды тұлғалар;
5) денсаулық сақтау саласында қызметті жүзеге асыратын кәсіптік медициналық қауымдастықтар және қоғамдық бірлестіктер;
6) аккредиттеу органы аккредиттеген медициналық ұйымдар;
7) халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы кәсіптік қауымдастықтар;
8) санитариялық-эпидемиологиялық аудит жүргізу жөніндегі жеке және заңды тұлғалар.
4. Аккредиттеуден кейінгі мониторинг жоспарлы және жоспардан тыс тәртіппен жүргізіледі.
2-тарау. Мемлекеттік орган аккредиттеген денсаулық сақтау субъектілеріне аккредиттеуден кейінгі мониторинг жүргізу тәртібі
5. Осы Қағидалардың 1), 2), 3), 4) және 5) тармақшаларында көрсетілген денсаулық сақтау субъектілерін аккредиттеуден кейінгі мониторингті медициналық қызметтер (көмек) саласындағы мемлекеттік органмен (бұдан әрі – мемлекеттік орган) жүргізіледі.
6. Мемлекеттік орган аккредиттеген денсаулық сақтау субъектілерінің жоспарлы аккредиттеуден кейінгі мониторингі 3 (үш) жылда бір рет, бірақ аккредиттеу туралы куәлік алған күннен бастап 6 (алты) айдан ерте емес жүргізіледі.
7. Осы Қағидалардың 3-тармағының 1), 2), 3), 4) және 5) тармақшаларында көрсетілген денсаулық сақтау субъектілеріне аккредиттеуден кейінгі мониторингті жүргізудің жыл сайынғы жоспарын (бұдан әрі – Жоспар) мемлекеттік органның бірінші басшысы бекітеді.
8. Жоспар ағымдағы күнтізбелік жылдың 1 ақпанына дейін мемлекеттік органның сайтында орналастырылады.
9. Жоспарлы аккредиттеуден кейінгі мониторингті мемлекеттік орган 20 (жиырма) жұмыс күні ішінде жүргізеді.
10. Мемлекеттік органға аккредиттеу туралы куәліктің қолданысы ішінде аккредиттелген ұйымның қызметіне қарау нәтижелері бойынша өтініш берушілердің құқықтарын бұзу фактілері расталған жеке және (немесе) заңды тұлғалардан екі және одан да көп шағымдар не Қазақстан Республикасының заңнамасын бұзу фактілері расталған басқа мемлекеттік органнан ақпарат келіп түскен жағдайларда 20 (жиырма) жұмыс күні ішінде жоспардан тыс аккредиттеуден кейінгі мониторинг жүргізіледі.
Жоспардан тыс аккредиттеуден кейінгі мониторинг өндірістік базаға шығумен жүргізіледі.
11. Жоспарлы және жоспардан тыс аккредиттеуден кейінгі мониторингті жүргізу үшін мемлекеттік органда бірінші басшының бұйрығымен мемлекеттік органның қызметкерлері ішінен аккредиттеуден кейінгі мониторинг жөніндегі комиссия (бұдан әрі – Комиссия) қалыптастырылады.
Комиссияның құрамы аккредиттелген субъектінің функциялары мен қызметіне байланысты қалыптастырылады және адамдардың тақ санын құрайды.
Комиссия құрамына мына адамдар тартылмайды:
1) соңғы 5 (бес) жыл ішінде аккредиттелген денсаулық сақтау субъектісімен еңбек немесе шарттық қатынастарда тұрған немесе болған адам;
2) аккредиттелген денсаулық сақтау субъектісінің қызметкерлерімен және (немесе) басшылығымен жақын туыстығы, жұбайы (зайыбы) немесе жекжаттығы бар адам.
12. Аккредиттеуден кейінгі мониторинг комиссиясының төрағасы болып мемлекеттік органның бірінші басшысы айқындалады.
Комиссияның қызметін мемлекеттік органның құрылымдық бөлімшесінің хатшысы қамтамасыз етеді.
13. Жоспарлы және жоспардан тыс аккредиттеуден кейінгі мониторинг жүргізу үшін Комиссия хатшысы аккредиттелген субъектіге осы Қағидаларға 1, 2, 3, 4 және 5-қосымшаларға сәйкес аккредиттеуден кейінгі мониторинг өлшемшарттарына және аккредиттелген адам қызметінің нәтижелеріне сәйкестігі туралы ақпарат беру туралы сұрау салуды жібереді.
14. Аккредиттелген субъект сұрау салынған ақпаратты және осы Қағидаларға 1, 2, 3, 4 және 5-қосымшаларда көрсетілген растайтын құжаттарды Комиссияның қарауы үшін мемлекеттік органға сұрау салуды алған күннен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде ұсынады.
15. Аккредиттелген субъект осы Қағидаларға 1, 2, 3, 4 және 5-қосымшаларда көрсетілген ақпаратты және растайтын құжаттарды ұсынғаннан кейін Комиссия оларды 5 (бес) жұмыс күні ішінде қарайды.
16. Осы Қағидаларға 1, 2, 3, 4 және 5-қосымшаларға сәйкес көрсетілген қажетті құжаттарды ұсынған кезде жоспарлы аккредиттеуден кейінгі мониторинг Комиссиямен аккредиттелген субъектінің өндірістік базасына бармай цифрлық жүйелер арқылы не мемлекеттік органның электрондық поштасына не қағаз түрінде табысталған құжаттарды қарастыру арқылы жүргізіледі.
Осы Қағидаларға 1, 2, 3, 4 және 5-қосымшаларға сәйкес көрсетілген қажетті құжаттарды ұсынған кезде жоспардан тыс аккредиттеуден кейінгі мониторинг Комиссиямен аккредиттелген субъектінің өндірістік базасына шығумен жүргізіледі.
17. Құжаттардың толық емес пакеті, анық емес не осы Қағидаларға 1, 2, 3, 4 және 5-қосымшаларға сәйкес көрсетілген өлшемшарттарының бір және одан да көп тармақтарына сәйкессіздігі анықталған жағдайларда, жоспарлы және жоспардан тыс аккредиттеуден кейінгі мониторинг аккредиттелген субъектінің өндірістік базасына шығумен жүзеге асырылады.
18. Өндірістік базаға шыққанға дейін Комиссия хатшысы шыққанға дейін 3 (үш) жұмыс күнінен кешіктірмей аккредиттелген субъектіге осы Қағидаларға 6-қосымшаға сәйкес нысан бойынша хабарлама жібереді.
19. Аккредиттелген субъект осы Қағидаларға 1, 2, 3, 4 және 5-қосымшаларда көрсетілген өлшемшарттарға сәйкес келген жағдайда Комиссиямен еркін нысанда оң қорытынды беріледі.
Аккредиттелген субъект осы Қағидаларға 1, 2, 3, 4 және 5-қосымшаларда көрсетілген өлшемшарттарға сәйкес келмеген жағдайда Комиссиямен еркін нысанда оларды жою жөнінде ұсынымдар беріледі.
Ұсынымдарды орындау мерзімі ұсынымдарды алған күннен бастап 20 (жиырма) жұмыс күнді құрайды.
Ұсынымдарды орындау үшін қосымша уақыт шығындары қажет болған жағдайда аккредиттелген субъект аккредиттеуден кейінгі мониторинг нәтижелері бойынша ұсынымдар оған ұсынылған күннен бастап 5 (бес) жұмыс күнінен кешіктірмей мемлекеттік органға мерзімді ұзарту туралы өтінішпен жүгінуге жол беріледі.
Ұсынымдарды орындау мерзімі 20 (жиырма) жұмыс күнге ұзартылуы мүмкін.
Осы Қағидаларға 1, 2, 3, 4 және 5-қосымшаларда көрсетілген өлшемшарттарға сәйкессіздіктердің толық жойылғаны туралы растайтын құжаттарды алғаннан кейін 2 (екі) жұмыс күн ішінде Комиссия еркін нысанда оң қорытынды береді.
20. Ұсынымдарда көрсетілген осы Қағидаларға 1, 2, 3, 4 және 5-қосымшаларда көрсетілген өлшемшарттарға сәйкессіздіктер толық жойылмаған не ұсынымдар осы Қағидалардың 19-тармағында белгіленген мерзімнен кешіктіріліп орындалса, Комиссия 2 (екі) жұмыс күн ішінде еркін нысанда теріс қорытынды береді.
21. Аккредиттеуден кейінгі мониторинг нәтижелері бойынша шағымдар Қазақстан Республикасы Әкімшілік рәсімдік-процестік кодексінің (бұдан әрі - ӘРПК) 91-бабында көзделген тәртіппен қаралады.
Тыңдау ӘРПК 73-бабына сәйкес жүргізіледі.
3-тарау. Медициналық ұйымдардың аккредиттеуден кейінгі мониторинг жүргізу тәртібі
22. Осы Қағидалардың 3-тармағының 6) тармақшасында көрсетілген аккредиттеу органымен аккредиттелген медициналық ұйымдарды аккредиттеуден кейінгі мониторинг аккредиттеу органымен жүргізіледі.
23. Медициналық ұйымдардың жоспарлы аккредиттеуден кейінгі мониторингі 3 (үш) жылда бір рет, бірақ аккредиттеу туралы куәлік алған күннен бастап 6 (алты) айдан ерте емес жүргізіледі.
24. Медициналық ұйымдардың жоспарлы аккредиттеуден кейінгі мониторингін мемлекеттік органмен келісу бойынша аккредиттеу органы бекіткен жоспарлар негізінде аккредиттеу органы жүргізеді.
Ағымдағы жылғы 1-15 желтоқсан аралығындағы кезеңде аккредиттеу органымен келесі жылға аккредиттеуден кейінгі мониторингке жататын медициналық ұйымдардың тізімі қалыптастырылды.
Медициналық ұйымдардың қалыптастырылған тізімі ағымдағы жылғы 20 желтоқсаннан кешіктірілмей мемлекеттік органға келісуге жіберіледі. Мемлекеттік орган ағымдағы жылғы 25 желтоқсаннан кешіктірілмей келесі жылға арналған медициналық ұйымдардың аккредиттеуден кейінгі мониторинг жоспарын бекіту үшін келісілген тізімді аккредиттеу органына жібереді.
Жоспар аккредиттеу органымен ағымдағы жылғы 10 қаңтардан кешіктірілмей бекітіледі және мемлекеттік орган және аккредиттеу органының сайттарында орналастырылады.
25. Жоспардан тыс аккредиттеуден кейінгі мониторинг аккредиттеу органымен:
1) медициналық ұйым аккредиттеу туралы куәлікті алған сәттен бастап үш жыл ішінде жоспардан тыс тексерулер нәтижелері бойынша анықталған медициналық қызметтер сапасының өрескел бұзушылықтарының екі және одан да көп фактілерінің болуына байланысты нақты медициналық ұйымның жоспардан тыс аккредиттеуден кейінгі мониторингін жүргізу туралы мемлекеттік органдардан алынған ақпарат;
2) аккредиттелген медициналық ұйымның қызметіне жеке және (немесе) заңды тұлғалардан аккредиттеу туралы куәлік алған кезден бастап бір жыл ішінде екі және одан да көп шағымдар аккредиттеу органына келіп түскен жағдайларда жүргізіледі.
26. Медициналық ұйымға жоспарлы және жоспардан тыс аккредиттеуден кейінгі мониторинг объектіге шығумен жүргізіледі.
27. Аккредиттеуден кейінгі мониторингті жүргізу үшін аккредиттеу органы осы Қағидаларға 6-қосымшаға сәйкес нысан бойынша медициналық ұйымға хабарлама жібереді.
28. Медициналық ұйымға хабарлама аккредиттеуден кейінгі мониторинг жүргізу үшін шығу күні басталғанға дейін күнтізбелік 15 (он бес) күннен кешіктірілмей коммуникация құралдары арқылы жіберіледі.
29. Медициналық ұйымның жоспарлы және жоспардан тыс аккредиттеуден кейінгі мониторинг аккредиттеу органымен бекітілген халықтың санына, төсек қорына және медициналық ұйымның құрылымдық бөлімшелерінің (негізгі объектіден тыс орналасқан филиалдардың, өкілдіктердің) санына байланысты 2 (екі) жұмыс күні ішінде, бірақ 27 (жиырма жеті) жұмыс күнінен аспайтын мерзімде жүргізіледі.
30. Аккредиттеуден кейінгі мониторингті жүргізу үшін аккредиттеу органы Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2020 жылғы 21 желтоқсандағы № ҚР ДСМ-299/2020 бұйрығымен бекітілген (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 21852 болып тіркелді) денсаулық сақтау саласындағы аккредиттеу қағидаларына (бұдан әрі – Аккредиттеу қағидалары) сәйкес сыртқы кешенді бағалау жөніндегі сарапшыны (сарапшыларды) тартады.
31. Аккредиттеуден кейінгі мониторинг шеңберінде "Медициналық ұйымдарды аккредиттеу стандарттарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушының 2021 жылғы 5 қарашадағы № ҚР ДСМ - 111 бұйрығымен бекітілген (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 25057 болып тіркелді) (бұдан әрі – Аккредиттеу стандарттары) Аккредиттеу қағидаларының негізінде медициналық ұйымның аккредиттеу стандарттарына сәйкестігі зерделенеді.
32. Медициналық ұйымның аккредиттеуден кейінгі мониторинг нәтижелері бойынша мониторинг аяқталған күннен бастап 5 (бес) жұмыс күнінен кешіктірмей осы Қағидаларға 7-қосымшаға сәйкес нысан бойынша қорытынды жасалады.
33. Медициналық ұйымның аккредиттеуден кейінгі мониторингінің нәтижелері туралы қорытынды екі данада жасалады және бір тараптан аккредиттеу органының өкілімен және екінші тараптан медициналық ұйымның уәкілетті өкілімен қол қойылады.
Аккредиттеуден кейінгі мониторинг қорытындысының бірінші данасы аккредиттеу органында қалады, екінші данасы қағаз тасығышта қол қойылып немесе электрондық нысанда медициналық ұйымға (заңды тұлғаның басшысына не оның уәкілетті тұлғасына, жеке тұлғаға) беріледі.
34. Медициналық ұйым Аккредиттеу стандарттарына сәйкессіздігі жағдайында, медициналық ұйым ұсынымдарды алған сәттен бастап күнтізбелік 30 (отыз) күн ішінде ескертулерді жояды және аккредиттеу органына ескертулерді жою бойынша есеп береді.
35. Аккредиттеуден кейінгі мониторинг нәтижелері бойынша қорытындыға ескертулер және (немесе) қарсылықтар бар болған жағдайда медициналық ұйымның уәкілетті өкілі 10 (он) жұмыс күні ішінде ескертулерді және (немесе) қарсылықтарды (еркін нысанда) цифрлық жүйелер немесе электрондық пошта арқылы не қағаз тасығышта ұсынады.
Аккредиттеу органы аккредиттеуден кейінгі мониторинг нәтижелері туралы қорытындыға ескертулерді және (немесе) қарсылықтарды қарайды және 15 (он бес) жұмыс күні ішінде қорытындыда көрсетілген мерзім ішінде аккредиттеуден кейінгі мониторинг нәтижелері бойынша ұсынымдардың орындалу қажеттілігі көрсетіліп, дәлелді жауап береді.
36. Аккредиттеуден кейінгі мониторинг қорытындысын қабылдаудан бас тартқан жағдайда, аккредиттеуден кейінгі мониторингті жүзеге асыратын адамдар қол қойып, бас тарту туралы акт (еркін нысанда) жасалады.
37. Медициналық ұйымда аккредиттеуден кейінгі мониторинг жүргізген органның әрекеттеріне (әрекетсіздігіне) шағымдар болған жағдайда медициналық ұйым қорытындыны алған күннен бастап 7 (жеті) жұмыс күнінен кешіктірмей шағымды негіздемелерімен аккредиттеу органының басшысының атына жібереді.
38. Шағым ӘРПК көзделген тәртіпке сәйкес қаралады.
4-тарау. Аккредиттеу туралы куәлікті кері қайтарып алу тәртібі
39. Медициналық ұйым осы Қағидалардың 34-тармағында көрсетілген белгіленген мерзімде ескертулерді жою бойынша ұсынымдар орындалмаған жағдайда аккредиттеу органымен аккредиттеу туралы куәлік кері қайтарылады.
40. Мемлекеттік органмен аккредиттелген денсаулық сақтау субъектілеріне теріс қорытынды берілген жағдайда аккредиттеу туралы куәлікті кері қайтару жүргізіледі.
41. Аккредиттеу туралы куәлікті кері қайтарып алу:
1) аккредиттелген субъектінің қызметін немесе қызметінің жекелеген түрлерін тоқтату туралы сот үкімі, сот шешімі немесе өзге де сот актісі мен атқару құжаты заңды күшіне енген;
2) аккредиттелген субъектінің қызметін немесе қызметінің жекелеген түрлері тоқтатылған, тоқтата тұрылған немесе тыйым салынған жағдайларда да жүргізіледі.
42. Мемлекеттік органмен аккредиттеген денсаулық сақтау субъектілерінің аккредиттеу туралы куәлігін кері қайтарып алу туралы шешім Комиссиямен теріс қорытынды берілген күннен бастап 3 (үш) жұмыс күні ішінде мемлекеттік органның бірінші басшысының бұйрығы түрінде ресімделеді.
43. Аккредиттеу органымен аккредиттеген денсаулық сақтау субъектілерінің аккредиттеу туралы куәлігін кері қайтарып алу туралы шешім осы Қағидалардың 34-тармағында көрсетілген ұсынымдарды орындау мерзімі өткен күннен бастап 3 (үш) жұмыс күні ішінде аккредиттеу органының бірінші басшысының бұйрығы түрінде ресімделеді.
44. Аккредиттеу туралы куәлікті кері қайтарып алу туралы бұйрық денсаулық сақтау субъектісіне оған қол қойылған күннен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде жіберіледі.
45. Денсаулық сақтау субъектісі аккредиттеу туралы куәлікті кері қайтарып алу туралы бұйрықты алған күнінен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде аккредиттеу туралы куәліктің түпнұсқасын аккредиттеу туралы куәлікті берген органға кері қайтарады.
| Денсаулық сақтау саласындағы аккредиттеуден кейінгі мониторинг жүргізу және аккредиттеу туралы куәлікті кері қайтарып алу қағидалары, мерзімдеріне 1-қосымша |
Медициналық ұйымдарды аккредиттеуді жүзеге асыру бойынша аккредиттелген субъектіге қойылатын өлшемшарттар
№ | Өлшемшарттар | Растайтын құжат |
1. | Медициналық ұйымдарды аккредиттеуге дайындау және медициналық ұйымдарды аккредиттеудің басқа да бағыттары қызмет түрлерінің бірі болып табылатын денсаулық сақтау субъектісінің құқық белгілейтін құжаттарының болуы. | Жарғы (заңды тұлғалар үшін) немесе заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) туралы анықтама (қызметін үлгілік жарғы негізінде жүзеге асыратын тұлғалар үшін) |
2. | Үй-жайдың болуы | Меншік құқығын соңғы 3 (үш) жылдағы, уақытша иелік ету және (немесе) пайдалану құқығын растайтын құжат (ақылы немесе өтеусіз) |
3. | Медициналық ұйымдарды аккредиттеу саласындағы, оның ішінде аккредиттеу мәселелері бойынша оқудан өту, конференцияларға қатысу, медициналық ұйымдарды аккредиттеу мәселелері бойынша түсіндіру жұмыстарын (семинарлар, кездесулер, симпозиумдар) жүргізу жөніндегі қызметті жоспарлауды растайтын құжаттың болуы. | Соңғы 3 (үш) жылда 5 (бес) жылға арналған стратегиялық жоспарды және ағымдағы күнтізбелік жыл аяқталғанға дейінгі операциялық жоспарды орындау. |
4. | Алға қойылған мақсаттар мен міндеттерді орындау үшін тиісті ресурстарды қамтамасыз ететін бекітілген бюджеттің болуы | Бекітілген Қаржы-шаруашылық қызмет жоспары / орындалуы туралы ақпаратпен соңғы 3 (үш) жылға даму жоспары |
5. | Аккредиттеу жөніндегі комиссияның жұмыс тәртібін айқындайтын құжаттың болуы | Бекітілген Комиссия туралы ереже |
6. | "Қазақстан Республикасының медицина және фармацевтика қызметкерлерінің Ар-намысы кодексін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2020 жылғы 23 желтоқсандағы № ҚР ДСМ-319/2020 бұйрығымен (бұдан әрі – Ар-намыс кодексі) (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 21890 болып тіркелді) медициналық ұйым қызметкерлерінің танысқанын растайтын құжаттың болуы. | Ұйым қызметкерлерін кадрлардың тұрақтамауын ескере отырып, Ар-намыс кодексімен таныстыру туралы құжат |
7. | Сыртқы кешенді бағалауды жүргізу құпиялылығын және сыртқы кешенді бағалау жүргізу барысында медициналық ұйымнан алынған ақпаратты қорғау қағидатын регламенттейтін құжаттың болуы | Құпиялылық ақпаратпен жұмыс істеу тәртібін регламенттейтін құжат |
8. | Ұйым басшысы мен қызметкерлердің функциялары мен өкілеттіктерін айқындаумен лауазымдық нұсқаулықтардың болуы | Барлық мамандарға бекітілген лауазымдық нұсқаулықтар |
9. | Персоналды басқару бойынша ішкі қағидалар мен рәсімдердің болуы (тағайындау, іріктеу, оқыту, бағалау, көтермелеу) | Бекітілген ішкі нормативтік құжаттар |
10. | Ішкі қаржылық бақылау және аудит жүйесінің болуы | Ішкі аудит нәтижелері туралы ақпарат |
11. | Аккредиттелген медициналық ұйымдардың сақталатын деректерінің киберқауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін бағдарламалық қамтылымның, серверлік және (немесе) коммутациялық жабдықтың не виртуалды (бұлтты) сервердің болуы |
Меншік құқығында, уақытша иелену және (немесе) пайдалану құқығында (ақылы немесе өтеусіз) жұмыс істейтін серверлік, коммутациялық жабдықтың не виртуалды (бұлтты) сервердің болуын растайтын құжат. |
12. | Медициналық ұйымдарды аккредиттеу рәсімі бойынша қазақ және орыс тілдерінде жаңартылған ақпараттан тұратын дербес жұмыс істейтін интернет-ресурстың (веб-сайттың) болуы | Медициналық ұйымдарды аккредиттеуді жүзеге асыру бойынша аккредиттелген субъектінің қызметі (ұйымның құрылымы, құзыреті, медициналық ұйымды аккредиттеу нәтижелері, медициналық ұйымның аккредиттеуден кейінгі мониторинг нәтижелері) туралы ақпаратты қамтитын жұмыс істеп тұрған веб-сайтқа сілтеме (веб-сайт парақшаларының скриншоты) |
13. | Тараптардың нысанасын, талаптарын, құқықтарын, міндеттері мен жауапкершілігін көрсете отырып, субъект пен медициналық ұйым арасындағы шарт нысанының болуы | Аккредиттелген денсаулық сақтау субъектісі мен медициналық ұйымдар арасында сыртқы кешенді бағалау жүргізуге барлық шарттарды және шарт бойынша міндеттемелердің орындалуы бойынша ақпаратты ұсыну |
14. |
Денсаулық сақтау саласында сыртқы кешенді бағалау бойынша сарапшылардың болуы. |
Субъектінің веб-сайтында орналастырылған электрондық дерекқоры/ сарапшылар тізілімі. |
15. | Медициналық ұйымдардың сыртқы кешенді бағалауын жүргізу үшін сарапшылардың оқытылған растайтын құжаттар | Соңғы 3 (үш) жылда халықаралық стандарттарға сәйкес медициналық ұйымдарды аккредиттеу мәселелері бойынша оқытуды растайтын құжаттар |
16. | Денсаулық сақтаудағы сапа жөніндегі халықаралық ұйымнан аккредиттеу орган ретінде аккредиттеу туралы сертификаттың болуы (бұрын аккредиттеу органы ретінде аккредиттелген субъектілер үшін) | Аккредиттеу органы ретінде аккредиттеу туралы сертификат |
17. | Денсаулық сақтаудағы сапа жөніндегі халықаралық ұйымға институционалдық мүшелік туралы куәліктің болуы (аккредиттеу орган ретінде аккредиттеуге алғаш үміткер субъектілер үшін) | Денсаулық сақтаудағы сапа жөніндегі халықаралық ұйымға институционалдық мүшелік туралы куәлік |
18. | "Е-лицензиялау" порталы арқылы "Медициналық ұйымдарды олардың қызметінің "Медициналық ұйымдарды аккредиттеу стандарттарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушының 2021 жылғы 5 қарашадағы № ҚР ДСМ - 111 бұйрығымен бекітілген (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 25057 болып тіркелді) аккредиттеу стандарттарына сәйкестігін тану мақсатында аккредиттеу"" мемлекеттік қызмет көрсету мүмкіндігін растайтын құжат. | Азаматтық заңнамаға сәйкес жасалған және "Е-лицензиялау" порталына рұқсаттың бар екенін растайтын құжат. |
* Денсаулық сақтау субъектілерінің аккредиттеуден кейінгі мониторинг жүргізу жағдайында құжаттар аккредиттеуден кейін 6 (алты) айдан кейін қызмет кезеңінде ұсынылады.
| Денсаулық сақтау саласындағы аккредиттеуден кейінгі мониторинг жүргізу және аккредиттеу туралы куәлікті кері қайтарып алу қағидалары, мерзімдеріне 2-қосымша |
Аккредиттелген субъектіге (білім алушылардың, бітірушілердің кәсіптік даярлығын және денсаулық сақтау саласындағы мамандардың білімдері мен дағдыларын бағалауды жүзеге асыратын ұйым) қойылатын өлшемшарттар
| Денсаулық сақтау саласындағы аккредиттеуден кейінгі мониторинг жүргізу және аккредиттеу туралы куәлікті кері қайтарып алу қағидалары, мерзімдеріне 3-қосымша |
Аккредиттелген субъектіге (денсаулық сақтау саласындағы тәуелсіз сараптаманы жүзеге асыру бойынша) қойылатын өлшемшарттар
№ | Өлшемшарттар | Құжат |
1. | Мынадай ережені көздейтін құқық белгілейтін құжаттардың болуы: | Функциялары мен қызметі сипатталған не ұйым мүшелігіне қабылдау және одан шығу шарттары мен тәртібі сипатталған жарғы (мүшелік болған кезде) немесе заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) туралы анықтама (қызметін үлгілік жарғы негізінде жүзеге асыратын адамдар үшін) |
1.1. | ұйым қызметінің бағыты бойынша - денсаулық сақтау саласында тәуелсіз сараптаманы жүзеге асыру | |
1.2. | Мүше болу шарттары мен тәртібі бойынша (коммерциялық емес ұйымдар үшін)/ жұмысқа орналастыру – бәсекелес емес туралы келісім | |
2. | Үй-жайдың болуы | Үй-жайға меншік құқығын, уақытша иелік ету және (немесе) пайдалану құқығын растайтын құжат (ақылы немесе өтеусіз). |
3. | Қызметті жоспарлауды растайтын құжаттың болуы |
Соңғы 3 (үш) жылда 5 (бес) жылға арналған Стратегиялық жоспарды орындау. |
4. | Субъект қызметкерлерінің ұжымда, сондай-ақ сарапшылармен, мүдделі тараптармен және халықпен өзара іс-қимыл кезінде басшылыққа алатын этикалық нормаларды регламенттейтін құжаттың болуы | Бекітілген этикалық нормалардың электрондық көшірмелері |
5. | Қызметтік ақпараттың құпиялылығы мен тұтастығы қағидатын регламенттейтін құжаттың болуы | Құпия ақпаратпен жұмыс істеу тәртібін регламенттейтін құжат |
6. | Әрбір сарапшы көрсеткен тәуелсіз сараптама бойынша қызметтер санын көрсете отырып, тәуелсіз сарапшылардың бірыңғай тізілімінде тұрған әртүрлі бейіндегі, оның ішінде терапия, хирургия, акушерлік-гинекология, педиатрия бейіндері бойынша 2 (екі) маманнан), мамандардың (кемінде 20 (жиырма) болуы | Аккредиттеу қағидаларының 17-қосымшасына сәйкес ұйым мамандары туралы мәлімет |
7. | Тәуелсіз сараптама мәселелері бойынша қосымша білім алу туралы құжаттардың болуы | Соңғы 5 (бес) жыл ішінде алынған кемінде 108 (жүз сегіз) сағат көлемде біліктілігін арттыру туралы куәлік |
8. | Денсаулық сақтау саласындағы мәселелер бойынша қазақ және орыс тілдерінде жаңартылған ақпаратты қамтитын дербес жұмыс істейтін интернет ресурсының (веб-сайт) болуы | Жұмыс істеп тұрған веб-сайтқа сілтеме (веб-сайт парақшаларының скриншоты) |
9. | Өз бейініне сәйкес сарапшылардың кемінде 30% - ында денсаулық сақтау саласында авторлықтың (тең авторлықтың) және (немесе) жаңашылдықтардың болуы | Денсаулық сақтау саласындағы басылымдарда сарапшылардың жарияланымдарын растайтын құжаттар |
* Денсаулық сақтау субъектілерінің аккредиттеуден кейінгі мониторинг жүргізу жағдайында құжаттар аккредиттеуден кейін 6 (алты) айдан кейін қызмет кезеңінде ұсынылады.
| Денсаулық сақтау саласындағы аккредиттеуден кейінгі мониторинг жүргізу және аккредиттеу туралы куәлікті кері қайтарып алу қағидалары, мерзімдеріне 4-қосымша |
Аккредиттелген субъектіге (менеджерлерді сертификаттау рәсімін іске асыру шеңберінде денсаулық сақтау менеджерлерінің басқарушылық қызметке даярлығын растау бойынша қызметті жүзеге асыру бойынша) қойылатын өлшемшарттар
* Денсаулық сақтау субъектілерінің аккредиттеуден кейінгі мониторинг жүргізу жағдайында құжаттар аккредиттеуден кейін 6 (алты) айдан кейін қызмет кезеңінде ұсынылады.
| Денсаулық сақтау саласындағы аккредиттеуден кейінгі мониторинг жүргізу және аккредиттеу туралы куәлікті кері қайтарып алу қағидалары, мерзімдеріне 5-қосымша |
Аккредиттелген субъектіге (денсаулық сақтау саласындағы қызметті жүзеге асыратын кәсіптік медициналық қауымдастықтар мен қоғамдық бірлестіктерге) қойылатын өлшемшарттар
№ | Өлшемшарттар | Құжат |
1. | Қызмет бағытын және Қазақстан Республикасында тіркелгенін растайтын құқық белгілейтін құжаттардың болуы | Ұйымның жарғысы немесе заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) туралы анықтама (қызметін үлгілік жарғы негізінде жүзеге асыратын тұлғалар үшін) |
2. | Үй-жайдың болуы | Үй-жайға меншік құқығын, уақытша иелік ету және (немесе) пайдалану құқығын растайтын құжат (ақыға немесе өтеусіз) |
3. | Құрылтай құжаттарында көрсетілген қызмет түрлері бойынша қызметтің жоспарланғанын растайтын құжаттың болуы |
Соңғы 3 (үш) жылда 5 (бес) жылға арналған растайтын құжаттармен бірге Стратегиялық жоспарды орындау. |
4. | Мамандықтың репрезентативтілігін ескере отырып, денсаулық сақтау саласындағы қызметті жүзеге асыратын кәсіптік медициналық қауымдастықтар немесе қоғамдық бірлестіктер (бұдан әрі – КМҚ немесе ҚБ) мүшелігінде мамандардың болуы. Мүшелер санының (үлесінің) арақатынасы осы мамандық бойынша ҚР-дағы барлық мамандар санының кемінде 15% - ын құрайды. | Деректерді (ТАӘ (ол болған жағдайда), ЖСН) және мамандық атауын (қолданыстағы маман сертификатына сәйкес), мүшелік мәртебесін, мүшеліктің жеке нөмірін көрсете отырып, КМҚ қазіргі мүшелерінің тізімі |
5. | Өз мүшелерінің білімін арттыру. Жыл сайын КМҚ кәсіби ақпаратты таратумен конференция және (немесе) конгресс және (немесе) мүшелер съезін өткізеді | Конференцияның күн тәртібі немесе бағдарламасы, қатысушылар тізімі, конференциялардың хаттамасы, веб-сайттағы (әлеуметтік желілердегі) мәліметтер |
6. | КМҚ немесе ҚБ мүшелері басшылыққа алатын этикалық нормаларды регламенттейтін құжаттың болуы | КМҚ немесе ҚБ мүшелерінің танысу парағымен бекітілген этикалық нормалардың электрондық көшірмесі |
7. | КМҚ немесе ҚБ мүшелерінің бірінде Халықаралық денсаулық сақтау қауымдастығына немесе шектес салаға мүшелігін растайтын құжаттың болуы | Халықаралық сертификат (куәлік) |
8. | Қызметтің ашықтығы өткізілген іс-шаралар мен қаржы қызметінің көрсеткіштері көрсетілген қызмет туралы есеппен ұсынылған | КМҚ мүшелеріне қолжетімді КМҚ қызметі туралы есеп (соңғы 3 (үш) жылға) |
9. | Миссиясы, қызметі, байланыс деректері туралы қазақ және орыс тілдеріндегі өзекті ақпаратты қамтитын жеке жұмыс істейтін интернет ресурсының (веб-сайт) болуы. | Субъектінің (денсаулық сақтау саласындағы қызметті жүзеге асыратын кәсіптік медициналық қауымдастықтар мен қоғамдық бірлестіктер) қызметі (ұйымның құрылымы, құзыреті, КМҚ немесе ҚБ мүшелігіндегі қызметкерлердің саны бойынша ақпарат) туралы ақпаратты қамтитын жұмыс істеп тұрған веб-сайтқа сілтеме (веб-сайт парақшаларының скриншоты) |
* Денсаулық сақтау субъектілерінің аккредиттеуден кейінгі мониторинг жүргізу жағдайында құжаттар аккредиттеуден кейін 6 (алты) айдан кейін қызмет кезеңінде ұсынылады.
| Денсаулық сақтау саласындағы аккредиттеуден кейінгі мониторинг жүргізу және аккредиттеу туралы куәлікті кері қайтарып алу қағидалары, мерзімдеріне 6-қосымша |
Аккредиттеуден кейінгі мониторинг жүргізу туралы хабарлама
20____ жылғы "____"_________
1. Аккредиттеуден кейінгі мониторинг жүргізу жөніндегі уәкілетті органның
атауы_______________________________________________________
2. Аккредиттеуден кейінгі мониторинг жүргізу нысаны (жоспарлы/жоспардан
тыс):_________________________________________
3. Аккредиттеуден кейінгі мониторинг жүргізуге уәкілетті тұлғаның (тұлғалардың)
тегі, аты, әкесінің аты (ол болған жағдайда) және
лауазымы________________________________________________________
4. Аккредиттеуден кейінгі мониторинг жүргізу үшін тартылатын сарапшылар туралы
мәліметтер___________________________________
5. Аккредиттеуден кейінгі мониторинг субъектісінің атауы (заңды тұлғаның немесе
оның филиалының және (немесе) өкілдігінің атауы, аккредиттеуден кейінгі
мониторинг тағайындалған жеке тұлғаның тегі, аты, әкесінің аты (ол болған
жағдайда), оның орналасқан жері, жеке сәйкестендіру нөмірі/бизнес-сәйкестендіру
нөмірі
___________________________________________________________________
6. Аккредиттеуден кейінгі мониторинг жүргізілген күн _____________
7. Мониторинг жүргізу негіздері:
___________________________________________________________________
___________________________________________________________________
| Денсаулық сақтау саласындағы аккредиттеуден кейінгі мониторинг жүргізу және аккредиттеу туралы куәлікті кері қайтарып алу қағидалары, мерзімдеріне 7-қосымша |
Медициналық ұйымның аккредиттеуден кейінгі мониторинг нәтижелері туралы қорытынды
1. Аккредиттеуден кейінгі мониторинг жүргізген орган: ___________
2. Қорытынды жасалған күні, уақыты және орны: _______________________
3. Медициналық ұйымның атауы: ____________
4. Аккредиттеуден кейінгі мониторингті жүзеге асырған тұлғаның (тұлғалардың) тегі,
аты, әкесінің аты (ол болған жағдайда) және лауазымы:
__________________________________________________________________
5. Медициналық ұйымның атауы немесе уәкілетті өкілінің тегі, аты, әкесінің аты (ол
болған жағдайда), лауазымы*: ________________________
6. Аккредиттеуден кейінгі мониторинг жүргізу үшін тартылатын мамандар мен
сарапшылар туралы мәлімет: ___________________________
7. Аккредиттеуден кейінгі мониторинг нәтижелері туралы, оның ішінде
"Медициналық ұйымдарды аккредиттеу стандарттарын бекіту туралы" Қазақстан
Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушының 2021 жылғы 5
қарашадағы № ҚР ДСМ - 111 бұйрығымен бекітілген (Нормативтік құқықтық
актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 25057 болып тіркелді) (бұдан әрі –
Аккредиттеу стандарттары) аккредиттеу стандарттарына анықталған сәйкессіздіктер
туралы мәлімет:
1.________________________________________________________
2.________________________________________________________
3.________________________________________________________
8. Аккредиттеу стандарттарына сәйкес келмеуі бойынша анықталған ескертулерді
жою жөніндегі ұсынымдар**:
______________________________________________________________
9. Медициналық ұйымның уәкілетті өкілінің аккредиттеуден кейінгі мониторинг
қорытындысымен танысу немесе танысудан бас тарту туралы мәлімет (ол болған
жағдайда):
______________________________________________________________
Ескертпе:
*Өкілдік Қазақстан Республикасының Азаматтық процестік кодексінің 61-бабына
сәйкес құжаттармен расталады.
**Медициналық ұйымның аккредиттеуден кейінгі мониторинг нәтижелері бойынша
ұсынымдарды орындау мерзімі _____ жылғы " __" ____ дейін.
Аккредиттеуден кейінгі мониторингке қатысқан тұлғалардың қолдары
________________________________ | _______________________________ |
ТАӘ (ол болған жағдайда)__________ | ТАӘ (ол болған жағдайда)_________ |
Лауазымы _______________________ | Лауазымы ______________________ |
