ЗҚАИ-ның ескертпесі!
Осы бұйрық 01.09.2026 бастап қолданысқа енгізіледі.
"Сауда қызметін реттеу туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 7-2-бабы 7) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. Тағамға биологиялық белсенді қоспаларды таңбалауда қолданылатын бақылау (сәйкестендіру) белгісінің, сәйкестендіру құралының бір бірлікке арналған қосылған құн салығынсыз шекті құны 2,68 теңге мөлшерінде айқындалсын.
2. Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрлігі Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау комитеті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрыққа қол қойылғаннан күннен бастап бес жұмыс күні ішінде оны электрондық нысанда қазақ және орыс тілдерінде ресми жариялау және Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне енгізу үшін Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің "Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жіберуді;
2) осы бұйрықты ресми жарияланған кейін Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау вице-министріне жүктелсін.
4. Осы бұйрық 2026 жылғы 1 қыркүйектен бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануға тиіс.
|
Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрі |
А. Альназарова |
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасының
Сауда және интеграция министрлігі
