Алматы қаласы Түрксіб ауданы әкімінің 2019 жылғы 11 сәуірдегі № 1 "Алматы қаласы Түрксіб ауданында сайлау учаскелерін құру туралы" шешіміне өзгерістер енгізу туралы

Жаңа

Алматы қаласы Түрксіб ауданы әкімінің 2026 жылғы 4 мамырдағы № 2 шешімі

      ШЕШТІ:

      1. Алматы қаласы Түрксіб ауданы әкімінің 2019 жылғы 11 сәуірдегі № 1 "Алматы қаласы Түрксіб ауданында сайлау учаскелерін құру туралы" шешіміне (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде №1539 болып тіркелген) келесі өзгерістер енгізілсін:

      көрсетілген шешімнің 1 қосымшасындағы №428, 429, 478 сайлау учаскелері орталықтарының атаулары осы шешімнің 1 қосымшасына сәйкес өзгертілсін;

      көрсетілген шешімнің 2 қосымшасындағы №425, 426, 427, 430, 436, 442, 443, 445, 447, 462, 463, 478, 521, 522, 523, 645 сайлау учаскелерінің шекаралары осы шешімнің 1 қосымшасына сәйкес өзгертілсін;

      2. "Алматы қаласы Түрксіб ауданы әкімінің аппараты" коммуналдық мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіпте осы шешімді ресми жариялағаннан кейін Алматы қаласы Түрксіб ауданы әкімі аппаратының интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.

      3. Осы шешімнің орындалуын бақылау Алматы қаласы Түрксіб ауданы әкімінің аппарат басшысына жүктелсін.

      4. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Аудан әкімі Д. Әкежанов
      КЕЛІСІЛДІ:
      Алматы қаласы аумақтық сайлау комиссиясы А. Қалықова

  Алматы қаласы
  Түрксіб ауданы әкімінің
  2026 жылғы "__" _______
  № __ шешіміне 1 қосымша

      № 428 сайлау учаскесі (Орталығы: "№115 жалпы білім беретін мектеп" коммуналдық мемлекеттік мекемесі, Алтай-1 шағынауданы, 28 үй);

      № 429 сайлау учаскесі (Орталығы: "№142 жалпы білім беретін мектеп" коммуналдық мемлекеттік мекемесі, Жұлдыз-1 шағынауданы, 20 үй);

      № 478 сайлау учаскесі (Орталығы: шаруашылық жүргізу құқығындағы "№20 қалалық емхана" коммуналдық мемлекеттік кәсіпорны, Жұлдыз-1 шағынауданы, 5В үй);

  Алматы қаласы
  Түрксіб ауданы әкімінің
  2026 жылғы "__" _______
  № __ шешіміне 2 қосымша

      №425 сайлау учаскесі

      Орталығы: "№44 мектеп-гимназиясы" коммуналдық мемлекеттік мекемесі, Алматы қаласы, Огарев көшесі, 6.

      Шекарасы: Бұқтырма көшесінен Бейімбет Майлин көшесі бойымен солтүстік-шығысқа қарай (оңтүстік-шығыс жағы) Әуежай аумағының шығыс шекарасына дейін; Әуежай аумағының шекарасы бойымен, Нұршашқан шағынауданы аумағының солтүстік шекарасы бойымен Нұршашқан шағынауданының Бөктергі көшесіне дейін; Нұршашқан шағынауданының Бөктергі көшесімен оңтүстікке қарай (батыс жағы) Нұршашқан шағынауданының Нығмет көшесіне дейін; Нұршашқан шағынауданының Нығмет көшесінен оңтүстік-батысқа қарай (солтүстік-батыс жағы) Бұқтырма көшесіне дейін; Бұқтырма көшесі бойымен солтүстік-батысқа қарай (солтүстік-шығыс жағы) Бейімбет Майлин көшесіне дейін.

      №426 сайлау учаскесі

      Орталығы: "№44 мектеп-гимназиясы" коммуналдық мемлекеттік мекемесі, Алматы қаласы, Огарев көшесі, 6.

      Шекарасы: Бейімбет Майлин көшесінен Кіші Алматы өзенінің арнасы бойымен солтүстікке қарай (шығыс жағы) Әлмерек шағынауданы Бейбітшілік көшесіндегі №20 үй аумағының солтүстік шекарасына дейін; Алмерек шағынауданы Бейбітшілік көшесіндегі №20 үй аумағының солтүстік шекарасы бойымен шығысқа қарай (оңтүстік жағы) қала шекарасына дейін; қала шекарасы бойымен оңтүстікке қарай (батыс жағы), одан әрі шығысқа қарай (оңтүстік жағы) Қотырбұлақ өзенінің арнасына дейін; Қотырбұлақ өзенінің арнасы бойымен оңтүстікке қарай (батыс жағы) Бейімбет Майлин көшесіне дейін; Бейімбет Майлин көшесі бойымен батысқа қарай (солтүстік жағы) Кіші Алматы өзенінің арнасына дейін.

      №427 сайлау учаскесі

      Орталығы: "Д. Бабаев атындағы №115 жалпы білім беретін мектеп" коммуналдық мемлекеттік мекемесі, Алматы қаласы, Алтай-1 шағынауданы, 28 үй.

      Шекарасы: Монтажная көшесінен Наманган көшесі бойымен шығысқа қарай (оңтүстік жағы) Поддубный көшесіне дейін; Поддубный көшесімен оңтүстікке қарай (батыс жағы) Новокузнецкая көшесіне дейін; Новокузнецкая көшесімен шығысқа қарай (оңтүстік жағы) Кіші Алматы өзенінің арнасына дейін; Кіші Алматы өзенінің арнасы бойымен оңтүстікке қарай (батыс жағы) Бейімбет Майлин көшесіне дейін; Бейімбет Майлин көшесі бойымен батысқа қарай (солтүстік жағы) Лавренев көшесіне дейін; Лавренев көшесімен солтүстікке қарай Алтай-1 шағынауданының №26, 25, 25А, 24, 23, 22, 21 үйлерінің аумағының шығыс шекарасы бойымен Алтай-1 шағынауданының №12 үйінің аумағының оңтүстік шекарасына дейін; Алтай-1 шағынауданының №12 үйінің аумағының оңтүстік шекарасы бойымен шығысқа қарай Алтай-1 шағынауданының №14 үйінің аумағының батыс шекарасына дейін; Алтай-1 шағынауданының №14 және №6 үйлерінің аумағының батыс шекарасы бойымен солтүстікке қарай (шығыс жағы) Наманган көшесіне дейін; Наманган көшесі бойымен шығысқа қарай (оңтүстік жағы) Монтажная көшесіне дейін.

      №430 сайлау учаскесі

      Орталығы: "Д. Бабаев атындағы №115 жалпы білім беретін мектеп" коммуналдық мемлекеттік мекемесі, Алматы қаласы, Алтай-1 шағынауданы, 28 үй.

      Шекарасы: Лавренев көшесінен Бекмаханов көшесі бойымен батысқа қарай (солтүстік жағы) Резвых көшесіне дейін; Резвых көшесімен солтүстікке қарай (шығыс жағы) Наманган көшесіндегі №1 үй аумағының шекарасына дейін; Наманган көшесі бойымен шығысқа қарай (оңтүстік жағы) Алтай-1 шағынауданының №39 үй аумағының батыс шекарасына дейін; Алтай-1 шағынауданының №39, №16, №13 үйлерінің аумағының батыс шекарасы бойымен оңтүстікке қарай (батыс жағы) Алтай-1 шағынауданының №10 үй аумағының солтүстік шекарасына дейін; Алтай-1 шағынауданының №10, №11 үйлерінің аумағының солтүстік шекарасы бойымен батысқа қарай (солтүстік жағы) Лавренев көшесіне дейін; Лавренев көшесімен оңтүстікке қарай (батыс жағы), Алтай-1 шағынауданының №21, 22, 23, 24, 25А, 25, 26 үйлерінің аумақтарын қоса алғанда, Бекмаханов көшесіне дейін.

      №436 сайлау учаскесі

      Орталығы: "№142 жалпы білім беретін мектеп" коммуналдық мемлекеттік мекемесі, Алматы қаласы, Жұлдыз-1 шағынауданы, 20 үй.

      Шекарасы: Дүнентаев көшесіндегі №№2Ж, 8Б, 8Г, 10А, 12А, 12В, 14А, 16А, 18А, 18Б, 20А, 20, 22А, 22, 24, 26, 31 үйлер; Жұлдыз-2 шағынауданы-ның №№28, 29, 30, 30А, 31, 32, 33, 34, 35, 39А, 39Б, 39В, 39Г үйлері.

      №442 сайлау учаскесі

      Орталығы: "№84 жалпы білім беретін мектеп" коммуналдық мемлекеттік мекемесі Алматы қаласы, Нұрсая көшесі, 56.

      Шекарасы: Клара Цеткин көшесінен Земнухов көшесі бойымен оңтүстік-шығысқа қарай (оңтүстік-батыс жағы) Апанасенко көшесіне дейін; Апанасенко көшесімен солтүстікке қарай (шығыс жағы) Басқарасу өзенінің арнасына дейін; Басқарасу өзенінің арнасы бойымен оңтүстікке қарай (батыс жағы) Заветная көшесіндегі №68 үй аумағының оңтүстік шекарасына дейін; Заветная көшесіндегі №68 үй аумағының оңтүстік шекарасы бойымен батысқа қарай (солтүстік жағы) Клара Цеткин көшесіне дейін; Клара Цеткин көшесімен солтүстікке қарай (шығыс жағы) Земнухов көшесіне дейін.

      №443 сайлау учаскесі

      Орталығы: "№11 жалпы білім беретін мектеп" коммуналдық мемлекеттік мекемесі Алматы қаласы, Волгоград көшесі, 22/137.

      Шекарасы: Земнухов көшесінен Харьков көшесі бойымен солтүстікке қарай (шығыс жағы) Бекмаханов көшесіне дейін; Бекмаханов көшесімен шығысқа қарай (оңтүстік жағы) Бейсебаев көшесіне дейін; Бейсебаев көшесімен оңтүстікке қарай (батыс жағы) Нұрсая көшесіне дейін; Нұрсая көшесі бойымен шығысқа қарай (оңтүстік жағы) Волгоград көшесіне дейін; Волгоград көшесімен солтүстікке қарай (шығыс жағы) Бекмаханов көшесіне дейін; Бекмаханов көшесімен шығысқа қарай (оңтүстік жағы) Басқарасу өзенінің арнасына дейін; Басқарасу өзенінің арнасы бойымен оңтүстікке қарай (батыс жағы) Кобиков көшесіне дейін; Кобиков көшесінен Апанасенко көшесі бойымен оңтүстікке қарай (батыс жағы) Земнухов көшесіне дейін; Земнухов көшесі бойымен батысқа қарай (солтүстік жағы) Харьков көшесіне дейін.

      №447 сайлау учаскесі

      Орталығы: шаруашылық жүргізу құқығындағы "№24 қалалық емхана" мемлекеттік коммуналдық кәсіпорны, Алматы қаласы, Земнухов көшесі, 3/1.

      Шекарасы: Тренев көшесінен Жансүгіров көшесі бойымен, одан әрі Қапшағай тас жолы бойымен солтүстікке қарай (шығыс жағы) Кемел шағынауданы аумағының оңтүстік шекарасына дейін; Кемел шағынауданы аумағының оңтүстік шекарасы бойымен Сұлтанқарасу өзенінің арнасы бойымен шығысқа қарай (оңтүстік жағы) Спасская көшесіндегі №86Б үй аумағының солтүстік шекарасына дейін; Спасская көшесіндегі №86Б үй аумағының солтүстік шекарасы бойымен шығысқа қарай (оңтүстік жағы) Спасская көшесіне дейін; Спасская көшесімен оңтүстікке қарай (батыс жағы) Спасская көшесіндегі №64 үй аумағының оңтүстік шекарасына дейін; Спасская көшесіндегі №64 үй аумағының оңтүстік шекарасы бойымен Шмидт көшесіне дейін; Шмидт көшесі бойымен оңтүстік-батысқа қарай (солтүстік-батыс жағы) Нұрсая көшесіне дейін; Нұрсая көшесінен Орловская көшесі бойымен оңтүстікке қарай (батыс жағы) Земнухов көшесіне дейін; Земнухов көшесі бойымен оңтүстік-шығысқа қарай (оңтүстік-батыс жағы) Клара Цеткин көшесіне дейін; Клара Цеткин көшесімен оңтүстікке қарай (батыс жағы) Сортировочная көшесіне дейін; Сортировочная көшесі бойымен батысқа қарай (солтүстік жағы) Жансүгіров көшесіне дейін.

      №462 сайлау учаскесі

      Орталығы: "Алматы гуманитарлық-педагогикалық колледжі №1" коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны, Алматы қаласы, Шемякин көшесі, 131.

      Шекарасы: Рысқұлов даңғылынан Шемякин көшесі бойымен солтүстікке қарай (шығыс жағы) Саран көшесіне дейін; Саран көшесімен шығысқа қарай (оңтүстік жағы) Айтыков көшесіндегі №55 үй аумағының шекарасына дейін; Айтыков көшесіндегі №55 үй аумағының шекарасы бойымен солтүстікке қарай (шығыс жағы) Шуақты шағынауданының Саялы көшесіне дейін; Шуақты шағынауданының Саялы көшесі бойымен шығысқа қарай (оңтүстік жағы) Қарасу-6 өзенінің арнасына дейін; Қарасу-6 өзенінің арнасы бойымен солтүстікке қарай (шығыс жағы) Кіші Алматы өзенінің арнасына дейін; Кіші Алматы өзенінің арнасы бойымен оңтүстікке қарай (батыс жағы) Рысқұлов даңғылына дейін; Рысқұлов даңғылы бойымен батысқа қарай (солтүстік жағы) Шемякин көшесіне дейін.

      №463 сайлау учаскесі

      Орталығы: "№17 жалпы білім беретін мектеп" коммуналдық мемлекеттік мекемесі, Алматы қаласы, ГҰте көшесі, 177.

      Шекарасы: Янка Купала көшесінен Герцен көшесі бойымен солтүстікке қарай (шығыс жағы), Герцен көшесіндегі үйлер аумағының шекарасын қоса отырып Громов көшесіне дейін; Громов көшесімен шығысқа қарай (оңтүстік жағы) Левый Улькенқарсу өзенінің арнасына дейін; Левый Улькенқарсу өзенінің арнасы бойымен солтүстікке қарай (шығыс жағы) Енисей көшесіне дейін; Енисей көшесімен шығысқа қарай (оңтүстік жағы) Федосеев көшесіне дейін; Федосеев көшесімен оңтүстікке қарай (батыс жағы) Федосеев көшесіндегі №2А үй аумағының солтүстік шекарасына дейін; Федосеев көшесіндегі №2А үй аумағының солтүстік шекарасы бойымен шығысқа қарай (оңтүстік жағы) Қарасу-7 өзенінің арнасына дейін; Қарасу-7 өзенінің арнасы бойымен оңтүстікке қарай (батыс жағы) Жас Қанат шағынауданы Алимбаев Мұзафар көшесіндегі №49 үй аумағының шекарасына дейін; Жас Қанат шағынауданы Алимбаев Мұзафар көшесіндегі №49 үй аумағының шекарасы бойымен шығысқа қарай (оңтүстік жағы) Баймағамбетов көшесіне дейін; Баймағамбетов көшесімен оңтүстікке қарай (батыс жағы), Баймағамбетов көшесінің барлық үйлерін қоса отырып Саран көшесіне дейін; Саран көшесімен батысқа қарай (солтүстік жағы) Шемякин көшесіне дейін; Шемякин көшесімен солтүстікке қарай (шығыс жағы) Янка Купала көшесіне дейін; Янка Купала көшесімен батысқа қарай (солтүстік жағы) Герцен көшесіне дейін.

      №478 сайлау учаскесі

      Орталығы: "№142 жалпы білім беретін мектеп" коммуналдық мемлекеттік мекемесі, Алматы қаласы, Жұлдыз-1 шағынауданы, 20 үй.

      Шекарасы: Жұлдыз-1 шағынауданының №№1А, 1, 1Б, 1В, 2, 3, 4, 5, 6, 7, 8, 9, 10, 11, 12, 13, 14, 15, 16, 17А, 17В, 18А, 19А, 19Б, 21А, 21, 23, 25, 25Б, 19, 26 үйлері.

      №521 сайлау учаскесі

      Орталығы: "№195 жалпы білім беретін мектеп" коммуналдық мемлекеттік мекемесі Алматы қаласы, Әлмерек" шағынауданы, Шортанбай жырау көшесі, 72/2.

      Шекарасы: Әлмерек шағынауданының Бейбітшілік көшесіндегі №20 және №22 үйлер арасындағы Кіші Алматы өзенінің арнасынан шығысқа қарай (солтүстік жағы) қала шекарасына дейін; қала шекарасы бойымен солтүстікке, одан әрі батысқа қарай Кіші Алматы өзенінің арнасына дейін; Кіші Алматы өзенінің арнасы бойымен оңтүстікке қарай (шығыс жағы) Альмерек шағынауданы Бейбітшілік көшесіндегі №22 үй аумағының оңтүстік шекарасына дейін.

      №522 сайлау учаскесі

      Орталығы: шаруашылық жүргізу құқығындағы "№28 қалалық емхана" мемлекеттік коммуналдық кәсіпорны, Алматы қаласы, "Жас Қанат" шағынауданы, 54/2 үй.

      Шекарасы: Рысқұлов даңғылынан Қайрат шағынауданы аумағының батыс шекарасы бойымен Кіші Алматы өзенінің арнасына дейін, одан әрі өзен арнасы бойымен солтүстікке қарай (шығыс жағы) Қайрат шағынауданы Сынтас көшесіндегі №1 үй аумағының оңтүстік шекарасына дейін; Сынтас көшесіндегі №1 үй аумағының оңтүстік шекарасы бойымен шығысқа қарай (оңтүстік жағы) Қайрат шағынауданы Ақжамал көшесіне дейін; Ақжамал көшесі бойымен оңтүстік-шығысқа қарай (оңтүстік-батыс жағы) Жаяу Мұса көшесіне дейін; Жаяу Мұса көшесі бойымен оңтүстік-батысқа қарай (солтүстік-батыс жағы) Нарбота көшесіне дейін; Нарбота көшесімен шығысқа қарай (оңтүстік жағы) Қайрат шағынауданы Белбұлақ көшесіндегі №46 үй аумағының шығыс шекарасына дейін; Белбұлақ көшесіндегі №46 үй аумағының шығыс шекарасы бойымен оңтүстік-шығысқа қарай (оңтүстік-батыс жағы) Ханшайым көшесіне дейін; Ханшайым көшесі бойымен оңтүстік-батысқа қарай (солтүстік-батыс жағы) Жарбұлақ өзенінің арнасына дейін, Қайрат шағынауданы Белбұлақ көшесіндегі №106, 108, 110, 112 үйлер аумағын қоса отырып; Жарбұлақ өзенінің арнасы бойымен оңтүстікке қарай (батыс жағы) Рысқұлов даңғылына дейін; Рысқұлов даңғылы бойымен батысқа қарай (солтүстік жағы) Қайрат шағынауданы аумағының батыс шекарасына дейін.

      №523 сайлау учаскесі

      Орталығы: "№203 жалпы білім беретін мектеп" коммуналдық мемлекеттік мекемесі Алматы қаласы, "Нұршашқан" шағынауданы, Досбол би көшесі, 31.

      Шекарасы: Нұршашқан шағынауданы Бөктергі көшесінен Нұршашқан шағынауданының солтүстік шекарасы бойымен солтүстік-шығысқа қарай (оңтүстік-шығыс жағы) Талғар ауданының шекарасына дейін; Талғар ауданының шекарасы бойымен оңтүстікке қарай (батыс жағы) Құлжа тракты жолына дейін; Құлжа тракты жолымен оңтүстік-батысқа қарай (солтүстік-батыс жағы) Бұқтырма көшесіне дейін; Бұқтырма көшесі бойымен солтүстік-батысқа қарай (солтүстік-шығыс жағы) Нұршашқан шағынауданы Тайбағар көшесіндегі №1 үй аумағының шекарасына дейін; Тайбағар көшесіндегі №1 үй аумағының шекарасынан солтүстікке қарай (шығыс жағы) Нығмет көшесіне дейін; Нығмет көшесі бойымен шығысқа қарай (оңтүстік жағы) Бөктергі көшесіне дейін; Бөктергі көшесі бойымен солтүстікке қарай (шығыс жағы) Нұршашқан шағынауданының солтүстік шекарасына дейін.

      №645 сайлау учаскесі

      Орталығы: "№211 мектеп-гимназиясы" коммуналдық мемлекеттік мекемесі, Алматы қаласы, "Қайрат" шағынауданы, Байтума Тұраров көшесі, 20/2.

      Шекарасы: Рысқұлов даңғылынан Жарбұлақ өзенінің арнасы бойымен солтүстікке қарай (шығыс жағы) Қайрат шағынауданы Ханшайым көшесінің тұсына дейін; Ханшайым көшесі бойымен солтүстікке қарай (шығыс жағы) Белбұлақ көшесіндегі №46 үй аумағының солтүстік шекарасына дейін (Белбұлақ көшесіндегі №106, 108, 110, 112 үйлер аумағын қоспағанда); Белбұлақ көшесіндегі №46 үй аумағының солтүстік шекарасы бойымен батысқа қарай (солтүстік жағы) Жаяу Мұса көшесіне дейін; Жаяу Мұса көшесімен солтүстік-шығысқа қарай (оңтүстік-шығыс жағы) Көрімдік көшесіне дейін; Көрімдік көшесімен шығысқа қарай (оңтүстік жағы) Тараз көшесіне дейін; Тараз көшесімен оңтүстікке қарай (батыс жағы) Қарасу-10 өзенінің арнасына дейін; Қарасу-10 өзенінің арнасы бойымен батысқа қарай (солтүстік жағы) Үлке көшесіне дейін; Үлке көшесі бойымен оңтүстік-шығысқа қарай (оңтүстік-батыс жағы), Қайрат шағынауданының №181 және №182 үйлерінің арасы арқылы Құлжа тракты жолына дейін; Құлжа тракты жолымен оңтүстік-батысқа қарай (солтүстік-батыс жағы) Рысқұлов даңғылына дейін; Рысқұлов даңғылы бойымен батысқа қарай (солтүстік жағы) Жарбұлақ өзенінің арнасына дейін.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады