ШЕШТІМ:
1. Алматы қаласы Жетісу ауданы әкімінің "Алматы қаласы Жетісу ауданы бойынша сайлау учаскелерін құру туралы" 2019 жылғы 12 сәуірдегі № 03 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 1546 болып тіркелген) шешіміне келесі өзгеріс енгізілсін:
көрсетілген шешімнің №1 қосымшасындағы № 337, 343 сайлау учаскелерінің орталықтары келесі редакцияда жазылсын:
"№ 337 сайлау учаскесі (орталығы: "№ 57 жалпы білім беретін мектеп" коммуналдық мемлекеттік мекемесі, Алматы қаласы, Ботаническая көшесі, № 2 үй);
№ 343 сайлау учаскесі (орталығы: "№ 57 жалпы білім беретін мектеп" коммуналдық мемлекеттік мекемесі, Алматы қаласы, Ботаническая көшесі, № 2 үй)".
2. Алматы қаласы Жетісу ауданы әкімінің аппараты Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіпте осы шешімді ресми жарияланған кейін Алматы қаласы Жетісу ауданы әкімі аппаратының интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.
3. Осы шешімнің орындалуын бақылау Алматы қаласы Жетісу ауданы әкімі аппаратының басшысына жүктелсін.
4. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
| Жетісу ауданының әкімі | Л. Жылқыбаева |
| "КЕЛІСІЛДІ" | |
| Алматы қаласы аумақтық сайлау | |
| комиссиясының төрағасы | А. Қалықова |
