Алматы қаласы әкімдігінің кейбір қаулыларының күшін жою туралы

Жаңа

Алматы қаласы әкімдігінің 2026 жылғы 18 тамыздағы № 3/534 қаулысы

      "Құқықтық актілер туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес Алматы қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Алматы қаласы әкімдігінің кейбір қаулылары жойылсын:

      1) "Алматы қаласының жекелеген аумақтарында көлік құралдарының кіруін шектеу туралы" Алматы қаласы әкімдігінің 2016 жылғы 8 сәуірдегі № 2/122 қаулысы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 1278 болып тіркелген);

      2) "Алматы қаласы әкімдігінің "Алматы қаласының жекелеген аумақтарына көлік құралдарының кіруін шектеу туралы" 2016 жылғы 8 сәуірдегі № 2/122 қаулысына өзгеріс пен толықтыру енгізу туралы" Алматы қаласы әкімдігінің 2023 жылғы 6 наурыздағы № 1/167 қаулысы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 1721 болып тіркелген).

      2. "Алматы қаласы Экология және қоршаған орта басқармасы" коммуналдық мемлекеттік мекемесі осы қаулыдан туындайтын қажетті шараларды қабылдасын.

      3. Осы қаулының орындалуын бақылау Алматы қаласы әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.

      4. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Алматы қаласының әкімі Д. Сатыбалды

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады