"Алматы қаласында тіркелген Қазақстан Республикасы азаматтарының жекелеген санаттарына амбулаториялық емдеу кезінде тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемін, оның ішінде дәрілік заттарды, арнайы емдік өнімдерді, медициналық бұйымдарды қосымша тегін беру туралы" Алматы қаласы мәслихатының 2020 жылғы 30 қазандағы № 497 шешіміне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

Жаңа

VIII сайланған Алматы қаласы мәслихатының кезектi XLVI сессиясының 2026 жылғы 10 маусымдағы № 310 шешiмi

      Алматы қаласының мәслихаты ШЕШТІ:

      1. "Алматы қаласында тіркелген Қазақстан Республикасы азаматтарының жекелеген санаттарына амбулаториялық емдеу кезінде тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемін, оның ішінде дәрілік заттарды, арнайы емдік өнімдерді, медициналық бұйымдарды қосымша тегін беру туралы" Алматы қаласы мәслихатының 2020 жылғы 30 қазандағы № 497 шешіміне (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 1656 болып тіркелген) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:

      аталған шешімнің қосымшасында:

      2-тармақтың 2) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

      "

2)

Муковисцидоз

"Залалсыздандырылған нутриэн стандарты"
"Нутриэн Энергия"
"Нутриэн Стандарт"
"Ресурс Юниор" "Педиашур, Здоровейка"

  ";

      1-бөлімді мынадай мазмұндағы 78), 79) реттік нөмірлі жолдармен толықтырылсын:

      "

78)

Жедел миелобластық лейкоз, Созылмалы лимфолейкоз, Миелодиспластикалық синдром

"Венетоклакс"

79)

Ювенильді идиопатиялық артрит

"Анакинра"

  ".

      2. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Алматы қаласы мәслихатының төрағасы М. Отыншиев

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады