Алматы қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Алматы қаласы әкімдігінің "Алматы қаласы әкімінің аппараты" коммуналдық мемлекеттік мекемесін қайта ұйымдастырудың кейбір мәселелері туралы" 2019 жылғы 4 ақпандағы № 1/89 қаулысына келесі толықтырулар енгізілсін:
"Алматы қаласы әкімінің аппараты" коммуналдық мемлекеттік мекемесі туралы ережедегі:
14 тармақ келесі мазмұндағы 26-1), 26-2), 26-3) тармақшалармен толықтырылсын:
"26-1) Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелері жөніндегі Алматы қалалық комиссиясының, Алматы қаласы әкімдігі жанындағы терроризмге қарсы комиссияның, нашақорлық пен есірткі қылмысына қарсы іс- қимылға бағытталған мемлекеттік органдардың қызметін үйлестіру жөніндегі ведомствоаралық штабтың, Алматы қаласы әкімдігі жанындағы құқық бұзушылықтардың алдын алу жөніндегі ведомствоаралық комиссияның, Қоғамдық тәртіпті қорғауға қатысатын азаматтарды көтермелеу жөніндегі комиссияның, дағдарыс жағдайының қаупі мен туындауы кезінде қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз ету жөніндегі мемлекеттік органдардың қызметін үйлестіру жөніндегі өңірлік жедел штабтың қызметін қамтамасыз ету, терроризмге қарсы күрес жөніндегі Алматы қалалық жедел штабтың жұмысына жәрдемдесу;
26-2) терроризмге қарсы комиссия арқылы терроризм мен экстремизмнің алдын алу, сондай-ақ Алматы қаласының аумағында террористік көріністердің салдарын барынша азайту және (немесе) жою жөніндегі қызметті ұйымдастыру және үйлестіру;
26-3) жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын атқарушы органдардан және қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз ету, қылмысқа қарсы күрес, құқық бұзушылықтардың алдын алу, сыбайлас жемқорлыққа, экстремизм мен терроризмге қарсы іс-қимыл мәселелері жөніндегі басқа да уәкілетті мемлекеттік органдардан келіп түсетін ақпаратты және өзге де материалдарды талдау;".
2. "Алматы қаласы әкімінің аппараты" коммуналдық мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасы заңнамасымен белгіленген тәртіпте:
1) құрылтай құжатына енгізілген өзгерістер туралы Алматы қаласының әділет органдарына хабарлауды;
2) осы қаулыны ресми жариялау және Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне енгізу үшін Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің "Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жіберуді қамтамасыз етсін.
3. Осы қаулының орындалуын бақылау Алматы қаласы әкімі аппаратының басшысына жүктелсін.
4. Осы қаулы алғаш ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
| Алматы қаласының әкімі | Д. Сатыбалды |