Алматы қаласы әкімдігінің "Мектепке дейінгі ұйымдарда халықтың әлеуметтік осал топтарындағы отбасылардан шыққан мектеп жасына дейінгі балаларды тамақтандыруға кететін шығындарды өтеу туралы" 2023 жылғы 4 қыркүйектегі № 3/473 қаулысына өзгеріс енгізу туралы

Жаңа

Алматы қаласы әкімдігінің 2026 жылғы 27 қаңтардағы № 1/46 қаулысы

      Алматы қаласының әкiмдiгi ҚАУЛЫ ЕТЕДI:

      1. Алматы қаласы әкімдігінің "Мектепке дейінгі ұйымдарда халықтың әлеуметтік осал топтарындағы отбасылардан шыққан мектеп жасына дейінгі балаларды тамақтандыруға кететін шығындарды өтеу туралы" 2023 жылғы 4 қыркүйектегі № 3/473 қаулысына келесі өзгеріс енгізілсін:

      1 тармақ келесі редакцияда жазылсын:

      "1. Алматы қаласының мемлекеттік мектепке дейінгі ұйымдарында тәрбиеленушілердің келесі жекелеген санаттары:

      1) жетім балаларды және ата-аналарының қамқорлығынсыз қалған балаларды;

      2) бірінші және екінші топтағы мүгедектігі бар адамдарды, бала кезінен мүгедектігі бар адамдарды, мүгедектігі бар балаларды;

      3) атаулы әлеуметтік көмек алуға құқығы бар көп балалы отбасылардан шыққан балаларды, сондай-ақ мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек алмайтын, жан басына шаққандағы орташа табысы ең төмен күнкөріс деңгейінен төмен көп балалы отбасылардан шыққан балаларды;

      4) атаулы әлеуметтік көмек алуға құқығы бар отбасылардан шыққан балаларды тамақтандыруға кететін шығындар толығымен өтелсін.".

      2. Осы қаулының орындалуын бақылау Алматы қаласы әкiмiнiң жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсiн.

      3. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін қолданысқа енгізіледі және 2026 жылғы 1 қаңтардан бастап туындайтын құқықтық қатынастарға қолданылады.

      Алматы қаласы әкімінің міндетін атқарушы А. Сматлаев

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады