Шарбақты ауданы бойынша коммуналдық қалдықтардың түзілу және жиналу нормаларын, халық үшін қатты тұрмыстық қалдықтарды жинауға, тасымалдауға, сұрыптауға және көмуге арналған тарифтерді бекіту туралы

Жаңа

Павлодар облысы Шарбақты аудандық мәслихатының 2026 жылғы 30 қаңтардағы № 165/55 шешімі

      Қазақстан Республикасының Экология Кодексінің 365-бабы 3-тармағының 2) және 3) тармақшаларына, Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 6-бабы 1-тармағының 15) тармақшасына, Қазақстан Республикасы Экология, геология және табиғи ресурстар министрінің 2021 жылғы 1 қыркүйектегі "Коммуналдық қалдықтардың түзілу және жинақталу нормаларын есептеудің үлгілік қағидаларын бекіту туралы" № 347 бұйрығына, Қазақстан Республикасы Экология, геология және табиғи ресурстар министрінің 2021 жылғы 14 қыркүйектегі "Халық үшін қатты тұрмыстық қалдықтарды жинауға, тасымалдауға, сұрыптауға және көмуге арналған тарифті есептеу әдістемесін бекіту туралы" № 377 бұйрығына сәйкес, Шарбақты аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      1. Шарбақты ауданы бойынша коммуналдық қалдықтардың түзілу және жиналу нормалары осы шешімнің 1-қосымшасына сәйкес бекітілсін.

      2. Шарбақты ауданы бойынша халық үшін қатты тұрмыстық қалдықтарды жинауға, тасымалдауға, сұрыптауға және көмуге арналған тарифтер осы шешімнің 2-қосымшасына сәйкес бекітілсін.

      3. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Аудандық мәслихат төрағасы Г. Смаилханова

  Шарбақты аудандық
мәслихатының
2026 жылғы 30 қаңтар
№ 165/55 шешіміне
1-қосымша

Шарбақты ауданы бойынша коммуналдық қалдықтардың түзілу және жинақталу нормалары

 
Коммуналдық қалдықтарды жинақтау объектісі Есептік бірлік Есептік бірлік үшін жылдық жинақтау нормасы,
м³

1.

Жайлы және жайлы емес үйлер

1 тұрғын

2,67

2.

Жатақханалар, интернаттар, балалар үйлері, қарттар үйлері және сол сияқтылар

1 орын

-

3.

Қонақ үйлер, санаторийлер, демалыс үйлері

1 орын

-

4.

Балабақшалар, бөбекжай және басқа да мектепке дейінгі мекемелер

1 орын

52

5.

Мекемелер, ұйымдар, офистер, кеңселер, банктер, байланыс бөлімшелері

1 қызметкер

0,52

6.

Поликлиникалар, медициналық орталықтар

1 бару

-

7.

Ауруханалар, өзге де емдеу-сауықтыру мекемелері

1 төсек орын

8

8.

Мектептер және өзге де оқу орындары

1 оқушы

0,7

9.

Мейрамханалар, дәмханалар, басқада көніл көтеретін ғимараттар және қоғамдық тамақтану мекемелері

1 отыратын орын

0,78

10.

Театрлар, кинотеатрлар, концерт залдары, түнгі клубтар, казинолар, Ойын автоматтары залдары, интернет-кафелер, компьютерлік клубтар

1 отыратын орын

-

11.

Мұражайлар, көрмелер
 

Жалпы ауданның 1 м2

-

12.

Стадиондар, спорт алаңдары
 

Жоба бойынша 1 орын

-

13.

Спорт, би және ойын залдары
 

Жалпы ауданның 1 м2

-

14.

Азық-түлік және Өнеркәсіптік дүкендер, аралас дүкендер

Сауда ауданының 1 м2

0,11

15.

Машиналардан сауда жасау
 

Сауда орнының 1 м2

-

16.

Базарлар, сауда павильондары, дүңгіршектер, науалар
 

Сауда ауданының 1 м2

-

17.

Көтерме базалар, өнеркәсіптік, азық-түлік тауарларының қоймалары
 

Сауда ауданының 1 м2

-

18.

Тұрмыстық үйлер: халыққа қызмет көрсету

Сауда ауданының 1 м2

-

19.

Вокзалдар, автовокзалдар, әуежайлар
 

Сауда ауданының 1 м2

-

20.

Жағажайлар, жолдардан көше сметалары
 

Жалпы ауданның 1 м2

-

21.

Дәріханалар
 

Сауда ауданының 1 м2

2,16

22.

Автотұрақтар, автокөлік жуу орындары, ЖҚС

1 машина-орын

13

23.

Автокөлік шеберханалары
 

1 жұмыскер

-

24.

Гараж кооперативтері, гараждар, паркингтер
 

1 гаражға

-

25.

Шаштараздар, сұлулық салондары
 

1 жұмыс орны

10,4

26.

Кір жуу, Құрғақ тазалау, тұрмыстық техниканы жөндеу, тігін ательесі

Сауда ауданының 1 м2

-

27.

Зергерлік шеберханалар, аяқ киім, сағат жөндеу
 

Сауда ауданының 1 м2

-

28.

Шағын жөндеу және қызмет көрсету (кілттерді дайындау және т. б.)
 

1 жұмыс орны

-

29.

Моншалар, сауналар

Сауда ауданының 1 м2

-

30.

Қала аумағында жаппай іс-шараларды ұйымдастыратын заңды конторалар, саябақ қалдықтары
 

1000 қатысушы

-

31.

Бау-бақша кооперативтері

1 учаске

-

  Шарбақты аудандық
мәслихатының
2026 жылғы 30 қаңтар
№ 165/55 шешіміне
2-қосымша

Шарбақты ауданы бойынша халық үшін қатты тұрмыстық қалдықтарды жинауға, тасымалдауға арналған тарифтер

№ п/п

Атауы

Есептік бірлік

Теңге
(Қосылған құн салығымен)

1

Жайлы және жайлы емес үйлер

1 тұрғыннан айына

394,34

2

Бірлікке жылдық тариф (көлемі)

1 м3

1772,33


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады