Шарбақты ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Шарбақты ауданы әкімдігінің 2022 жылғы 25 сәуірдегі "Шарбақты ауданының жергілікті атқарушы органдарының Ережелерін бекіту туралы" №79/1 қаулысына мынадай толықтырулар енгізілсін:
аталған қаулының 5-қосымшасының 15-тармағы келесі мазмұндағы тармақшамен толықтырылсын:
"36-1) Қазақстан Республикасының "Әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы" Кодексінің 75-бабында көзделген әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы істерді қарайды"
2. Осы қаулының орындалуын бақылау Шарбақты ауданы әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.
3. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
| Аудан әкімі | С. Иманкулов |