Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және Май ауданы мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың Қағидаларын бекіту туралы

Жаңа

Павлодар облысы Май аудандық мәслихатының 2026 жылғы 13 сәуірдегі № 1/39 шешімі

      ЗҚАИ-ның ескертпесі!
      Осы шешім 01.01 2026 бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 6-бабы 2-3-тармағына, Қазақстан Республикасының "Құқықтық актілер туралы" Заңының 46-бабы 2-тармағы 4-тармақшасына, Қазақстан Республикасының "Ардагерлер туралы" Заңына, Қазақстан Республикасының Әлеуметтік кодексіне, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2023 жылғы 30 маусымдағы "Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың үлгілік қағидаларын бекіту туралы" № 523 қаулысына сәйкес, Май аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      1. Осы шешімнің қосымшасына сәйкес Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және Май ауданы мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың Қағидалары бекітілсін.

      2. Май аудандық мәслихатының 2026 жылғы 9 ақпандағы "Май аудандық мәслихатының 2023 жылғы 30 қарашадағы № 2/6 "Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және Май ауданы мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың Қағидаларын бекіту туралы" шешіміне өзгерістер енгізу туралы" № 1/37 шешімінің (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 221966 болып тіркелген) күші жойылды деп танылсын.

      3. Осы шешімнің орындалуын бақылау аудандық мәслихаттың білім, деңсаулық сақтау, мәдениет және әлеуметтік қорғау мәселелері жөніндегі тұрақты комиссиясына жүктелсін.

      4. Осы шешім 2026 жылғы 1 маусымнан бастап қолданысқа енгізіледі.

      Май аудандық мәслихатының төрағасы М. Хызыр

  Май аудандық мәслихатының
2026 жылғы 13 сәуірдегі
№ 1/39 шешіміне
қосымша

Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және Май ауданы мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың Қағидалары

      1. Осы әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және Май ауданы мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың қағидалары (бұдан әрі - Қағидалар) Қазақстан Республикасының Әлеуметтік кодексіне,Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 6-бабы 2-3-тармағына, Қазақстан Республикасының "Ардагерлер туралы" Заңына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2023 жылғы 30 маусымдағы "Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың үлгілік қағидаларын бекіту туралы" (бұдан әрі-Үлгілік қағидалар) № 523 қаулысына сәйкес әзірленді және әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және Май ауданындағы мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың тәртібін белгілейді.

1-тарау. Жалпы ережелер

      2. Осы Қағидаларда пайдаланылатын негізгі терминдер мен ұғымдар:

      1) "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясы (бұдан әрі – Мемлекеттік корпорация) – Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес мемлекеттік қызметтер көрсету, "бір терезе" қағидаты бойынша мемлекеттік қызметтер көрсетуге өтініштер қабылдауды ұйымдастыру және олардың нәтижелерін көрсетілетін қызметті алушыға беру, сондай-ақ мемлекеттік қызметтерді электрондық нысанда көрсетуді қамтамасыз ету үшін Қазақстан Республикасы Үкіметінің шешімімен құрылған заңды тұлға;

      2) арнайы комиссия – мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарына әлеуметтік көмек көрсетуге үміткер адамның (отбасының) өтінішін қарау бойынша Май ауданы әкімінің шешімімен құрылатын комиссия;

      3) әлеуметтік көмек – жергілікті атқарушы орган (бұдан әрі – ЖАО) мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарына (бұдан әрі – алушылар), сондай-ақ атаулы күндер мен мереке күндеріне орай ақшалай немесе заттай нысанда көрсететін көмек;

      4) әлеуметтік көмек көрсету жөніндегі уәкілетті орган – "Май ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" мемлекеттік мекемесі;

      5) әлеуметтік көмек төлеу жөніндегі уәкілетті ұйым – екінші деңгейдегі банктер, банк операцияларының тиісті түрлеріне қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын реттеу, бақылау және қадағалау жөніндегі уәкілетті органның лицензиясы бар ұйымдар, "Қазпошта" акционерлік қоғамының аумақтық бөлімшелері;

      6) ең төмен күнкөріс деңгейі – шамасы бойынша ең төмен тұтыну себетінің құнына тең, бір адамға шаққандағы ең төмен ақшалай кіріс;

      7) жан басына шаққандағы орташа кіріс – отбасының бір айдағы жиынтық кірісінің отбасының әрбір мүшесіне тура келетін үлесі;

      8) мереке күндері – Қазақстан Республикасының ұлттық және мемлекеттік мереке күндері;

      9) мерекелік күндер (бұдан әрі – атаулы күндер) – Қазақстан Республикасының кәсіптік және өзге де мерекелері;

      10) уәкілетті мемлекеттік орган – Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес халықты әлеуметтік қорғау саласындағы басшылықты және салааралық үйлестіруді, Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорының қызметін реттеуді, бақылау функцияларын жүзеге асыратын орталық атқарушы орган;

      11) учаскелік комиссия – атаулы әлеуметтік көмек алуға өтініш жасаған тұлғалардың (отбасылардың) материалдық жағдайын зерттеп-қарау үшін тиісті әкімшілік-аумақтық бірліктер әкімдерінің шешімімен құрылатын арнаулы комиссия;

      12) шекті мөлшер – әлеуметтік көмектің бекітілген ең жоғары мөлшері;

      13) цифрлық құжаттар сервисі – "электрондық үкімет" ақпараттық-коммуникациялық инфрақұрылымының операторға бекітіп берілген және ақпараттандыру объектілерінен алынған мәліметтер негізінде қалыптастырылған электрондық түрдегі құжаттарды көрсетуге және пайдалануға арналған объектісі;

      14) "электрондық үкімет" веб-порталы (бұдан әрі – портал) – нормативтік құқықтық базаны қоса алғанда, барлық шоғырландырылған үкіметтік ақпаратқа және электрондық нысанда көрсетілетін мемлекеттік және өзге де қызметтерге қол жеткізудің "ортақ терезесі" дегенді білдіретін ақпараттандыру объектісі;

      15) электрондық цифрлық қолтаңба (бұдан әрі – ЭЦҚ) – электрондық цифрлық қолтаңба құралдарымен жасалған және электрондық құжаттың анықтығын, оның тиесілігін және мазмұнының өзгермейтіндігін растайтын электрондық цифрлық нышандар жиынтығы.

      3. Қазақстан Республикасы Әлеуметтік кодексінің 71-бабының 4-тармағында, 170-бабының 3-тармағында, 229-бабының 3-тармағында, "Ардагерлер туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 10-бабы 1-тармағының 2) тармақшасында, 11-бабы 1-тармағының 2) тармақшасында, 12-бабы 1-тармағының 2) тармақшасында, 13-бабының 2) тармақшасында, 17-бабында көзделген әлеуметтік қолдау шаралары осы Қағидаларда айқындалған тәртіппен көрсетіледі.

      4. Әлеуметтік көмек бір рет және (немесе) мезгіл-мезгіл (ай сайын, тоқсан сайын, жылына 1 рет) көрсетіледі.

      5. Әлеуметтік көмек көрсету үшін мереке күндері мен атаулы күндердің тізбесі:

      1) 15 ақпан – Ауғанстан Демократиялық Республикасынан Кеңес әскерлерінің шектеулі контингентін шығару күні;

      2) 26 сәуір – Радиациялық апаттар мен апаттардың салдарын жоюға және осы апаттар мен апаттардың құрбандарын еске алуға қатысушыларкүні;

      3) 8 наурыз – Халықаралық әйелдер күні;

      4) 7 мамыр – Отан қорғаушы күні;

      5) 9 мамыр – Жеңіс күні;

      6) 31 мамыр – Саяси қуғын-сүргін және ашаршылық құрбандарын еске алу күні;

      7) 30 тамыз–Қазақстан Республикасының Конституция күні;

      8) 1 қазан – Қарттар күні;

      9) 25 қазан – Қазақстан Республикасының күні;

      10) 16 желтоқсан – Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күні.

      6. Учаскелік және арнайы комиссиялар өз қызметін Павлодар облысы әкімдігі бекітетін ережелердің негізінде жүзеге асырады.

2-тарау. Әлеуметтік көмек алушылар санаттарының тізбесін айқындау және әлеуметтік көмектің мөлшерлерін белгілеу тәртібі

      7. Әлеуметтік көмек көрсету жөніндегі уәкілетті орган әлеуметтік көмекті Май ауданында тұрақты тіркеуде тұрған және тұрып жатқан азаматтардың келесі санаттарына көрсетеді:

      1) атаулы күндер мен мереке күндеріне орай біржолғы әлеуметтік көмек, алушылардан өтініштерді талап етілмейМемлекеттік корпорацияның тізімі негізіндекөрсетіледі:

      15 ақпан – Ауғанстан Демократиялық Республикасынан Кеңес әскерлерінің шектеулі контингентін шығару күніне орай:

      оқу жиындарына шақырылған және Ауғанстанға ұрыс қимылдары жүрiп жатқан кезеңде жiберiлген әскери мiндеттiлеріне 50 (елу) айлық есептік көрсеткіш (бұдан әрі - АЕК) мөлшерінде;

      Ауғанстанға ұрыс қимылдары жүрiп жатқан кезеңде осы елге жүк жеткiзу үшiн жiберiлген автомобиль батальондарының әскери қызметшiлеріне 50 (елу) АЕК мөлшерінде;

      бұрынғы Кеңестік Социалистік Республикалар Одағының (бұдан әрі - КСР Одағы) аумағынан Ауғанстанға жауынгерлiк тапсырмалармен ұшқан ұшу құрамының әскери қызметшiлеріне 50 (елу) АЕК мөлшерінде;

      Ауғанстандағы кеңестік әскери контингентке қызмет көрсеткен, жарақат, контузия алған немесе мертіккен не ұрыс қимылдарын қамтамасыз етуге қатысқаны үшін бұрынғы КСР Одағының ордендерiмен және медальдарымен наградталған жұмысшылары мен қызметшiлеріне 50 (елу) АЕК мөлшерінде;

      бұрынғы КСР Одағын қорғау, әскери қызметтiң өзге де мiндеттерiн басқа кезеңдерде атқару кезiнде жаралануы, контузия алуы, мертігуі салдарынан немесе майданда болуына байланысты, сондай-ақ Ауғанстанда немесе ұрыс қимылдары жүргiзiлген басқа да мемлекеттерде әскери қызметiн өткеру кезiнде ауруға шалдығуы салдарынан мүгедектік белгіленген әскери қызметшiлеріне 50 (елу) АЕК мөлшерінде;

      Ауғанстандағы немесе ұрыс қимылдары жүргiзiлген басқа да мемлекеттердегi ұрыс қимылдары кезiнде жаралануы, контузия алуы, мертігуі, ауруға шалдығуы салдарынан қаза тапқан (хабар-ошарсыз кеткен) немесе қайтыс болған әскери қызметшiлердiң отбасыларына 50 (елу) АЕК мөлшерінде;

      8 наурыз – Халықаралық әйелдер күніне орай:

      мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек алушылар қатарындағы көп балалы аналарына (отбасыларына) 5 (бес) АЕК мөлшерінде;

      26 сәуір – радиациялық авариялар мен апаттардың салдарын жоюға және осы авариялар мен апаттардың құрбандарын еске алуға күніне орай:

      1986 – 1987 жылдары Чернобыль атом электр станциясындағы апаттың, азаматтық немесе әскери мақсаттағы объектiлердегi басқа да радиациялық апаттар мен авариялардың салдарларын жоюға қатысқандарға, сондай-ақ ядролық сынақтарға тiкелей қатысқан адамдарына 50 (елу) АЕК мөлшерінде;

      Чернобыль атом электр станциясындағы апаттың және азаматтық немесе әскери мақсаттағы объектілердегі басқа да радиациялық апаттар мен авариялардың, ядролық сынақтардың салдарынан мүгедектік белгіленген адамдарына және мүгедектігі ата-анасының бірінің радиациялық сәуле алуымен генетикалық байланысты олардың балаларына 50 (елу) АЕК мөлшерінде;

      Чернобыль атом электр станциясындағы апаттың және азаматтық немесе әскери мақсаттағы объектiлердегi басқа да радиациялық апаттар мен авариялардың салдарларын жою кезiнде қаза тапқан адамдардың отбасыларына 50 (елу) АЕК мөлшерінде;

      сәуле ауруының салдарынан қайтыс болғандардың немесе қайтыс болған мүгедектігі бар адамдардың, сондай-ақ қайтыс болуы белгіленген тәртіппен Чернобыль атом электр станциясындағы апаттың және азаматтық немесе әскери мақсаттағы объектілердегі басқа да радиациялық апаттар мен авариялардың және ядролық сынақтардың әсеріне байланысты болған азаматтардың отбасыларына 50 (елу) АЕК мөлшерінде;

      1988 – 1989 жылдары Чернобыль атом электр станциясындағы апаттың салдарларын жоюға қатысушылар қатарындағы, қоныс аудару күні құрсақта болған балаларды қоса алғанда, оқшаулау және көшіру аймақтарынан Қазақстан Республикасына қоныс аударылған (өз еркімен кеткен) адамдарына 50 (елу) АЕК мөлшерінде;

      7 мамыр – Отан қорғаушы күніне орай:

      2003 жылғы тамыз – 2008 жылғы қазан аралығындағы кезеңде Ирактағы халықаралық бітімгершілік операцияға бітімгерлер ретінде қатысқан Қазақстан Республикасының әскери қызметшілеріне 50 (елу) АЕК мөлшерінде;

      1992 жылғы қыркүйек – 2001 жылғы ақпан аралығындағы кезеңде Тәжікстан-Ауғанстан учаскесінде Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығының шекарасын күзетуді күшейту жөніндегі мемлекетаралық шарттар мен келісімдерге сәйкес міндеттерді орындаған Қазақстан Республикасының әскери қызметшілеріне 50 (елу) АЕК мөлшерінде;

      бейбiт уақытта әскери қызметiн өткеру кезiнде қаза тапқан (қайтыс болған) әскери қызметшiлердiң отбасыларына 50 (елу) АЕК мөлшерінде;

      9 мамыр – Жеңіс күніне орай:

      1986 - 1991 жылдар аралығындағы кезеңде Таулы Қарабақтағы этносаралық қақтығысты реттеуге қатысқан әскери қызметшілеріне, сондай-ақ бұрынғы КСР Одағы ішкі істер және мемлекеттік қауіпсіздік органдарының басшы және қатардағы құрамының адамдарына 50 (елу) АЕК мөлшерінде;

      1941 жылғы 22 маусым - 1945 жылғы 9 мамыр аралығында кемiнде алты ай жұмыс iстеген (қызмет өткерген) және Ұлы Отан соғысы жылдарында тылдағы қажырлы еңбегi мен мiнсiз әскери қызметі үшін бұрынғы КСР Одағының ордендерiмен және медальдарымен наградталмаған адамдарына 100000 (жүз мың) теңге мөлшерінде;

      бұрынғы КСР Одағы үкiметтік органдарының шешiмдерiне сәйкес басқа мемлекеттердiң аумағындағы ұрыс қимылдарына қатысқан Кеңес Армиясының, Әскери-Теңiз Флотының, Мемлекеттiк қауiпсiздiк комитетiнiң әскери қызметшiлерге, бұрынғы КСР Одағы Iшкi iстер министрлiгiнiң басшы және қатардағы құрамының адамдарына (әскери мамандар мен кеңесшiлердi қоса алғанда) 50 (елу) АЕК мөлшерінде;

      31 мамыр – Саяси қуғын-сүргін және ашаршылық құрбандарын еске алу күніне орай:

      сотпен немесе Қазақстан Республикасының "Жаппай саяси қуғын-сүргіндер құрбандарын ақтау туралы" Заңымен белгіленген тәртіппен саяси қуғын-сүргіндер құрбаны немесе саяси қуғын-сүргіндерден зардап шеккен деп танылған азаматтарына 10 (он) АЕК мөлшерінде;

      Социалистік Еңбек Ерлері, үш дәрежелі Еңбек Даңқы орденінің иегерлеріне 10 (он) АЕК мөлшерінде;

      "Қазақстанның Еңбек Ері", "Халық қаһарманы" атақтарына ие болған адамдарына 10 (он) АЕК мөлшерінде;

      30 тамыз – Қазақстан Республикасының Конституция күніне орай:

      он сегіз жасқа дейінгі мүгедектігі бар балаларға 20 (жиырма) АЕК мөлшерінде;

      Қазақстан Республикасының колледждерінде ақылы негізде оқитын жеке оңалту және оңалту бағдарламасының кәсіптік бөлігінен үзінді көшірмесі бар мүгедектергі бар адамдарға әлеуметтік көмек көрсету жөніндегі уәкілетті органның тізімі негізінде 30 (отыз) АЕК мөлшерінде;

      Қазақстан Республикасының жоғары оқу орындарында ақылы негізде оқитын жеке оңалту және оңалту бағдарламасының кәсіптік бөлігінен үзінді көшірмесі бар мүгедектігі бар адамдарға әлеуметтік көмек көрсету жөніндегі уәкілетті органның тізімі негізінде 60 (алпыс) АЕК мөлшерінде;

      1 қазан – Қарттар күніне орай:

      зейнеткерлік жасқа толған, зейнетақының және (немесе) жәрдемақының ең төмен мөлшерін немесе зейнетақының және (немесе) жәрдемақының ең төмен мөлшерінен төмен алатын азаматтарына 2 (екі) АЕК мөлшерінде;

      зейнетақының және (немесе) жәрдемақының ең төмен мөлшерін немесе зейнетақының және (немесе) жәрдемақының ең аз мөлшерінен төмен алатын 80 жастағы және одан (асқан) көп жасқа толған азаматтарына 3 (үш) АЕК мөлшерінде;

      25 қазан – Қазақстан Республикасының күніне орай:

      он сегіз жасқа дейінгі мүгедектігі бар балаларға 5 (бес) АЕК мөлшерінде;

      бірінші топ мүгедектігі бар тұлғаларға 5 (бес) АЕК мөлшерінде;

      екінші топ мүгедектігі бар тұлғаларға 5 (бес) АЕК мөлшерінде;

      16 желтоқсан – Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күніне орай:

      Қазақстан Республикасының "Жаппай саяси қуғын-сүргіндер құрбандарын ақтау туралы" Заңымен белгіленген 1986 жылғы 17-18 желтоқсандағы Қазақстандағы оқиғаларға қатысқан азаматтарға 60 (алпыс) АЕК мөлшерінде;

      2) емделуге (сауықтыруға) әлеуметтік көмек:

      басқа мемлекеттердiң аумағындағы ұрыс қимылдарының ардагерлеріне, 1986 – 1987 жылдары Чернобыль атом электр станциясындағы апаттың, азаматтық немесе әскери мақсаттағы объектiлердегi басқа да радиациялық апаттар мен авариялардың салдарларын жоюға қатысқан, сондай-ақ ядролық сынақтарға тiкелей қатысқан адамдарға, бұрынғы КСР Одағын қорғау, әскери қызметтің өзге де міндеттерін басқа кезеңдерде атқару кезінде жаралануы, контузия алуы, мертігуі салдарынан немесе майданда болуына байланысты, сондай-ақ Ауғанстанда немесе ұрыс қимылдары жүргізілген басқа да мемлекеттерде әскери қызметін өткеру кезінде ауруға шалдығуы салдарынан мүгедектік белгіленген әскери қызметшілеріне, 1988–1989 жылдары Чернобыль атом электр станциясындағы апаттың салдарларын жоюға қатысушылар қатарындағы, қоныс аудару күні құрсақта болған балаларды қоса алғанда, оқшаулау және көшіру аймақтарынан Қазақстан Республикасына қоныс аударылған (өз еркімен кеткен) адамдарға емделуге (сауықтыруға)бір рет 50 (елу) АЕК мөлшерінде – Мемлекеттік корпорация тізімі, жеке басын куәландыратын құжатты немесе цифрлық құжаттар сервисінен алынған электрондық құжатты (жеке басын сәйкестендіру үшін), мәртебесін растайтын құжатты, әлеуметтік көмек төлеу жөніндегі уәкілетті ұйымныңхабарламасынқоса бере отырып өтініш негізінде;

      3) гемодиализ аппаратын пайдаланатын 1 топтағы мүгедектігі бар тұлғаларға әлеуметтік көмек:

      1 топтағы мүгедектігі бар тұлғаларға (гемодиализ процедурасын алатын) ай сайын10 (он) МРП мөлшерінде–Павлодар облысы әкімдігі Павлодар облысы денсаулық сақтау басқармасының "Май аудандық ауруханасы" шаруашылық жүргізу құқығында коммуналдық мемлекеттік кәсіпорыны ұсынған тізімі,жеке басын куәландыратын құжатты немесе цифрлық құжаттар сервисінен алынған электрондық құжатты (жеке басын сәйкестендіру үшін), мәртебесін растайтын құжатты, әлеуметтік көмек төлеу жөніндегі уәкілетті ұйымныңхабарламасынқоса бере отырып өтініш негізінде;

      4) мүгедектігі бар тұлғаларды сүйемелдеуге әлеуметтік көмек:

      он сегіз жасқа дейінгі мүгедектігі бар балаларға санаторлық-курорттық емдеу үшін, он сегіз жасқа дейін заңды өкілінің сүйемелдеуімен, бір рет 20 (жиырма) МРП мөлшерінде– әлеуметтік көмек көрсету жөніндегі уәкілетті органның ұсынған тізімі негізінде;

      бірінші топтағы мүгедектігі бар тұлғаларға санаторлық-курорттық емдеу үшін, мүгедектігі бар бірінші топтағы тұлғаларды сүйемелдеуімен бір рет 55 (елу бес) МРП мөлшерінде – әлеуметтік көмек көрсету жөніндегі уәкілетті органның ұсынған тізімінегізінде;

      5) коммуналдық қызметтерді төлеуге әлеуметтік көмек:

      басқа мемлекеттердiң аумағындағы ұрыс қимылдарының ардагерлеріне, 1986 – 1987 жылдары Чернобыль атом электр станциясындағы апаттың, азаматтық немесе әскери мақсаттағы объектiлердегi басқа да радиациялық апаттар мен авариялардың салдарларын жоюға қатысқан, сондай-ақ ядролық сынақтарға тiкелей қатысқан адамдарға, бұрынғы КСР Одағын қорғау, әскери қызметтің өзге де міндеттерін басқа кезеңдерде атқару кезінде жаралануы, контузия алуы, мертігуі салдарынан немесе майданда болуына байланысты, сондай-ақ Ауғанстанда немесе ұрыс қимылдары жүргізілген басқа да мемлекеттерде әскери қызметін өткеру кезінде ауруға шалдығуы салдарынан мүгедектік белгіленген әскери қызметшілеріне, Чернобыль атом электр станциясындағы апаттың және азаматтық немесе әскери мақсаттағы объектілердегі басқа да радиациялық апаттар мен авариялардың, ядролық сынақтардың салдарынан мүгедектік белгіленген адамдарға және мүгедектігі ата-анасының бірінің радиациялық сәуле алуымен генетикалық байланысты олардың балаларына, 1988 – 1989 жылдары Чернобыль атом электр станциясындағы апаттың салдарларын жоюға қатысушылар қатарындағы, қоныс аудару күні құрсақта болған балаларды қоса алғанда, оқшаулау және көшіру аймақтарынан Қазақстан Республикасына қоныс аударылған (өз еркімен кеткен) адамдарға (коммуналдық қызметтерді төлеуге)тоқсан сайын 10 (он) АЕК мөлшерінде – жеке басын куәландыратын құжатты немесе цифрлық құжаттар сервисінен алынған электрондық құжатты (жеке басын сәйкестендіру үшін), мәртебесін растайтын құжатты, әлеуметтік көмек төлеу жөніндегі уәкілетті ұйымныңхабарламасынқоса бере отырып өтініш негізінде;

      6) төтенше жағдай салдарынан азаматқа (отбасына) немесе оның мүлкіне келтірілген зиянға байланысты әлеуметтік көмек:

      азаматтарға (отбасыларға) төтенше жағдай салдарынан оларға немесе олардың мүлкіне келтірілген зиян үшін, минималды қажеттіліктерді қанағаттандыруға қажет заттар,атап айтқанда тұрғын үй, пәтер немесе уақытша (маусымдық) тұруға арналған құрылыс (бірнеше тұрғын үйге меншік құқығы бар азаматтардан басқа) бір рет 100 (жүз) АЕК мөлшерінде–жеке куәлік немесе цифрлық құжат, некесін тіркеу немесе бұзу туралы куәлік, отбасының барлық мүшелері бойынша Қазақстан Республикасында тұрғын үйдің бар немесе жоқ екендігі туралы анықтама, төтенше жағдай салдарынан азаматқа (отбасына) немесе оның мүлкіне келтірілген зиянды растайтын құжатты (алты ай бойына жарамды), әлеуметтік көмек төлеу жөніндегі уәкілетті ұйымныңхабарламасын, төтенше жағдай салдарынан зиянды көрсететін фото қоса бере отырып өтініш негізінде;

      7) өрт салдарынан азаматқа (отбасына) немесе оның мүлкіне келтірілген зиянға байланысты әлеуметтік көмек: азаматтарға (отбасыларға) өрт салдарынан оларға немесе олардың мүлкіне келтірілген зиян үшін, минималды қажеттіліктерді қанағаттандыруға қажет заттар, атап айтқанда тұрғын үй, пәтер немесе уақытша (маусымдық) тұруға арналған құрылыс (бірнеше тұрғын үйге меншік құқығы бар азаматтардан басқа) бір рет 100 (жүз) АЕК мөлшерінде–жеке куәлік немесе цифрлық құжат, некесін тіркеу немесе бұзу туралы куәлік, отбасының барлық мүшелері бойынша Қазақстан Республикасында тұрғын үйдің бар немесе жоқ екендігі туралы анықтама, өрт салдарынан азаматқа (отбасына) немесе оның мүлкіне келтірілген зиянды растайтын құжат (алты ай бойына жарамды), әлеуметтік көмек төлеу жөніндегі уәкілетті ұйымныңхабарламасын, өрт салдарынан зиянды көрсететін фото қоса бере отырып өтініш негізінде;

      8) әлеуметтік маңызды аурудың бар болуына байланысты әлеуметтік көмек:

      қатерлі ісікке шалдыққан адамдарға бір рет 10 (он) АЕК мөлшерінде - Павлодар облысы әкімдігі Павлодар облысы денсаулық сақтау басқармасының "Май аудандық ауруханасы" шаруашылық жүргізу құқығында коммуналдық мемлекеттік кәсіпорыны ұсынған тізімі,жеке басын куәландыратын құжат немесе цифрлық құжаттар сервисінен алынған электрондық құжат (жеке басын сәйкестендіру үшін), ауруды растайтын құжат, әлеуметтік көмек төлеу жөніндегі уәкілетті ұйымныңхабарламасынқоса бере отырып өтініш негізінде;

      адамның иммунитет тапшылығы вирусы (АИВ) тудыратын аурудан зардап шегетін адамдарға бір рет 10 (он) АЕК мөлшерінде - жеке басын куәландыратын құжат немесе цифрлық құжаттар сервисінен алынған электрондық құжат (жеке басын сәйкестендіру үшін), ауруды растайтын құжат, әлеуметтік көмек төлеу жөніндегі уәкілетті ұйымныңхабарламасынқоса бере отырып өтініш негізінде;

      созылмалывирустық гепатитпен және бауыр циррозымен ауыратын адамдарға бір рет 5 (бес) АЕК мөлшерінде - Павлодар облысы әкімдігі Павлодар облысы денсаулық сақтау басқармасының "Май аудандық ауруханасы" шаруашылық жүргізу құқығында коммуналдық мемлекеттік кәсіпорыны ұсынған тізімі, жеке басын куәландыратын құжат немесе цифрлық құжаттар сервисінен алынған электрондық құжат (жеке басын сәйкестендіру үшін), ауруды растайтын құжат, әлеуметтік көмек төлеу жөніндегі уәкілетті ұйымныңхабарламасынқоса бере отырып өтініш негізінде;

      психикалық, мінез-құлық бұзылыстарына (ауруларға) тап болған адамдарға бір рет 5 (бес) АЕК мөлшерінде - Павлодар облысы әкімдігі Павлодар облысы денсаулық сақтау басқармасының "Май аудандық ауруханасы" шаруашылық жүргізу құқығында коммуналдық мемлекеттік кәсіпорыны ұсынған тізімі, жеке басын куәландыратын құжат немесе цифрлық құжаттар сервисінен алынған электрондық құжат (жеке басын сәйкестендіру үшін), ауруды растайтын құжатәлеуметтік көмек төлеу жөніндегі уәкілетті ұйымныңхабарламасынқоса бере отырып өтініш негізінде;

      миокардтың жіті инфарктісімен (алғашқы 6 ай) ауыратын адамдарға бір рет 5 (бес) АЕК мөлшерінде - Павлодар облысы әкімдігі Павлодар облысы денсаулық сақтау басқармасының "Май аудандық ауруханасы" шаруашылық жүргізу құқығында коммуналдық мемлекеттік кәсіпорыны ұсынған тізімі, жеке басын куәландыратын құжат немесе цифрлық құжаттар сервисінен алынған электрондық құжат (жеке басын сәйкестендіру үшін), ауруды растайтын құжат, әлеуметтік көмек төлеу жөніндегі уәкілетті ұйымныңхабарламасынқоса бере отырып өтініш негізінде;

      дәнекер тіннің жүйелі зақымдануларынан зардап шегетін адамдарға бір рет 5 (бес) АЕК мөлшерінде - Павлодар облысы әкімдігі Павлодар облысы денсаулық сақтау басқармасының "Май аудандық ауруханасы" шаруашылық жүргізу құқығында коммуналдық мемлекеттік кәсіпорыны ұсынған тізімі, жеке басын куәландыратын құжат немесе цифрлық құжаттар сервисінен алынған электрондық құжат (жеке басын сәйкестендіру үшін), ауруды растайтын құжат, әлеуметтік көмек төлеу жөніндегі уәкілетті ұйымныңхабарламасын қоса бере отырып өтініш негізінде;

      орталық нерв жүйесінің миелинсіздендіруші ауруларымен ауыратын адамдарға бір рет 5 (бес) АЕК мөлшерінде - Павлодар облысы әкімдігі Павлодар облысы денсаулық сақтау басқармасының "Май аудандық ауруханасы" шаруашылық жүргізу құқығында коммуналдық мемлекеттік кәсіпорыны ұсынған тізімі, жеке басын куәландыратын құжат немесе цифрлық құжаттар сервисінен алынған электрондық құжат (жеке басын сәйкестендіру үшін), ауруды растайтын құжат, әлеуметтік көмек төлеу жөніндегі уәкілетті ұйымныңхабарламасын қоса бере отырып өтініш негізінде;

      орфандық ауруларымен ауыратын адамдарға бір рет 5 (бес) АЕК мөлшерінде - Павлодар облысы әкімдігі Павлодар облысы денсаулық сақтау басқармасының "Май аудандық ауруханасы" шаруашылық жүргізу құқығында коммуналдық мемлекеттік кәсіпорыны ұсынған тізімі, жеке басын куәландыратын құжат немесе цифрлық құжаттар сервисінен алынған электрондық құжат (жеке басын сәйкестендіру үшін), ауруды растайтын құжат, әлеуметтік көмек төлеу жөніндегі уәкілетті ұйымныңхабарламасынқоса бере отырып өтініш негізінде;

      цереброваскулярлық аурулармен (инсульттармен) ауыратын тұлғаларға (1 жыл бойы) бір рет 5 (бес) АЕК мөлшерінде - Павлодар облысы әкімдігі Павлодар облысы денсаулық сақтау басқармасының "Май аудандық ауруханасы" шаруашылық жүргізу құқығында коммуналдық мемлекеттік кәсіпорыны ұсынған тізімі,жеке басын куәландыратын құжат немесе цифрлық құжаттар сервисінен алынған электрондық құжат (жеке басын сәйкестендіру үшін), ауруды растайтын құжат, әлеуметтік көмек төлеу жөніндегі уәкілетті ұйымныңхабарламасынқоса бере отырып өтініш негізінде;

      эпилепсия ауруымен ауыратын тұлғаларға бір рет 5 (бес) АЕК мөлшерінде - Павлодар облысы әкімдігі Павлодар облысы денсаулық сақтау басқармасының "Май аудандық ауруханасы" шаруашылық жүргізу құқығында коммуналдық мемлекеттік кәсіпорыны ұсынған тізімі,жеке басын куәландыратын құжат немесе цифрлық құжаттар сервисінен алынған электрондық құжат (жеке басын сәйкестендіру үшін), ауруды растайтын құжат, әлеуметтік көмек төлеу жөніндегі уәкілетті ұйымныңхабарламасынқоса бере отырып өтініш негізінде;

      туберкулезбен ауыратын адамдарға амбулаторлық емделу кезінде ай сайын 10 (он) АЕК мөлшерінде - Павлодар облысы әкімдігі Павлодар облысы денсаулық сақтау басқармасының "Май аудандық ауруханасы" шаруашылық жүргізу құқығында коммуналдық мемлекеттік кәсіпорыны ұсынған тізімі,жеке басын куәландыратын құжат немесе цифрлық құжаттар сервисінен алынған электрондық құжат (жеке басын сәйкестендіру үшін), ауруды растайтын құжат, әлеуметтік көмек төлеу жөніндегі уәкілетті ұйымныңхабарламасынқоса бере отырып өтініш негізінде;

      адамның қорғаныс тапшылығының қоздырғышы ауруынан зардап шегетін балаларға ай сайын тиісті қаржы жылына арналған республикалық бюджет туралы Қазақстан Республикасының Заңында белгіленген ең төменгі күнкөріс екі еселеген мөлшерінде -жеке басын куәландыратын құжат немесе цифрлық құжаттар сервисінен алынған электрондық құжат (жеке басын сәйкестендіру үшін), ауруды растайтын құжат, әлеуметтік көмек төлеу жөніндегі уәкілетті ұйымныңхабарламасынқоса бере отырып өтініш негізінде;

      9) ақшалай түрдегі әлеуметтік көмек:

      бұрын білім алу үшін әлеуметтік көмек алған жоғары оқу орындарының студенттеріне, оқуын аяқтауға дейін, бір рет білім беру қызметтерін көрсету бойынша үшжақты келісімшарттағы сомада;

      бұрын білім алу үшін әлеуметтік көмек алған жоғары оқу орындарының студенттеріне, оқуын аяқтауға дейін, оқу кезінде тұру, тамақтану және тұрғылықты жерге бару шығындарына ай сайын 8 (сегіз) АЕК мөлшерінде;

      он сегіз жасқа дейінгі мүгедектігі бар балаларға бір рет 3 (үш) АЕК мөлшеріндеәлеуметтік көмек көрсету жөніндегі уәкілетті органның тізімі негізінде;

      10) қатты отын алуға әлеуметтік көмек:

      пешпен жылытылатын жеке тұрғын үй қорында тұратын, өтініш берген кезде жан басына шаққандағы орташа табыстары ең төменгі күнкөріс деңгейінен аспайтын барлық топтағы мүгедектерге, пешпен жылытылатын жеке тұрғын үй қорында тұратын өтініш берген кезде жан басына шаққандағы орташа табыстары ең төменгі күнкөріс деңгейінен аспайтын отбасыларына, он сегіз жасқа дейінгі мүгедектігі бар балаларға қатты отын сатып алуға бір рет 20 (жиырма) АЕК мөлшерінде – жеке басын куәландыратын құжат немесе цифрлық құжаттар сервисінен алынған электрондық құжат (жеке басын сәйкестендіру үшін), өткен тоқсандағы отбасының кірістерін растайтын құжат, мәртебесін растайтын құжат,әлеуметтік көмек төлеу жөніндегі уәкілетті ұйымныңхабарламасынқоса бере отырып өтініш негізінде.

      8. Әлеуметтік көмек мөлшері келесі негіздер бойынша: азаматқа (отбасына) немесе оның мүлкіне төтенше жағдай салдарынан келген зиян, азаматқа (отбасына) немесе оның мүлкіне өрт салдарынан келген зиян арнайы комиссиямен анықталады және әлеуметтік көмек көрсету қажеттілігі туралы қорытындыда көрсетіледі.

3-тарау. Әлеуметтік көмек көрсету тәртібі

      9. Әлеуметтік көмек көрсету тәртібі Үлгілік қағидаларының 12-20 -тармақтарына сәйкес айкыңдалды.

      10. Әлеуметтік көмек алушылардың тізімдері азаматтың өтініші, ұйымдарға жолданған сұрау немесе уәкілетті мемлекеттік органның ақпараттық жүйелерінен алынған мәліметтер негізінде қалыптастырылады.

      Мерекелік күндер мен атаулы күндерге әлеуметтік көмек жылына бір рет тағайындалады. Бірнеше негіз болған жағдайда, мерекелік күндер мен атаулы күндерге әлеуметтік көмек бір негіз бойынша тағайындалады.

      11. Әлеуметтік маңызды ауруы бар әлеуметтік көмек алушылардың тізімдері денсаулық сақтау ұйымдары тарапынан электрондық нысанда Халықаралық аурулар классификациясының кодтарына сәйкес, Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің бұйрығымен бекітілген әлеуметтік маңызды аурулар тізіміне сәйкес жеке сәйкестендіру нөмірі, тегі, аты, әкесінің аты және банк есепшотының нөмірі көрсетілген түрде ұсынылады.

      Әлеуметтік маңызды ауруы бар әлеуметтік көмек алушылардың тізімдері денсаулық сақтау ұйымдары тарапынан Қазақстан Республикасының Үкіметі 2022 жылғы 24 маусымдағы № 429 қаулысымен бекітілген Қызметтік ақпаратқа қатысты мәліметтерді жіктеу және олармен жұмыс істеу ережелеріне сәйкес электрондық нысанда ұсынылады.

      Әлеуметтік маңызды ауруы бар, бірнеше категорияға жататын тұлғаға әлеуметтік көмек әрбір негіз бойынша төленеді.

      12. Бірдей әлеуметтік көмек түрі мен бірдей төлем мерзімділігі бойынша бір реттік әлеуметтік көмек жылына бір рет Қазақстан Республикасы бойынша беріледі.

      Әлеуметтік көмекке өтініш беру мерзімі келесі жағдайлар бойынша: азаматқа (отбасына) немесе оның мүлкіне стихиялық апат салдарынан келген зиян, азаматқа (отбасына) немесе оның мүлкіне өрт салдарынан келген зиян – оқиға болған күннен бастап алты айдан кешіктірілмей берілуі тиіс.

      Төтенше жағдайнемесе өрт салдарынан мүлікке келтірілген зиян жағдайында әлеуметтік көмек зардап шеккен мүлік орналасқан жер бойынша, оның иесінің тіркеу орнына қарамастан көрсетіледі.

      13. Әлеуметтік көмек көрсету төмендегі жағдайларда тоқтатылады:

      1) өтініш берушілер тарапынан ұсынылған ақпараттың жалғандығы анықталған жағдайда;

      2) өтініш берушінің жеке немесе отбасылық материалдық жағдайын зерттеуден бас тартуы немесе жалтаруы;

      3) өтініш берушінің (отбасының) жергілікті өкілетті органдар белгілеген әлеуметтік көмек көрсету үшін белгіленген орташа жан басына шаққандағы табыс мөлшерін асыруы;

      4) уәкілетті мемлекеттік органның ақпараттық жүйесінен әлеуметтік көмек тағайындауға байланысты өтініш беру, төлемдер жасау немесе тағайындау фактілерін растайтын мәліметтердің алынуы.

      14. Әлеуметтік көмек көрсетуге жұмсалатын шығыстарды қаржыландыру Май ауданының бюджетінде көзделген ағымдағы қаржы жылына арналған қаражат шегінде жүзеге асырылады.

      Уәкілетті орган әлеуметтік көмек көрсету үшін мемлекеттік корпорацияға әлеуметтік көмек сомаларын аударады.

      Мемлекеттік корпорация уәкілетті органнан алынған әлеуметтік көмек сомаларын әлеуметтік көмек алушылардың банктік шоттарына аударады.

      15. Әлеуметтік көмек мына жағдайларда тоқтатылады:

      1) алушының қайтыс болуы;

      2) алушының тұрақты тұрғылықты жері ретінде тиісті әкімшілік-аумақтық бірліктен тыс жерге көшуі;

      3) алушының мемлекеттік медициналық-әлеуметтік мекемелерде тұруға бағытталуы;

      4) өтініш берушінің ұсынған мәліметтерінің жалғандығы анықталуы;

      5) әлеуметтік көмек көрсету үшін негіздердің жоғалғаны туралы мәліметтердің анықталуы.

      Осы тармақтың 3 тармақшасы, 8-баптың 1) және 2) тармақшаларында көрсетілген негіздер бойынша тағайындалған әлеуметтік көмек төлеміне қатысты қолданылмайды.

      Әлеуметтік көмек 1)-3) тармақшаларында көрсетілген негіздер бойынша көрсетілген жағдайлар орын алғаннан кейін келесі айдан бастап тоқтатылады.

      Әлеуметтік көмек 4) және 5) тармақшаларында көрсетілген негіздер бойынша көрсетілген жағдайлар орын алған күннен бастап тоқтатылады.

      16) Артық төленген әлеуметтік көмек сомалары ерікті түрде қайтарылуға тиіс, заңсыз алынған сомалар ерікті немесе сот тәртібімен қайтарылуға тиіс.

      17) Әлеуметтік көмек көрсетудің мониторингі мен есебі уәкілетті орган тарапынан автоматтандырылған ақпараттық жүйе "Е-Собес" базасы арқылы жүргізіледі.

      18) Әлеуметтік көмек төлемдерін жүзеге асыру процесі уәкілетті органның мемлекеттік корпорация арқылы әлеуметтік көмек көрсету туралы шешім қабылдауы кезінде басталады, бұл шешім уәкілетті мемлекеттік органның ақпараттық жүйелері арқылы 28-32 тармақтардағы Үлгілік қағидаларғасәйкес қабылданады.

      19) Әлеуметтік көмек төлемдеріне қатысты банк қызметтерінің төлемі жергілікті бюджет қаражаты есебінен жүзеге асырылады, ол үшін Мемлекеттік корпорация мен уәкілетті орган арасында келісім-шарт жасалады.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады