Тереңкөл ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Тереңкөл ауданы әкімдігінің "Тереңкөл ауданының аумағында барлық кандидаттар үшін үгіттік баспа материалдарын орналастыру үшін орындарды белгілеу туралы" 2019 жылғы 15 сәуірдегі № 118/2 қаулысына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 130784 болып тіркелген) келесі өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген қаулының қосымшасында:
19-жолдағы "Кооперативная" деген сөз "Әйтеке би" деген сөзімен ауыстырылсын;
29-жолдағы "Советов" деген сөз "Астана" деген сөзімен ауыстырылсын.
2. Осы қаулының орындалуын бақылау Тереңкөл ауданы әкімі аппаратының басшысына жүктелсін.
3. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
| Аудан әкімі | А. Маңғұтов |
"КЕЛІСІЛДІ"
Тереңкөл аудандық аумақтық
сайлау комиссиясы
