Қазақстан Республикасы Жер кодексінің 19-бабының 1-1) тармақшасына, 69-бабының 4-тармағына, "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 35-бабы 1-тармағының 6) тармақшасына сәйкес Павлодар облысы Железин ауданы Прииртышск ауылдық округінің әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. "Қазақстан Республикасы көлік министрлігінің автомобиль жолдары комитеті" республикалық мемлекеттік мекемесі "Баянауыл" шекара бөлімшесінің 10кВ ЭБЖ желісін төсеу үшін Павлодар облысы Железин ауданы Прииртышск ауылдық округінің Прииртышск ауылының аумағында орналасқан жалпы ауданы 0,1090 га, 5 жыл мерзімге жер учаскесіне жария сервитут белгіленсін.
2. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.
3. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін қолданысқа енгізіледі.
| Прииртышск ауылдық округінің әкімі | С. Нурмаканов |
