Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және Железин ауданы мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың Қағидалары бекіту туралы

Жаңа

Павлодар облысы Железин аудандық мәслихатының 2026 жылғы 10 сәуірдегі № 230/8 шешімі

      Қазақстан Республикасының Әлеуметтік кодексі, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 6-бабы 2-3-тармағына, Қазақстан Республикасының 2020 жылғы 6 мамырдағы "Ардагерлер туралы", Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2023 жылғы 30 маусымдағы "Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың үлгілік қағидаларын бекіту туралы" № 523 қаулысына сәйкес, Железин аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      1. Осы шешімнің 1- қосымшасына сәйкес әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және Железин ауданы мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың Қағидалары бекітілсін.

      2. Павлодар облысы Железин аудандық мәслихатының 2026 жылғы 27 ақпандағы "Железин аудандық мәслихатының 2023 жылғы 16 қарашадағы "Железин ауданында әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың қағидаларын бекіту туралы" № 63/8 шешіміне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" № 224/8 шешімі (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 222598 тіркелген) күші жойылды деп танылсын.

      3. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Аудандық мәслихаттың төрағасы Т. Даулетов

  Павлодар облысы
Железин аудандық
мәслихатының
2026 жылғы "10"сәуірдегі
№ 226/8
шешіміне 1 қосымша

Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және Железин ауданы мұқтаж азаматтарының жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың Қағидалары

1-тарау. Жалпы ережелер

      1. Осы Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) Қазақстан Республикасының Әлеуметтік кодексі, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 6-бабы 2-3-тармағына, Қазақстан Республикасының 2020 жылғы 6 мамырдағы "Ардагерлер туралы" Заңының (бұдан әрі – Заң), Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2023 жылғы 30 маусымдағы "Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың үлгілік қағидаларын бекіту туралы" (бұдан әрі – Үлгілік қағидалар) № 523 қаулысына сәйкес әзірленді және әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және Железин ауданының мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың тәртібін белгілейді.

      2. Осы Қағидаларда пайдаланылатын негізгі терминдер мен ұғымдар:

      1) "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясы (бұдан әрі – Мемлекеттік корпорациясы) – Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес мемлекеттік қызметтерді көрсету, "бір терезе" қағидаты бойынша, мемлекеттік қызметтерді көрсетуге өтініштерді қабылдау және олардың нәтижелерін көрсетілетін қызметті алушыға беру жөніндегі жұмысты ұйымдастыру, мемлекеттік қызметтерді электрондық нысанда көрсетуді қамтамасыз ету үшін Қазақстан Республикасы Үкіметінің шешімі бойынша құрылған заңды тұлға;

      2) арнайы комиссия – өмірлік қиын жағдайдың туындауына байланысты әлеуметтік көмек көрсетуге үміткер адамның (отбасының) өтінішін қарау бойынша Железин ауданы әкімінің шешімімен құрылатын комиссия;

      3) әлеуметтік көмек – уәкілетті орган мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарына (бұдан әрі – алушылар), сондай-ақ атаулы күндер мен мереке күндеріне орай ақшалай көрсететін көмек;

      4) әлеуметтік көмек көрсету жөніндегі уәкілетті орган – "Железин ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" мемлекеттік мекемесі, әлеуметтік көмек көрсетуді жүзеге асыратын;

      5) әлеуметтік көмек төлеу жөніндегі уәкілетті ұйым – екінші деңгейдегі банктер, банк операцияларының тиісті түрлеріне қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын реттеу, бақылау және қадағалау жөніндегі уәкілетті органның лицензиясы бар ұйымдар, "Қазпошта" акционерлік қоғамының аумақтық бөлімшелері;

      6) ең төмен күнкөріс деңгейі – шамасы бойынша ең төмен тұтыну себетінің құнына тең, бір адамға шаққандағы ең төмен ақшалай кіріс;

      7) жан басына шаққандағы орташа кіріс – отбасының бір айдағы жиынтық кірісінің отбасының әрбір мүшесіне тура келетін үлесі;

      8) мереке күндері – Қазақстан Республикасының ұлттық және мемлекеттік мереке күндері;

      9) мерекелік күндер (бұдан әрі – атаулы күндер) – Қазақстан Республикасының кәсіптік және өзге де мерекелері;

      10) уәкілетті мемлекеттік орган – Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес халықты әлеуметтік қорғау саласындағы басшылықты және салааралық үйлестіруді, Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорының қызметін реттеуді, бақылау функцияларын жүзеге асыратын орталық атқарушы орган;

      11) учаскелік комиссия – әлеуметтік көмек алуға өтініш білдірген адамдардың (отбасылардың) материалдық жағдайына тексеру жүргізу және қорытындылар дайындау үшін Железин ауданының ауылдық округтер әкімдерінің шешімімен құрылатын комиссия;

      12) шекті шама – әлеуметтік көмектің бекітілген ең жоғарғы мөлшері;

      13) цифрлық құжаттар сервисі – "электрондық үкімет" ақпараттық-коммуникациялық инфрақұрылымының операторға бекітіп берілген және ақпараттандыру объектілерінен алынған мәліметтер негізінде қалыптастырылған электрондық түрдегі құжаттарды көрсетуге және пайдалануға арналған объектісі;

      14) "электрондық үкімет" веб-порталы (бұдан әрі – портал) – нормативтік құқықтық базаны қоса алғанда, барлық шоғырландырылған үкіметтік ақпаратқа және электрондық нысанда көрсетілетін мемлекеттік және өзге де қызметтерге қол жеткізудің "ортақ терезесі" дегенді білдіретін ақпараттандыру объектісі;

      15) электрондық цифрлық қолтаңба (бұдан әрі – ЭЦҚ) – электрондық цифрлық қолтаңба құралдарымен жасалған және электрондық құжаттың анықтығын, оның тиесілігін және мазмұнының өзгермейтіндігін растайтын электрондық цифрлық нышандар жиынтығы.

      3. Әлеуметтік кодекстің 71-бабының 4-тармағында, 170-бабының 3-тармағында, 229-бабының 3-тармағында, "Ардагерлер туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 10-бабы 1-тармағының 2) тармақшасында, 11-бабының 1-тармағының 2) тармақшасында, 12-бабының 1-тармағының 2) тармақшасында, 13-бабының 2) тармақшасында, 17-бабында көрсетілген тұлғаларға әлеуметтік көмек осы Үлгілік қағидаларда көзделген тәртіппен көрсетіледі.

      4. Әлеуметтік көмек бір рет және (немесе) мерзімді (ай сайын, тоқсан сайын) көрсетіледі.

      5. Әлеуметтік көмек көрсету үшін атаулы күндер мен мереке күндерінің тізбелерін;

      1) Ауғанстан Демократиялық Республикасынан Кеңес әскерлерінің шектеулі контингентін шығару күні - 15 ақпан ;

      2) Халықаралық әйелдер күні - 8 наурыз;

      3) Радиациялық апаттар мен апаттардың салдарын жоюға және осы апаттар мен апаттардың құрбандарын еске алуға қатысушылар күні - 26 сәуір;

      4) Отан қорғаушы күні - 7 мамыр;

      5) Жеңіс күні - 9 мамыр;

      6) Саяси қуғын-сүргін және ашаршылық құрбандарын еске алу күні - 31 мамыр;

      7) Қазақстан Республикасының Конституциясы күні - 30 тамыз;

      8) Қарттар күні - 1 қазан;

      9) Қазақстан Республикасының күні - 25 қазан;

      10) Тәуелсіздік күн - 16 желтоқсан;

      6. Учаскелік және арнайы комиссиялар өз қызметін Павлодар облысыың әкімдігі бекітетін ережелердің негізінде жүзеге асырады.

2-тарау. Әлеуметтік көмек алушылар санаттарының тізбесін айқындау және әлеуметтік көмектің мөлшерлерін белгілеу тәртібі

      7. Әлеуметтік көмек көрсету жөніндегі уәкілетті орган келесі Железин ауданында тұрақты тіркелген және тұратын санаттардағы азаматтарға әлеуметтік көмек көрсетеді:

      1) алушылардың өтініш талап етілмей, мемлекеттік корпорацияның тізімі негізінде мереке күндері мен атаулы күндерге орай біржолғы әлеуметтік көмек көрсетіледі:

      Ауғанстан Демократиялық Республикасынан Кеңес әскерлерінің шектеулі контингентінің шығарылған күніне - 15 ақпан:

      оқу жиындарына шақырылған және Ауғанстанға ұрыс қимылдары жүрiп жатқан кезеңде жiберiлген әскери мiндеттiлеріне 50 (елу) айлық есептік көрсеткіш (АЕК) мөлшерінде;

      Ауғанстанға ұрыс қимылдары жүрiп жатқан кезеңде осы елге жүк жеткiзу үшiн жiберiлген автомобиль батальондарының әскери қызметшiлерiне 50 (елу) АЕК мөлшерінде;

      бұрынғы Кеңестік Социалистік Республикалар Одағын (бұдан әрі – КСР Одағы) аумағынан Ауғанстанға жауынгерлiк тапсырмалармен ұшқан ұшу құрамының әскери қызметшiлерiне 50 (елу) АЕК мөлшерінде;

      Ауғанстандағы кеңестік әскери контингентке қызмет көрсеткен, жарақат, контузия алған немесе мертіккен не ұрыс қимылдарын қамтамасыз етуге қатысқаны үшін бұрынғы КСР Одағының ордендерiмен және медальдарымен наградталған жұмысшылары мен қызметшiлеріне 50 (елу) АЕК мөлшерінде;

      бұрынғы КСР Одағын қорғау, әскери қызметтің өзге де міндеттерін басқа кезеңдерде атқару кезінде жаралануы, контузия алуы, мертігуі салдарынан немесе майданда болуына байланысты, сондай-ақ Ауғанстанда немесе ұрыс қимылдары жүргізілген басқа да мемлекеттерде әскери қызметін өткеру кезінде ауруға шалдығуы салдарынан мүгедектік белгіленген әскери қызметшілеріне 50 (елу) АЕК мөлшерінде;

      Ауғанстандағы немесе ұрыс қимылдары жүргiзiлген басқа да мемлекеттердегi ұрыс қимылдары кезiнде жаралануы, контузия алуы, мертігуі, ауруға шалдығуы салдарынан қаза тапқан (хабар-ошарсыз кеткен) немесе қайтыс болған әскери қызметшiлердiң отбасыларына 50 (елу) АЕК мөлшерінде;

      Халықаралық әйелдер күніне - 8 наурыз:

      мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек алушылар қатарындағы көп балалы аналарына (отбасыларына) 5 (бес) АЕК мөлшерінде;

      Радиациялық апаттар мен апаттардың салдарын жоюға және осы апаттар мен апаттардың құрбандарын еске алуға қатысушылар күніне - 26 сәуір:

      1986 – 1987 жылдары Чернобыль атом электр станциясындағы апаттың, азаматтық немесе әскери мақсаттағы объектiлердегi басқа да радиациялық апаттар мен авариялардың салдарларын жоюға қатысқандарына, сондай-ақ ядролық сынақтарға тiкелей қатысқан адамдарына 50 (елу) АЕК мөлшерінде;

      Чернобыль атом электр станциясындағы апаттың және азаматтық немесе әскери мақсаттағы объектілердегі басқа да радиациялық апаттар мен авариялардың, ядролық сынақтардың салдарынан мүгедектік белгіленген адамдарына және мүгедектігі ата-анасының бірінің радиациялық сәуле алуымен генетикалық байланысты олардың балаларына 50 (елу) АЕК мөлшерінде;

      Чернобыль атом электр станциясындағы апаттың және азаматтық немесе әскери мақсаттағы объектiлердегi басқа да радиациялық апаттар мен авариялардың салдарларын жою кезiнде қаза тапқан адамдардың отбасыларына 50 (елу) АЕК мөлшерінде;

      сәуле ауруының салдарынан қайтыс болғандардың немесе қайтыс болған мүгедектігі бар адамдардың, сондай-ақ қайтыс болуы белгіленген тәртіппен Чернобыль атом электр станциясындағы апаттың және азаматтық немесе әскери мақсаттағы объектілердегі басқа да радиациялық апаттар мен авариялардың және ядролық сынақтардың әсеріне байланысты болған азаматтардың отбасыларына 50 (елу) АЕК мөлшерінде;

      1988 – 1989 жылдары Чернобыль атом электр станциясындағы апаттың салдарларын жоюға қатысушылар қатарындағы, қоныс аудару күні құрсақта болған балаларды қоса алғанда, оқшаулау және көшіру аймақтарынан Қазақстан Республикасына қоныс аударылған (өз еркімен кеткен) адамдарына 50 (елу) АЕК мөлшерінде;

      Отан қорғаушы күніне - 7 мамыр:

      2003 жылғы тамыз – 2008 жылғы қазан аралығындағы кезеңде Ирактағы халықаралық бітімгершілік операцияға бітімгерлер ретінде қатысқан Қазақстан Республикасының әскери қызметшілеріне 50 (елу) АЕК мөлшерінде;

      1992 жылғы қыркүйек – 2001 жылғы ақпан аралығындағы кезеңде Тәжікстан-Ауғанстан учаскесінде Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығының шекарасын қорғауды күшейту жөніндегі мемлекетаралық шарттар мен келісімдерге сәйкес міндеттерін орындаған Қазақстан Республикасының әскери қызметшілеріне 50 (елу) АЕК мөлшерінде;

      бейбiт уақытта әскери қызметiн өткеру кезiнде қаза тапқан (қайтыс болған) әскери қызметшiлердiң отбасыларына 50 (елу) АЕК мөлшерінде;

      Жеңіс күніне - 9 мамыр:

      Ұлы Отан соғысы кезеңінде майдандағы армия құрамына кiрген әскери бөлiмдерде, штабтарда, мекемелерде штаттық лауазымдар атқарған не сол кезеңдерде майдандағы армия бөлiмдерiнің әскери қызметшілеріне қалалардың қорғанысына қатысқаны үшін белгiленген жеңiлдiкті шарттармен зейнетақы тағайындау үшiн 1998 жылғы 1 қаңтарға дейiн еңбек сіңірген жылдарына есептеліп жазылған, сол қалаларда болған Кеңес Армиясының, Әскери-Теңiз Флотының, бұрынғы КСР Одағының iшкi iстер және мемлекеттiк қауiпсiздiк әскерлерi мен органдарының еріктi жалдамалы құрамының адамдарына 100 000 (жүз мың) теңге мөлшерінде;

      майдандағы армия бөлiмдерiнің әскери қызметшілеріне қалалардың қорғанысына қатысқаны үшін белгiленген жеңiлдiкті шарттармен зейнетақы тағайындау үшiн 1998 жылғы 1 қаңтарға дейiн еңбек сіңірген жылдарына есептеліп жазылған, сол қалаларда Ұлы Отан соғысы кезеңінде қызмет өткерген әскери қызметшiлеріне, сондай-ақ бұрынғы КСР Одағы iшкi iстер және мемлекеттiк қауiпсiздiк органдарының басшы және қатардағы құрамының адамдарына 100 000 (жүз мың) теңге мөлшерінде;

      бұрынғы КСР Одағы Қатынас жолдары халық комиссариатының, Байланыс халық комиссариатының, кәсiпшiлiк және көлiк кемелерiнiң жүзу құрамы мен авиацияның ұшу-көтерілу құрамының, Балық өнеркәсiбi халық комиссариатының, теңiз және өзен флотының, Солтүстiк теңiз жолы бас басқармасының ұшу-көтерілу құрамының арнаулы құралымдарының Ұлы Отан соғысы кезеңінде әскери қызметшiлер жағдайына көшiрiлген және ұрыс майдандарының тылдағы шекаралары, флоттардың жедел аймақтары шегiнде майдандағы армия мен флот мүдделерi үшін мiндеттер атқарған қызметкерлерiне, сондай-ақ Ұлы Отан соғысының бас кезiнде басқа мемлекеттердiң порттарында еріксіз ұсталған көлiк флоты кемелерi экипаждарының мүшелерiне 100 000 (жүз мың) теңге мөлшерінде;

      Ұлы Отан соғысы кезеңінде майдандағы армия мен флоттың құрамына кiрген бөлiмдердiң, штабтар мен мекемелердiң құрамында полк балалары (тәрбиеленушiлерi) және юнгалар ретiнде болған адамдарына 10 (он) АЕК мөлшерінде;

      екiншi дүниежүзiлiк соғыс жылдарында шет елдердiң аумағында партизан отрядтары, астыртын топтар және басқа да фашизмге қарсы құралымдар құрамында фашистiк Германия мен оның одақтастарына қарсы ұрыс қимылдарына қатысқан адамдарына 10 (он) АЕК мөлшерінде;

      қызметтік міндеттерін атқару кезінде жаралануы, контузия алуы, мертігуі салдарынан не майданда болуына немесе ұрыс қимылдары жүргізілген мемлекеттерде қызметтік міндеттерін орындауына байланысты ауруға шалдығуы салдарынан мүгедектік белгіленген, бұрынғы КСР Одағының мемлекеттік қауіпсіздік органдарының және ішкі істер органдарының басшы және қатардағы құрамының адамдарына 50 (елу) АЕК мөлшерінде;

      басқа елдердегі майдандағы әскери контингенттерге қызмет көрсеткен және ұрыс қимылдары жүргізілген кезеңде жаралануы, контузия алуы, мертігуі не ауруға шалдығуы салдарынан мүгедектік белгіленген тиісті санаттардағы жұмысшылар мен қызметшілер 10 (он) АЕК мөлшерінде;

      екiншi дүниежүзiлiк соғыс кезеңiнде фашистер мен олардың одақтастары құрған концлагерьлердегі, геттолардағы және басқа да мәжбүрлеп ұстау орындарындағы кәмелетке толмаған тұтқындарына 200 000 (екі мың) теңге;

      1944 жылғы 1 қаңтар – 1951 жылғы 31 желтоқсан аралығындағы кезеңде Украина КСР, Беларусь КСР, Литва КСР, Латвия КСР, Эстония КСР аумағында болған халықты қорғаушы жойғыш батальондардың, взводтар мен отрядтардың жауынгерлері мен командалық құрамы қатарындағы, осы батальондарда, взводтарда, отрядтарда қызметтік міндеттерін атқару кезінде жаралануы, контузия алуы немесе мертігуі салдарынан мүгедектік белгіленген адамдарына 10 (он) АЕК мөлшерінде;

      Ленинград қаласындағы қоршау кезеңінде қаланың кәсiпорындарында, мекемелерi мен ұйымдарында жұмыс iстеген және "Ленинградты қорғағаны үшiн" медалiмен немесе "Қоршаудағы Ленинград тұрғыны" белгiсiмен наградталған азаматтарына 150 000 (жүз елу мың) теңге;

      1986 – 1991 жылдар аралығындағы кезеңде Таулы Қарабақтағы этносаралық қақтығысты реттеуге қатысқан әскери қызметшілеріне, сондай-ақ бұрынғы КСР Одағы ішкі істер және мемлекеттік қауіпсіздік органдарының басшы және қатардағы құрамының адамдарына 50 (елу) АЕК мөлшерінде;

      Ұлы Отан соғысы жылдарында тылдағы қажырлы еңбегі мен мінсіз әскери қызметі үшін бұрынғы КСР Одағының ордендерімен және медальдарымен наградталған адамдарына 100 000 (жүз мың) теңге;

      1941 жылғы 22 маусым – 1945 жылғы 9 мамыр аралығында кемiнде алты ай жұмыс iстеген (қызмет өткерген) және Ұлы Отан соғысы жылдарында тылдағы қажырлы еңбегi мен мiнсiз әскери қызметі үшін бұрынғы КСР Одағының ордендерiмен және медальдарымен наградталмаған адамдарына 100 000 (жүз мың) теңге;

      бұрынғы КСР Одағын қорғау, әскери қызметтiң өзге де мiндеттерiн (қызметтік мiндеттерді) атқару кезiнде жаралануы, контузия алуы немесе мертігуі салдарынан немесе майданда болуына байланысты ауруға шалдығуы салдарынан қаза болған (хабар-ошарсыз кеткен) немесе қайтыс болған әскери қызметшiлердің, партизандардың, астыртын әрекет етушiлердің, Қазақстан Республикасының 2020 жылғы 6 мамырдағы "Ардагерлер туралы" № 322 – VI Заңының 4, 5, 6 - баптарында аталған адамдардың отбасыларына 10 (он) АЕК мөлшерінде;

      Ұлы Отан соғысында қаза тапқан, жергiлiктi әуе шабуылына қарсы қорғаныстың объектiлiк және авариялық командаларының өзiн-өзi қорғау топтарының жеке құрамы қатарындағы адамдардың отбасылары, Ленинград қаласының госпитальдары мен ауруханаларының қаза тапқан жұмыскерлерінiң отбасыларына 10 (он) АЕК мөлшерінде;

      бұрынғы КСР Одағы Қорғаныс министрлiгiнің, ішкi iстер және мемлекеттiк қауiпсiздiк органдарының әскери мiндеттілер жиындарына шақырылған, қоғамға жат көрiнiстерге байланысты төтенше жағдайлар кезiнде қоғамдық тәртiптi қорғау жөнiндегi міндеттерді орындау кезінде қаза тапқан (қайтыс болған) әскери қызметшiлерінiң, басшы және қатардағы құрам адамдарының отбасыларына 10 (он) АЕК мөлшерінде;

      Ұлы Отан соғысы кезеңінде жаралануы, контузия алуы, мертігуі немесе ауруға шалдығуы салдарынан қайтыс болған мүгедектігі бар адамның немесе жеңілдіктер бойынша Ұлы Отан соғысы кезеңінде жаралануы, контузия алуы, мертігуі немесе ауруға шалдығуы салдарынан болған мүгедектігі бар адамдарға теңестірілген қайтыс болған адамның екінші рет некеге тұрмаған зайыбына (жұбайына), сондай-ақ жалпы ауруға шалдығуы, жұмыста мертігуі және басқа да себептер (құқыққа қарсы келетіндерді қоспағанда) салдарынан болған мүгедектігі бар адам деп танылған, қайтыс болған Ұлы Отан соғысы қатысушысының, партизанның, астыртын әрекет етушінің, "Ленинградты қорғағаны үшін" медалімен немесе "Қоршаудағы Ленинград тұрғыны" белгісімен наградталған азаматтың екінші рет некеге тұрмаған зайыбына (жұбайына) 60 000 (алпыс мың) теңге;

      бұрынғы КСР Одағының үкiметтік органдарының шешiмдерiне сәйкес басқа мемлекеттердiң аумағындағы ұрыс қимылдарына қатысқан Кеңес Армиясының, Әскери-Теңiз Флотының, Мемлекеттiк қауiпсiздiк комитетiнiң әскери қызметшiлерiне, бұрынғы КСР Одағы Iшкi iстер министрлiгiнiң басшы және қатардағы құрамының адамдарына (әскери мамандар мен кеңесшiлердi қоса алғанда) 50 (елу) АЕК мөлшерінде;

      Саяси қуғын-сүргін және ашаршылық құрбандарын еске алу күніне 31 мамыр:

      сотпен немесе Қазақстан Республикасының "Жаппай саяси қуғын-сүргіндер құрбандарын ақтау туралы" Заңында белгіленген тәртіппен саяси қуғын-сүргіндер құрбаны немесе саяси қуғын-сүргіндерден зардап шеккен деп танылған азаматтарына 10 (он) АЕК мөлшерінде;

      Социалистік Еңбек Ерлеріне, үш дәрежелі Еңбек Даңқы орденінің иегерлеріне 10 (он) АЕК мөлшерінде;

      "Қазақстанның Еңбек Ері", "Халық қаһарманы" атағына ие болған адамдарға 10 (он) АЕК мөлшерінде;

      Қазақстан Республикасының Конституция күніне - 30 тамыз:

      он сегіз жасқа дейінгі мүгедектігі бар балаларды тәрбиелеп отырған отбасыларға 20 (жиырма) АЕК мөлшерінде;

      Қазақстан Республикасының колледждерінде ақылы негізде оқитын мүгедектігі бар тұлғаларға 30 (отыз) АЕК мөлшерінде;

      Қазақстан Республикасының жоғары оқу орындарында ақылы негізде оқитын мүгедектігі бар тұлғаларға 60 (алпыс) АЕК мөлшерінде;

      Карттар күніне - 1 қазан:

      зейнеткерлік жасқа толған, зейнетақының және (немесе) жәрдемақының ең төмен мөлшерін немесе зейнетақының және (немесе) жәрдемақының ең аз мөлшерінен төмен алатын азаматтарына (тұлғаларға, зейнеткерлерге) 2 (екі) АЕК мөлшерінде;

      зейнетақының және (немесе) жәрдемақының ең төмен мөлшерін немесе зейнетақының және (немесе) жәрдемақының ең аз мөлшерінен төмен алатын 80 жастағы және одан (асқан) көп жасқа толған азаматтарына (тұлғаларға, зейнеткерлерге) 3 (үш) АЕК мөлшерінде;

      Қазақстан Республикасының күніне - 25 қазан:

      он сегіз жасқа дейінгі мүгедектігі бар балаларыға 5 (бес) АЕК мөлшерінде;

      бірінші топтағы мүгедектігі бар тұлғаларға 5 (бес) АЕК мөлшерінде;

      екінші топтағы мүгедектігі бар тұлғаларға 5 (бес) АЕК;

      Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күніне - 16 желтоқсан:

      Қазақстан Республикасының "Жаппай саяси қуғын-сүргіндер құрбандарын ақтау туралы" Заңымен белгіленген 1986 жылғы 17-18 желтоқсандағы Қазақстандағы оқиғаларға қатысқан адамдарға 60 (алпыс) АЕК мөлшерінде;".

      емделуге (сауықтыруға) әлеуметтік көмек:

      басқа елдердегі соғыс қимылдарының ардагерлеріне, оқу жиындарына шақырылған және Ауғанстанға ұрыс қимылдары жүріп жатқан кезеңде жіберілген әскери міндеттілерне; 1988 – 1989 жылдары Чернобыль атом электр станциясындағы апаттың салдарларын жоюға қатысушылар қатарындағы, қоныс аудару күні құрсақта болған балаларды қоса алғанда, оқшаулау және көшіру аймақтарынан Қазақстан Республикасына қоныс аударылған (өз еркімен кеткен) адамдарына; 1992 жылғы қыркүйек – 2001 жылғы ақпан аралығындағы кезеңде Тәжікстан-Ауғанстан учаскесінде Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығының шекарасын қорғауды күшейту жөніндегі мемлекетаралық шарттар мен келісімдерге сәйкес міндеттерін орындаған Қазақстан Республикасының әскери қызметшілеріне; 2003 жылғы тамыз – 2008 жылғы қазан аралығындағы кезеңде Ирактағы халықаралық бітімгершілік операцияға бітімгерлер ретінде қатысқан Қазақстан Республикасының әскери қызметшілеріне; 1986 – 1991 жылдар аралығындағы кезеңде Таулы Қарабақтағы этносаралық қақтығысты реттеуге қатысқан әскери қызметшілеріне, сондай-ақ бұрынғы КСР Одағы ішкі істер және мемлекеттік қауіпсіздік органдарының басшы және қатардағы құрамының адамдарына; 1986 – 1987 жылдары Чернобыль атом электр станциясындағы апаттың, азаматтық немесе әскери мақсаттағы объектiлердегi басқа да радиациялық апаттар мен авариялардың салдарларын жоюға қатысқандарына, сондай-ақ ядролық сынақтарға тiкелей қатысқан адамдарына; бұрынғы КСР Одағын қорғау, әскери қызметтің өзге де міндеттерін басқа кезеңдерде атқару кезінде жаралануы, контузия алуы, мертігуі салдарынан немесе майданда болуына байланысты, сондай-ақ Ауғанстанда немесе ұрыс қимылдары жүргізілген басқа да мемлекеттерде әскери қызметін өткеру кезінде ауруға шалдығуы салдарынан мүгедектік белгіленген әскери қызметшілеріне; Чернобыль атом электр станциясындағы апаттың және азаматтық немесе әскери мақсаттағы объектілердегі басқа да радиациялық апаттар мен авариялардың, ядролық сынақтардың салдарынан мүгедектік белгіленген адамдарына және мүгедектігі ата-анасының бірінің радиациялық сәуле алуымен генетикалық байланысты олардың балаларына біржолғы емделуге (сауықтыруға) 50 (елу) АЕК мөлшерінде жеке басын куәландыратын құжаттарды қоса бере отырып, өтініш немесе цифрлық құжаттар сервисінен электрондық құжат (жеке басын сәйкестендіру үшін), мәртебесін растайтын қужат, екінші деңгейдегі банктерде, қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау жөніндегі уәкілетті органның банк операцияларының тиісті түрлеріне лицензиясы бар ұйымдарда және "Қазпошта" акционерлік қоғамының аумақтық бөлімшелерінде 20 таңбалы ағамдағы шоттың ашылғаны туралы хабарлама негізінде;

      3) гемадиализ аппаратын қолдану әлеуметтік көмек:

      Павлодар облысы әкімдігі Павлодар облысы денсаулық сақтау басқармасының шаруашылық жүргізу құқығындағы "Железин аудандық ауруханасы" коммуналдық мемлекеттік кәсіпорнымен ұсынылатын тізім негізінде бірінші топтағы мүгедектерге ай сайынғы 15 (он бес) АЕК мөлшерінде;

      4) мүгедектерді алып жүру әлеуметтік көмек:

      он сегіз жасқа дейінгі мүгедектігі бар балаларға санаторлық-курорттық емделуге заңды өкілі жәңе жеке көмекшінің еріп жүруіне біржолғы 20 (жиырма) АЕК мөлшерінде, осы фактіні растайтын құжатты қоса бере отырып өтініш негізінде;

      бірінші топтағы мүгедектігі бар адамдарға санаторлық-курорттық емделуге заңды өкілі жәңе жеке көмекшінің еріп жүруіне біржолғы 55 (елу бес) АЕК мөлшерінде, осы фактіні растайтын құжатты қоса бере отырып өтініш негізінде;

      5) коммуналдық қызметтерді төлеу үшін әлеуметтік көмек:

      оқу жиындарына шақырылған және Ауғанстанға ұрыс қимылдары жүріп жатқан кезеңде жіберілген әскери міндеттілерне; басқа елдердегі соғыс қимылдарының ардагерлеріне, 1986 – 1987 жылдары Чернобыль атом электр станциясындағы апаттың, азаматтық немесе әскери мақсаттағы объектiлердегi басқа да радиациялық апаттар мен авариялардың салдарларын жоюға қатысқандарына, сондай-ақ ядролық сынақтарға тiкелей қатысқан адамдарына; бұрынғы КСР Одағын қорғау, әскери қызметтің өзге де міндеттерін басқа кезеңдерде атқару кезінде жаралануы, контузия алуы, мертігуі салдарынан немесе майданда болуына байланысты, сондай-ақ Ауғанстанда немесе ұрыс қимылдары жүргізілген басқа да мемлекеттерде әскери қызметін өткеру кезінде ауруға шалдығуы салдарынан мүгедектік белгіленген әскери қызметшілеріне; 1988 – 1989 жылдары Чернобыль атом электр станциясындағы апаттың салдарларын жоюға қатысушылар қатарындағы, қоныс аудару күні құрсақта болған балаларды қоса алғанда, оқшаулау және көшіру аймақтарынан Қазақстан Республикасына қоныс аударылған (өз еркімен кеткен) адамдарына; 1992 жылғы қыркүйек – 2001 жылғы ақпан аралығындағы кезеңде Тәжікстан-Ауғанстан учаскесінде Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығының шекарасын қорғауды күшейту жөніндегі мемлекетаралық шарттар мен келісімдерге сәйкес міндеттерін орындаған Қазақстан Республикасының әскери қызметшілеріне; 2003 жылғы тамыз – 2008 жылғы қазан аралығындағы кезеңде Ирактағы халықаралық бітімгершілік операцияға бітімгерлер ретінде қатысқан Қазақстан Республикасының әскери қызметшілеріне; 1986 – 1991 жылдар аралығындағы кезеңде Таулы Қарабақтағы этносаралық қақтығысты реттеуге қатысқан әскери қызметшілеріне, сондай-ақ бұрынғы КСР Одағы ішкі істер және мемлекеттік қауіпсіздік органдарының басшы және қатардағы құрамының адамдарына; Чернобыль атом электр станциясындағы апаттың және азаматтық немесе әскери мақсаттағы объектілердегі басқа да радиациялық апаттар мен авариялардың, ядролық сынақтардың салдарынан мүгедектік белгіленген адамдарына және мүгедектігі ата-анасының бірінің радиациялық сәуле алуымен генетикалық байланысты олардың балаларына тоқсан сайынғы (коммуналдық қызметтерді төлеу үшін) 10 (он) АЕК мөлшерінде жеке басын куәландыратын құжаттарды қоса бере отырып, өтініш немесе цифрлық құжаттар сервисінен электрондық құжат (жеке басын сәйкестендіру үшін), мәртебесін растайтын қужат, екінші деңгейдегі банктерде, қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау жөніндегі уәкілетті органның банк операцияларының тиісті түрлеріне лицензиясы бар ұйымдарда және "Қазпошта" акционерлік қоғамының аумақтық бөлімшелерінде 20 таңбалы ағамдағы шоттың ашылғаны туралы хабарлама негізінде;

      6) дүлей апат салдарынан азаматқа (отбасына) не оның мүлкіне зиян келутіруне әлеуметтік көмек:

      азаматтарға (отбасыларға) зиян келтіруге байланысты азаматтарға (отбасыларға) дүлей апат салдарынан оларға не оның мүлкіне нұқсан келтіруге байланысты жеке басын куәландыратын құжаттарды қоса бере отырып, өтініш негізінде біржолғы 100 (жүз) АЕК мөлшерінде бір бірліктен астам тұрғын үйі (пәтері, үйі) бар азаматтарды (отбасыларды) қоспағанда (жеке басын сәйкестендіру үшін), дүлей апат салдарынан азаматқа (отбасына) не оның мүлкіне келтірілген залал фактісін растайтын құжат (төтенше жағдайлар бөлімінен анықтама), екінші деңгейдегі банктерде, қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау жөніндегі уәкілетті органның банк операцияларының тиісті түрлеріне лицензиясы бар ұйымдарда және "Қазпошта" акционерлік қоғамының аумақтық бөлімшелерінде 20 таңбалы ағамдағы шоттың ашылғаны туралы хабарлама негізінде;

      7) өрт салдарынан азаматқа (отбасына) не оның мүлкіне зиян келуі;

      азаматтарға (отбасыларға) зиян келтіруге байланысты азаматтарға (отбасыларға) өрт салдарынан оларға не оның мүлкіне нұқсан келтіруге байланысты жеке басын куәландыратын құжаттарды қоса бере отырып, өтініш негізінде біржолғы 100 (жүз) АЕК мөлшерінде бір бірліктен астам тұрғын үйі (пәтері, үйі) бар азаматтарды (отбасыларды) қоспағанда (жеке басын сәйкестендіру үшін), өрттің салдарынан азаматқа (отбасына) не оның мүлкіне келтірілген залал фактісін растайтын құжат (төтенше жағдайлар бөлімінен анықтама), екінші деңгейдегі банктерде, қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау жөніндегі уәкілетті органның банк операцияларының тиісті түрлеріне лицензиясы бар ұйымдарда және "Қазпошта" акционерлік қоғамының аумақтық бөлімшелерінде 20 таңбалы ағамдағы шоттың ашылғаны туралы хабарлама негізінде;

      8) әлеуметтік маңызы бар аурудың болуына әлеуметтік көмек:

      қатерлі ісіктерден бар аурумен ауратын, адамдарға біржолғы 10 (он) АЕК мөлшерінде, Павлодар облысы әкімдігі Павлодар облысы денсаулық сақтау басқармасының шаруашылық жүргізу құқығындағы "Железин аудандық ауруханасы" коммуналдық мемлекеттік кәсіпорнымен ұсынылатын тізім негізінде немесе өтініш, жеке басын куәландыратын құжатты қоса бере отырып, өтініш не цифрлық құжаттар сервисінен (жеке басын сәйкестендіру үшін) электрондық құжат, жеке басын куәландыратын құжаттың болуы фактісін растайтын құжат әлеуметтік маңызы бар ауру;

      иммун тапшылығы вирусы ауруымен ауратын, адамдарға біржолғы 10 (он) АЕК мөлшерінде, Павлодар облысы денсаулық сақтау басқармасының, Павлодар облысы әкімдігі Павлодар облысы денсаулық сақтау басқармасының шаруашылық жүргізу құқығындағы "Железин аудандық ауруханасы" коммуналдық мемлекеттік кәсіпорнымен ұсынылатын тізім негізінде;

      созылмалы вирусты гепатиттер және бауыр циррозы аурумен ауратын, адамдарға біржолғы 5 (бес) АЕК мөлшерінде, Павлодар облысы денсаулық сақтау басқармасының, Павлодар облысы әкімдігі Павлодар облысы денсаулық сақтау басқармасының шаруашылық жүргізу құқығындағы "Железин аудандық ауруханасы" коммуналдық мемлекеттік кәсіпорнымен ұсынылатын тізім негізінде;

      психикалық және мінез-құлық бұзылыстары аурумен ауратын, адамдарға біржолғы 5 (бес) АЕК мөлшерінде, Павлодар облысы денсаулық сақтау басқармасының, Павлодар облысы әкімдігі Павлодар облысы денсаулық сақтау басқармасының шаруашылық жүргізу құқығындағы "Железин аудандық ауруханасы" коммуналдық мемлекеттік кәсіпорнымен ұсынылатын тізім негізінде;

      жедел миокард инфарктісі (алғашқы 6 ай)" аурумен ауратын, адамдарға біржолғы 5 (бес) АЕК мөлшерінде, Павлодар облысы денсаулық сақтау басқармасының, Павлодар облысы әкімдігі Павлодар облысы денсаулық сақтау басқармасының шаруашылық жүргізу құқығындағы "Железин аудандық ауруханасы" коммуналдық мемлекеттік кәсіпорнымен ұсынылатын тізім негізінде;

      нерв жүйесінің дегенаративті аурумен ауратын, адамдарға біржолғы 5 (бес) АЕК мөлшерінде, Павлодар облысы денсаулық сақтау басқармасының, Павлодар облысы әкімдігі Павлодар облысы денсаулық сақтау басқармасының шаруашылық жүргізу құқығындағы "Железин аудандық ауруханасы" коммуналдық мемлекеттік кәсіпорнымен ұсынылатын тізім негізінде;

      орталық нерв жүйесінің миелинсіздендіруші аурумен ауратын, адамдарға біржолғы 5 (бес) АЕК мөлшерінде, Павлодар облысы денсаулық сақтау басқармасының, Павлодар облысы әкімдігі Павлодар облысы денсаулық сақтау басқармасының шаруашылық жүргізу құқығындағы "Железин аудандық ауруханасы" коммуналдық мемлекеттік кәсіпорнымен ұсынылатын тізім негізінде;

      орфандық аурумен ауратын, адамдарға біржолғы 5 (бес) АЕК мөлшерінде, Павлодар облысы денсаулық сақтау басқармасының, Павлодар облысы әкімдігі Павлодар облысы денсаулық сақтау басқармасының шаруашылық жүргізу құқығындағы "Железин аудандық ауруханасы" коммуналдық мемлекеттік кәсіпорнымен ұсынылатын тізім негізінде;

      ми қан айналымының жедел бұзылуы (1 жыл) аурумен ауратын, адамдарға біржолғы 5 (бес) АЕК мөлшерінде, Павлодар облысы денсаулық сақтау басқармасының, Павлодар облысы әкімдігі Павлодар облысы денсаулық сақтау басқармасының шаруашылық жүргізу құқығындағы "Железин аудандық ауруханасы" коммуналдық мемлекеттік кәсіпорнымен ұсынылатын тізім негізінде;

      эпилепсия аурумен ауратын, адамдарға біржолғы 5 (бес) АЕК мөлшерінде, Павлодар облысы денсаулық сақтау басқармасының, Павлодар облысы әкімдігі Павлодар облысы денсаулық сақтау басқармасының шаруашылық жүргізу құқығындағы "Железин аудандық ауруханасы" коммуналдық мемлекеттік кәсіпорнымен ұсынылатын тізім негізінде;

      амбулаториялық емделіп жатқан туберкулезбен ауыратын, адамдарға ай сайын 10 (он) АЕК мөлшерінде, Павлодар облысы денсаулық сақтау басқармасының, Павлодар облысы әкімдігінің "Железин аудандық ауруханасы" шаруашылық жүргізу құқығындағы коммуналдық мемлекеттік кәсіпорнының фтизиатриялық кабинеті ұсынатын тізім негізінде;

      адамның иммун тапшылығы вирусынан туындаған аурудан зардап шегетін балаларға ай сайын тиісті қаржы жылына арналған "Республикалық бюджет" туралы Қазақстан Республикасының Заңында белгіленген екі есе күнкөріс минимумы мөлшерінде, Павлодар облысы әкімдігі Павлодар облысы денсаулық сақтау басқармасының шаруашылық жүргізу құқығындағы "Железин аудандық ауруханасы" коммуналдық мемлекеттік кәсіпорнымен ұсынылатын тізім негізінде;

      9) ақшалай түрдегі әлеуметтік көмек:

      бұрын оқуға әлеуметтік көмек алған жоғары оқу орындарының студенттеріне, жоғары оқу орындарының оқуын аяқтау мерзіміне дейін, құжаттарды қоса бере отырып, өтініш негізінде білім беру қызметтерін көрсетуге арналған үш жақты шартқа сәйкес көрсетілген оқу құны мөлшерінде біржолғы;

      жоғары оқу орындарының оқуын аяқтау мерзіміне дейін, бұрын әлеуметтік көмек алған студенттерге оқу кезеңінде тұруға, тамақтануға және тұрғылықты жеріне жол жүруге 8 (сегіз) АЕК мөлшерінде ай сайын;

      он сегіз жасқа дейінгі мүгедектігі бар балаларды тәрбиелеп отырған отбасыларға 3 (үш) АЕК мөлшерінде біржолғы;

      10) қатты отын сатып алуға біржолғы әлеуметтік көмек:

      жан басына шаққандағы орташа табысы өтініш берген сәтте белгіленген ең төменгі күнкөріс деңгейінен аспайтын отбасыларға пешпен жылытылатын жеке тұрғын үй қорында тұратын 20 (жиырма) АЕК мөлшерінде жеке басын куәландыратын құжаттарды қоса бере отырып өтініш негізінде не цифрлық құжаттар сервисінен электрондық құжат (жеке басын сәйкестендіру үшін), адамның (мүшелердің) табыстары туралы мәліметтер отбасылар);

      8) Азаматқа (отбасына) не оның мүлкіне дүлей апат салдарынан зиян келтіру, азаматқа (отбасына) не оның мүлкіне өрт салдарынан зиян келтіру негіздері бойынша көрсетілетін әлеуметтік көмектің мөлшерін арнайы комиссия айқындайды және оны әлеуметтік көмек көрсету қажеттілігі туралы қорытындыда көрсетеді.

3-тарау. Әлеуметтік көмек көрсету тәртібі

      9. Әлеуметтік көмек көрсету тәртібі Үлгілік қағидалардың 12-20 тармақтарына сәйкес айкындалған.

      10. Әлеуметтік көмекті алушылардың тізімдері мемлекеттік корпорацияға не өзге ұйымдарға сұрау салу негізінде не уәкілетті мемлекеттік органның ақпараттық жүйелерінен электрондық түрде қалыптастырылады.

      11. Әлеуметтік маңызы бар ауру болған кезде әлеуметтік көмек алушылардың тізімдерін жеке сәйкестендіру нөмірін, тегін, атын, әкесінің атын және банктік шотын көрсете отырып, денсаулық сақтау ұйымдары, Қазақстан Республикасы денсаулық сақтау Министрінің бұйрығының әлеуметтік маңызы бар аурулар тізбесінде белгіленген аурулардың халықаралық сыныптамасының кодтарына сәйкес электрондық түрде ұсынады.

      Әлеуметтік маңызы бар ауру болған кезде әлеуметтік көмек алушылардың тізімдерін денсаулық сақтау ұйымдары Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2022 жылғы 24 маусымдағы № 429 қаулысымен бекітілген таратылуы шектеулі қызметтік ақпаратқа мәліметтерді жатқызу және онымен жұмыс істеу Қағидаларына сәйкес электрондық түрде ұсынады.

      Бірнеше санатқа жататын адамға әлеуметтік маңызы бар ауру болған кезде әлеуметтік көмек әрбір негіз бойынша төленеді.

      12) Әлеуметтік көмектің бір түрі бойынша біржолғы әлеуметтік көмек, төлемнің бірдей кезеңділігімен Қазақстан Республикасы бойынша жылына бір рет беріледі.

      Мынадай негіздер бойынша әлеуметтік көмекке жүгіну мерзімі: дүлей апат салдарынан азаматқа (отбасына) не оның мүлкіне зиян келуі, өрт салдарынан азаматқа (отбасына) не оның мүлкіне зиян келуі басталған күннен бастап алты айдан кешіктірілмей.

      Дүлей апат немесе өрт салдарынан мүлкіне залал келген болса, әлеуметтік көмек залал келген мүлік орналасқан жер бойынша меншік иесінің тіркелген жеріне қарамастан көрсетіледі.

      13. Әлеуметтік көмек көрсетуден бас тарту мынадай жағдайларда жүзеге асырылады:

      1) өтініш беруші ұсынған мәліметтердің дәйексіздігі анықталған жағдайда;

      2) адамның (отбасының) материалдық жағдайына тексеру жүргізуден өтініш беруші бас тартқан, жалтарған жағдайда;

      3) адамның (отбасының) жан басына шаққандағы орташа табысы әлеуметтік көмек көрсету үшін жергілікті өкілді органдар белгілеген шектен артық болған жағдайда;

      4) уәкілетті мемлекеттік органның ақпараттық жүйесінен әлеуметтік көмек тағайындау, осы негіз бойынша төлемді жүзеге асыруға өтініш беру фактісін растайтын мәліметтер алынған жағдайда;

      5) арнаулы әлеуметтік қызметтер қөрсету орталықтарында тұру.

      14. Әлеуметтік көмек көрсетуге жұмсалатын шығыстарды қаржыландыру Железин ауданының бюджетінде көзделген, ағымдағы қаржы жылына арналған қаражат шегінде жүзеге асырылады.

      Әлеуметтік көмек көрсету жөніндегі уәкілетті орган мемлекеттік корпорацияға әлеуметтік көмек көрсету сомаларын аударады.

      Мемлекеттік корпорация әлеуметтік көмек көрсету жөніндегі уәкілетті органнан алынған әлеуметтік көмек сомаларын әлеуметтік көмек алушылардың банктік шоттарына аударады.

      15. Әлеуметтік көмек келесі жағдайларда тоқтатылады:

      1) алушы қайтыс болған жағдайда;

      2) алушы тұрақты тұру үшін тиісті әкімшілік-аумақтық бірліктен тыс кеткен жағдайда;

      3) алушы мемлекеттік медициналық-әлеуметтік мекемелерге тұруға жіберілген жағдайда;

      4) өтініш беруші ұсынған мәліметтердің дәйексіздігі анықталған жағдайда;

      5) әлеуметтік көмек көрсетуге негіз болмай қалғаны туралы мәліметтер анықталған жағдайда.

      Осы тармақтың 3) тармақшасы осы Үлгілік қағидалардың 8-тармағының 1) және 2) тармақшаларында көрсетілген негіздер бойынша тағайындалған әлеуметтік көмекті төлеуге қолданылмайды.

      Осы тармақтың 1)-3) тармақшаларында көрсетілген негіздер бойынша әлеуметтік көмек төлеу көрсетілген мән-жайлар басталғаннан кейінгі айдан бастап тоқтатылады.

      Осы тармақтың 4) және 5) тармақшаларында көрсетілген негіздер бойынша әлеуметтік көмекті төлеу көрсетілген мән-жайлар басталған күннен бастап тоқтатылады.

      16. Әлеуметтік көмектің артық төленген сомалары ерікті түрде қайтарылады, заңсыз алынған сомалар ерікті түрде немесе сот тәртібімен қайтарылуға тиіс.

      17. Әлеуметтік көмек көрсетуді мониторингтеу мен есепке алуды әлеуметтік көмек көрсету жөніндегі уәкілетті орган "Е-собес" автоматтандырылған ақпараттық жүйесінің дерекқорын пайдалана отырып жүргізеді.

      18. Мемлекеттік корпорация арқылы әлеуметтік көмек төлеуді жүзеге асыру процесін Үлгілік қағидалардың 28-32-тармақтарына сәйкес уәкілетті мемлекеттік органның ақпараттық жүйелері арқылы әлеуметтік көмек көрсету туралы шешім қабылдаған кезде әлеуметтік көмек көрсету жөніндегі уәкілетті орган бастамашылық етеді.

      19. Әлеуметтік көмек төлеуге байланысты банктік қызметтеге ақы төлеу мемлекеттік корпорация мен әлеуметтік көмек көрсету жөніндегі уәкілетті орган арасында жасалатын шарт негізінде жергілікті бюджеттер қаражаты есебінен жүзеге асырылады.

      Мемлекеттік корпорация есепті айдан кейінгі айдың 20 - сынан кешіктірмей әлеуметтік көмек көрсету жөніндегі уәкілетті органға осы шешімнің 2- қосымшасына сәйкес екінші деңгейдегі банктер мен "Қазпошта" АҚ жағдайында әлеуметтік көмектің өндірістік төлемдерді туралы ақпаратты жіберсін.

  Павлодар облысы
Железин аудандық
мәслихатының
2026 жылғы "10"сәуірдегі
№ 226/8
шешіміне 2 - қосымша

__________________ облысы _________________ ауданы бойынша

(уәкілетті органның атауы)

екінші деңгейлі банктер (ЕДБ) және "Қазпошта" АҚ бөлінісінде жүргізілген

әлеуметтік көмек төлемдері жөніндегі мәліметтер

      Есепті кезең _____________

р/с №

Екінші деңгейлі банктер мен "Қазпошта" АҚ атауы

"Азаматтарға арналған үкімет "мемлекеттік корпорациясы" КЕАҚ аударылды

ЕДБ мен "Қазпошта" АҚ қайтарылды

"Азаматтарға арналған үкімет "мемлекеттік корпорациясы" КЕАҚ төленді

Әлеуметтік көмек атауы

алушылардың саны

теңге сомасы

алушылардың саны

теңге сомасы

алушылардың саны

теңге сомасы

1

2

3

4

5

6

7

8

9











БАРЛЫҒЫ









Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады