Коммуналдық мемлекеттік кәсіпорындардың иелігінде қалған таза кірістің бір бөлігін бөлу нормативін белгілеу туралы

Жаңа

Павлодар облысты әкімдігінің 2026 жылғы 28 мамырдағы № 141/1 қаулысы

      Қазақстан Республикасының "Мемлекеттік мүлік туралы" Заңының 140-бабы 2-тармағына және Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 27-бабы 2-тармағына сәйкес Павлодар облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Денсаулық сақтау саласындағы коммуналдық мемлекеттік кәсіпорындардың иелігінде қалған таза кірістің бір бөлігін бөлу нормативін осы қаулының қосымшасына сәйкес белгіленсін.

      2. Білім беру, мәдениет, спорт, ветеринария саласындағы коммуналдық мемлекеттік кәсіпорындардың иелігінде қалған таза кірістің бір бөлігін өндірісті дамытуға бағытталады.

      3. "Павлодар облысының қаржы басқармасы" мемлекеттік мекемесі заңнамамен белгіленген тәртіпте:

      осы қаулыны ресми жариялау және Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне енгізу үшін "Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жіберуді;

      осы қаулыны Павлодар облысы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастырылуды;

      осы қаулыдан туындайтын өзге қажетті шараларды қабылдауды қамтамасыз етсін.

      4. Осы қаулының орындалуын бақылау Павлодар облысы әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.

      5. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Облыс әкімі А. Байханов

  Павлодар облысы әкімдігінің
2026 жылғы "28" мамырдағы
№ 141/1 қаулысымен
бекітілді

Денсаулық сақтау саласындағы коммуналдық мемлекеттік кәсіпорындардың иелігінде қалған таза кірістің бір бөлігін бөлу нормативі

Өндірісті дамытуға

40 %

Инвестициялық жобаны іске асыруға

15 %

Резервтерді қалыптастыруға

20 %

Өзге бағыттарға (қызметкерлерге төлемдер, қадағалау кеңесінің мүшелеріне төлемдер, кредиторлық қарызды өтеу, коммуналдық қызметтер, ағымдық шығыстар)

25 %


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады