"Қостанай облысы әкімдігінің энергетика және тұрғын үй - коммуналдық шаруашылық басқармасы" мемлекеттік мекемесіне қауымдық сервитут белгілеу туралы

Жаңа

Қостанай облысы Федоров ауданы Қоржынкөл ауылдық округі әкімінің 2026 жылғы 14 қаңтардағы № 5-ш шешімі

      Қазақстан Республикасы Жер кодексінің 19-бабына, 69-бабының 4-тармағына, "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 35–бабына сәйкес "Федоров ауданы Қоржынкөл ауылдық округі әкімінің аппараты" ММ әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      1. "Қостанай облысы әкімдігінің энергетика және тұрғын үй - коммуналдық шаруашылық басқармасы" мемлекеттік мекемесіне Қостанай облысы, Федоров ауданы, Қоржынкөл ауылдық округі, Лесное және Березовка ауылы мекенжайы бойынша орналасқан, жалпы ауданы 11,28 гектар жер учаскесіне Лесное және Березовка ауылдарында газ тарату желілерін пайдалану үшін қауымдық сервитут белгіленсін.

      2. "Федоров ауданы Қоржынкөл ауылдық округі әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіпте:

      1) осы шешімнің қол қойылған күнінен бастап бес жұмыс күн ішінде оның қазақ және орыс тілдеріндегі электрондық түрдегі көшірмесін "Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына ресми жариялау және Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне енгізу үшін жіберілуін;

      2) осы шешімді оның ресми жарияланғанынан кейін Федоров ауданы әкімдігінің интернет - ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.

      3. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.

      4. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      А. Уристимбаев

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады