"Казахтелеком" Акционерлық қоғамына сервитут белгілеу туралы

Жаңа

Қостанай облысы Федоров ауданы Камышин ауылдық округі әкімінің 2026 жылғы 13 ақпандағы № 2 шешімі

      Қазақстан Республикасы Жер кодексінің 19-бабына, 69-бабының 4-тармағына, "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 35–бабына сәйкес "Федоров ауданы Камышин ауылдық округі әкімінің аппараты" ММ әкімі ШЕШТІ:

      1. "Казахтелеком" Акционерлық қоғамына Қостанай облысы, Федоров ауданы, Камышин ауылдық округі, Чистый Чандак ауылы, Пионерская көшесі және Аллейная көшесі шекараларында орналасқан, жалпы ауданы 0,0596 гектар жер учаскесіне "2024 жылы B2G сегменті үшін ТОБЖ салу, Қостанай облысы" объектісі бойынша 10 жыл мерзімге талшықты-оптикалық байланыс желісі мен телефон кәрізін салу және пайдалану үшін қауымдық сервитут белгіленсін.

      2. "Федоров ауданы Камышин ауылдық округі әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіпте:

      1) осы шешімнің қол қойылған күнінен бастап бес жұмыс күн ішінде оның қазақ және орыс тілдеріндегі электрондық түрдегі көшірмесін "Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына ресми жариялау және Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне енгізу үшін жіберілуін;

      2) осы шешімді оның ресми жарияланғанынан кейін Федоров ауданы әкімдігінің интернет - ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.

      3. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.

      4. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Б. Бексултанов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады