Мәслихаттың 2023 жылғы 22 қарашадағы № 82 "Әлеуметтік көмек көрсету, оның мөлшерлерін белгілеу және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындау қағидаларын бекіту туралы" шешіміне өзгерістер енгізу туралы

Жаңа

Қостанай облысы Федоров ауданы мәслихатының 2026 жылғы 24 сәуірдегі № 250 шешімі

      Федоров аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      1. Мәслихаттың "Әлеуметтік көмек көрсету, оның мөлшерлерін белгілеу және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындау қағидаларын бекіту туралы" 2023 жылғы 22 қарашадағы № 82 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 10099-10 болып тіркелген) шешіміне мынадай өзгерістер енгізілсін:

      көрсетілген шешіммен бекітілген Әлеуметтік көмек көрсету, оның мөлшерлерін белгілеу және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындау қағидаларында:

      6-тармақ жаңа редакцияда жазылсын:

      "6. Әлеуметтік көмек мұқтаж азаматтардың келесі санаттарына көрсетіледі:

      1) Ұлы Отан соғысының ардагерлеріне, тұрмыстық қажеттіліктеріне, табыстары есепке алынбай, ай сайын, 10 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде;

      2) Заңның 8-бабы бірінші бөлігінің 4) және 5) тармақшаларында көрсетілген адамдарды қоспағанда, ардагерлерге және Заңның 5, 6, 7, 8-баптарында көрсетілген басқа адамдарға, ақшалай көмек түрінде, табыстары есепке алынбай, ай сайын, 3 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде;

      3) адамның иммун тапшылығы вирусын жұқтырған, диспансерлік есепте тұрған балалардың ата-аналарына немесе өзге де заңды өкілдеріне, табыстары есепке алынбай, ай сайын, екі еселік ең төмен күнкөріс деңгейі мөлшерінде;

      4) туберкулез ауруынан зардап шеккен және амбулаториялық емдеудегі адамдарға, табыстары есепке алынбай, ай сайын, 10 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде;

      5) мүгедектігі бар адамдарға, ақшалай көмек түрінде, дәрілік заттарды сатып алуға байланысты шығындарын өтеу үшін, табыстары есепке алынбай, жылына 1 рет, нақты шығындар мөлшерінде, бірақ 30 айлық есептік көрсеткіштен артық емес;

      6) дүлей апат немесе өрт салдарынан азаматқа (отбасына) не оның мүлкіне залал келтіруіне байланысты, табыстары есепке алынбай, бір рет, 100 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде;

      7) бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған, пробация қызметінің есебінде тұрған адамдарға, табыстары есепке алынбай, бір рет, 10 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде;

      8) өтініш берген тоқсанның алдындағы тоқсанда ең төмен күнкөріс деңгейі шамасынан төмен жан басына шаққандағы орташа табысы бар отбасылардың адамдарына, тұрмыстық қажеттіліктеріне, жылына 1 рет, 10 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде;

      9) әлеуметтік көрсетілетін қызметтер порталы арқылы санаторийлік-курорттық емделуді ұсынатын ұйымдарға мүгедектігі бар адамды абилитациялау мен оңалтудың жеке бағдарламасына сәйкес санаторийлік-курорттық емделуге, оларды алып жүретін, бірақ бір ілеспе адамнан артық емес адамдарға арналған шығындарды өтеу үшін бірінші топтағы мүгедектігі бар адамдарға, табысы есепке алынбай, жылына 1 рет, емдік емшараларын қоспағанда, тұру және тамақтану үшін нақты шығындар мөлшерінде, бірақ уәкілетті мемлекеттік орган тиісті қаржы жылына айқындайтын, әлеуметтік көрсетілетін қызметтер порталы арқылы мүгедектігі бар адамдарға оларды жүзеге асыру барысында санаторийлік-курорттық емдеу құнын өтеу ретінде ұсынылатын кепілдік берілген соманың жетпіс пайызынан артық емес;

      10) Ұлы Отан соғысының ардагерлеріне, Заңның 5, 6-баптарында, 7-бабы 1) - 4) тармақшаларында көрсетілген ардагерлерге Қазақстан Республикасының шегінде санаторийлік-курорттық емделуге жолдаманың нақты құнын өтеуге, табысы есепке алынбай, жылына 1 рет, бірақ уәкілетті мемлекеттік орган тиісті қаржы жылына айқындайтын, әлеуметтік көрсетілетін қызметтер порталы арқылы мүгедектігі бар адамдарға оларды жүзеге асыру барысында санаторийлік-курорттық емделу құнын өтеу ретінде ұсынылатын кепілдік берілген сомадан артық емес.

      Санаторийлік-курорттық емделуге жолдама құнын өтеу Қостанай облыстық мәслихатының 2020 жылғы 11 маусымдағы № 510 "Азаматтардың жекелеген санаттарын әлеуметтік қолдау бойынша қосымша шара туралы" (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 9264 болып тіркелген) шешімімен белгіленген заттай нысаннан жазбаша бас тартылған жағдайда ұсынылады.";

      13-тармақ жаңа редакцияда жазылсын:

      "13. Мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарына берілетін әлеуметтік көмекті алу үшін өтініш беруші өзінің немесе отбасының атынан (немесе өкілі, Қазақстан Республикасы Азаматтық кодексінің 167-бабына сәйкес берілген сенімхат бойынша) жергілікті әлеуметтік көмек көрсету жөніндегі уәкілетті органға немесе ауыл, ауылдық округ әкіміне немесе Мемлекеттік корпорацияға Үлгілік қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша жазбаша өтінішпен немесе Үлгілік қағидаларға 1-1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша порталға электрондық түрдегі өтінішпен жүгінеді.

      Жазбаша өтініш берген кезде құжаттарды қабылдайтын маман "электрондық үкімет" шлюзі арқылы мемлекеттік органдардың және (немесе) ұйымдардың тиісті ақпараттық жүйелеріне (бұдан әрі - АЖ) Үлгілік қағидаларға 1-2-қосымшаға сәйкес нысанда сұрау салу қалыптастырады.

      АЖ-да мәліметтер сәйкес келмеген (болмаған) кезде өтініш беруші өтінішке мынадай құжаттарды қоса береді:

      1) жеке басын куәландыратын құжат не цифрлық құжаттар сервисінен алынған электрондық құжат (жеке басты сәйкестендіру үшін);

      2) адамның (отбасы мүшелерінің) табысы туралы мәліметтер (адамның (отбасы мүшелерінің) табысына қарамай тағайындалатын әлеуметтік көмекті алу үшін адамның (отбасы мүшелерінің) табысы туралы мәліметтер ұсынылмайды).

      Осы Қағидалардың 6-тармағы 1), 2) тармақшаларында көрсетілген адамдар, бірінші рет өтініш білдіргендер, өтініш берушінің әлеуметтік мәртебесін растайтын құжатты ұсынады.

      Осы Қағидалардың 6-тармағы 3) тармақшасында көрсетілген адамдардың ата-анасы немесе заңды өкілі адамның иммун тапшылығы вирусымен ауыру фактісін растайтын құжатты ұсынады.

      Осы Қағидалардың 6-тармағы 4) тармақшасында көрсетілген адамдар туберкулезбен ауыру фактісін және амбулаторлық емделуде екенін растайтын құжатты ұсынады.

      Осы Қағидалардың 6-тармағы 5) тармақшасында көрсетілген адамдар дәрігер растаған ағымдағы жылға рецептуралық бланкінің көшірмесін және кассалық және/немесе тауар чегін ұсынады.

      Осы Қағидалардың 6-тармағы 6) тармақшасында көрсетілген адамдар дүлей апат немесе өрт салдарынан азаматқа (отбасына) не оның мүлкіне залал келтіру фактісін растайтын құжатты ұсынады.

      Осы Қағидалардың 6-тармағы 7) тармақшасында көрсетілген адамдар бас бостандығынан айыру орындарынан босатылу, пробация қызметінің есебінде тұру фактісін растайтын құжаттарды ұсынады.

      Осы Қағидалардың 6-тармағы 9) тармақшасында көрсетілген адамдар санаторийлік-курорттық емделуге ақы төленгенін растайтын құжаттарды, санаторийлік-курорттық ұйым бірінші топтағы мүгедектігі бар адамға және оны алып жүретін адамға берген орындалған жұмыстардың (көрсетілген қызметтердің) актісін ұсынады.

      Осы Қағидалардың 6-тармағы 10) тармақшасында көрсетілген адамдар әлеуметтік мәртебесін, санаторийлік-курорттық емделуге ақы төленгенін растайтын құжаттарды, санаторийлік-курорттық ұйым берген орындалған жұмыстардың (көрсетілген қызметтердің) актісін ұсынады.

      Салыстырып тексеру үшін құжаттардың төлнұсқалары және көшірмелері ұсынылады. Салыстырып тексерілгеннен кейін құжаттардың төлнұсқалары өтініш берушіге қайтарылады.

      Өтініш беруші толық емес құжаттар топтамасын және (немесе) қолданылу мерзімі өткен құжаттарды ұсынған кезде Үлгілік қағидаларға 1-3-қосымшаға сәйкес нысан бойынша әлеуметтік көмек көрсетуге өтініш қабылдаудан бас тарту туралы қолхат беріледі.

      Өтініш беруші әлеуметтік көмекке портал арқылы электронды түрде жүгінген кезде мемлекеттік органдардың және (немесе) ұйымдардың АЖ-на қажетті мәліметтерді алу үшін өтініш берушінің өзі сұрау салады.

      Бұл ретте мемлекеттік органдардың және (немесе) ұйымдардың АЖ-нан келіп түскен электрондық өтініш пен мәліметтерді өтініш беруші өзінің ЭЦҚ-мен куәландырады.".

      2. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Федоров аудандық мәслихатының төрағасы Б. Исенгазин

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады