ЗҚАИ-ның ескертпесі!
Осы бұйрық 01.07.2026 бастап қолданысқа енгізіледі
БҰЙЫРАМЫН:
1. "Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің Табиғи монополияларды реттеу комитеті туралы ережені бекіту және Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің кейбір бұйрықтарының күші жойылды деп тану туралы" Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2019 жылғы 29 шілдедегі №190 бұйрығына мынадай өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің Табиғи монополияларды реттеу комитеті туралы ережеде:
12-тармақтың екінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
"Егер Комитетке заңдармен кiрiс әкелетiн қызметтi жүзеге асыру құқығы берiлсе, онда осындай қызметтен алынған кiрiстер республикалық бюджеттің кiрiсiне жiберiледi.";
14-тармақтың 8) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
"8) Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген өзге де құқықтар мен міндеттерді жүзеге асыру.";
37) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
"37) ведомствоның құзыретіне кіретін мәселелер бойынша және адам мен Қазақстан Республикасы азаматының құқықтары мен бостандығын қозғайтын нормативтік құқықтық актілерді қоспағанда, министрліктердің актілерінде оларды бекіту бойынша тікелей құзыреті болған кезде нормативтік құқықтық актілерді әзірлеу, бекіту;";
59) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
"59) адам мен Қазақстан Республикасы азаматының құқықтары мен бостандығын қозғайтын нормативтік құқықтық актілерді қоспағанда, ведомствоның құзыретіне кіретін мәселелер бойынша және министрліктердің актілерінде оларды бекіту бойынша тікелей құзыреті болған кезде нормативтік құқықтық актілерді бекіту;".
2. Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің Табиғи монополияларды реттеу комитеті заңнамада белгіленген тәртіппен осы бұйрыққа қол қойылған күннен бастап бес жұмыс күні ішінде оны Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде және алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің интернет-ресурсында орналастыру үшін жолдауды қамтамсыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика вице-министріне жүктелсін.
4. Осы бұйрық 2026 жылғы 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануға жатады.
|
Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары – Ұлттық экономика министрі |
С. Жұманғарин |
