"Тұжырымдамаларды, ұлттық жобаларды, доктриналарды (стратегияларды), мемлекеттік бағдарламаларды, кешенді жоспарларды, жол карталарын әзірлеу, іске асыру, түзету және мониторингтеу тәртібін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары - Ұлттық экономика министрінің 2024 жылғы 29 қазандағы № 260 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің м.а. 2026 жылғы 25 маусымдағы № 158 бұйрығы

      ЗҚАИ-ның ескертпесі!
      Осы бұйрық 01.07.2026 ж. бастап қолданысқа енгізіледі

      БҰЙЫРАМЫН:

      1. "Тұжырымдамаларды, ұлттық жобаларды, доктриналарды (стратегияларды), мемлекеттік бағдарламаларды, кешенді жоспарларды, жол карталарын әзірлеу, іске асыру, түзету және мониторингтеу тәртібін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары - Ұлттық экономика министрінің 2024 жылғы 29 қазандағы № 260 бұйрығына мынадай өзгерістер енгізілсін:

      көрсетілген бұйрықпен Тұжырымдамаларды, ұлттық жобаларды, доктриналарды (стратегияларды), мемлекеттік бағдарламаларды, кешенді жоспарларды, жол карталарын әзірлеу, іске асыру, түзету және мониторингтеу тәртібінде:

      1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "1. Осы Тұжырымдамаларды, ұлттық жобаларды, доктриналарды (стратегияларды), мемлекеттік бағдарламаларды, кешенді жоспарларды, жол карталарын әзірлеу, іске асыру, түзету және мониторингтеу тәртібі (бұдан әрі – Тәртіп) Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2017 жылғы 29 қарашадағы № 790 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік жоспарлау жүйесінің (бұдан әрі – МЖЖ) 92-тармағына сәйкес әзірленді және тұжырымдамаларды, ұлттық жобаларды, доктриналарды (стратегияларды), мемлекеттік бағдарламаларды, кешенді жоспарларды, жол карталарын (бұдан әрі – құжаттар) әзірлеу, іске асыру, түзету және мониторинг жүргізу тәртібін айқындайды.

      Осы Тәртіптің ережелері мемлекеттік органдар Қазақстан Республикасы Президентінің, Қазақстан Республикасы Үкіметінің және мемлекеттік органның басшы лауазымды адамдарының тапсырмаларының іске асырылуын ішкі бақылау үшін әзірлейтін, Қазақстан Республикасы Әкімшілік рәсімдік-процестік кодексінің 38-бабына сәйкес қызметтік сипаттағы құжаттардан туындайтын ұйымдық-техникалық сипаттағы құжаттарға (жол картасы, егжей-тегжейлі жоспар, шаралар жоспары, іс-қимыл алгоритмі, арнаулы бағдарлама, кешенді бағдарлама, ұйымдастыру іс-шаралары жоспары, мастер-жоспар, интеграциялау жоспары және өзге де құжаттар) қолданылмайды.";

      4-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "4. Тиісті құжатты әзірлеу қажеттігінің шарттары МЖЖ-ның 9-тарауының ережелерінде айқындалған.";

      10-тармақтың 2) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

      "2) мемлекеттік органдардың, астананың облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың даму жоспарларына енгізілген және олар бойынша бекітілген есептеу әдістемелері бар нысаналы индикаторлар, нәтижелер көрсеткіштері бойынша;";

      2-қосымша осы бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын;

      4, 5, 6, 7, 8 және 9-қосымшалар осы бұйрыққа 2, 3, 4, 5, 6 және 7- қосымшаларға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.

      2. Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің Стратегиялық талдау және даму департаменті заңнамада белгіленген тәртіппен осы бұйрыққа қол қойылған күннен бастап бес жұмыс күні ішінде оны Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде және алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің интернет-ресурсында орналастыру үшін жіберуді қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика бірінші вице-министріне жүктелсін.

      4. Осы бұйрық 2026 жылғы 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануға тиіс.

      Қазақстан Республикасы
Ұлттық экономика министрінің міндетін атқарушы
А. Әмрин

  Бұйрығына 1-қосымша
Тұжырымдамаларды, ұлттық
жобаларды, доктриналарды
(стратегияларды), мемлекеттік
бағдарламаларды, кешенді
жоспарларды, жол карталарын
әзірлеу, іске асыру, түзету және
мониторингтеу тәртібіне
2-қосымша

      Нысан

______________________________________ тұжырымдаманы (атауы) іске асыру бойынша іс-қимылдар жоспары

Атауы

Аяқталу нысаны

Орындалу мерзімі

Жауапты орындаушы

Қаржыландыру көлемі

Қаржыландыру көзі

1

2

3

4

5

6

7

1-бағыт


1-нысаналы индикатор






1

Реформалар/негізгі іс-шаралар






...







n

Реформалар/негізгі іс-шаралар







n-нысаналы индикатор






n+1

Реформалар/негізгі іс-шаралар






....







N

Реформалар/негізгі іс-шаралар






n-бағыты


1-нысаналы индикатор







.....






  Тұжырымдаманы іске асыру
жөніндегі іс-қимыл жоспарының
нысанына қосымша

Тұжырымдаманы іске асыру жөніндегі іс-қимыл жоспарын толтыру бойынша түсіндірмелер

      Тұжырымдаманы іске асыру жөніндегі іс-қимыл жоспары былайша толтырылады:

      1) "(атауы)" деген жол бойынша тұжырымдаманың толық атауы көрсетіледі;

      2) "№" деген 1-бағанда тұжырымдаманың реформаларының/негізгі іс-шараларының реттік нөмірі көрсетіледі;

      3) "Атауы" деген 2-бағанда міндеттер/бағыттар бөлінісіндегі реформалардың/негізгі іс-шаралардың атауы келтіріледі.

      Нысаналы индикаторлар тұжырымдаманың "Нысаналы индикаторлар және күтілетін нәтижелер" бөлімінің реттілігі негізге алына отырып жазылады. Нысаналы индикаторлардың мәндері жылдар бойынша көрсетіледі;

      4) "Аяқталу нысаны" деген 3-бағанда реформалардың/негізгі іс-шаралардың аяқталу нысаны көрсетіледі (реформаның/негізгі іс-шараның аяқталуын ашатын реформаның/негізгі іс-шараның сапалық сипаттамасы).

      Егер көзделген реформалар/негізгі іс-шаралар бойынша аяқталу нысаны жоғары тұрған органдарға хабарлау болып табылған жағдайда, онда осы реформалардың/негізгі іс-шаралардың орындалу мерзімдері бір-біріне сәйкес келеді және жалпы іс-қимыл жоспары бойынша жоғары тұрған органдарға хабарлау кезеңділігі жылына екі реттен аспайды;

      5) "Орындалу мерзімі" деген 4-бағанда реформаның/негізгі іс-шараның жоспарланған орындау мерзімдері көрсетіледі;

      6) "Жауапты орындаушылар" деген 5-бағанда тұжырымдаманың нысаналы индикаторларына қол жеткізуге, жоспарланған реформалар мен негізгі іс-шараларды іске асыруға жауапты орталық мемлекеттік органдар, жергілікті атқарушы органдар, ведомстволық бағынысты ұйымдар, квазимемлекеттік сектор субъектілері көрсетіледі;

      7) "Қаржыландыру көлемі" деген 6-бағанда іс-шараларды қаржыландырудың жоспарланатын көлемі миллион теңгеде не республикалық, жергілікті бюджетте, бюджеттен тыс немесе басқа да көздерде көзделген қаражат шегінде көрсетіледі;

      8) "Қаржыландыру көзі" деген 7-бағанда осы іс-шараны қаржыландыру көзі көрсетіледі: республикалық, жергілікті бюджеттердің қаражаттары, Қазақстан Республикасының заңнамасымен тыйым салынбаған бюджеттен тыс және басқа да көздер.

  Бұйрығына 2-қосымша
  Тұжырымдамаларды, ұлттық
жобаларды, доктриналарды
(стратегияларды), мемлекеттік
бағдарламаларды, кешенді
жоспарларды, жол карталарын
әзірлеу, іске асыру, түзету және
мониторингтеу тәртібіне
4-қосымша

      Нысан

___________________________________ (атауы)

Ұлттық жоба

      1. Паспорт

1. Атауы


2. Әзірлеу үшін негіздеме


3. Ұлттық жобаны әзірлеу мақсаты


4. Іске асыру мерзімі


5. Күтілетін әлеуметтік-экономикалық әсер, игілік алушыларға пайдасы


күтілетін экономикалық әсер (сандық көріністе)


күтілетін әлеуметтік әсер (сапалық және/немесе сандық көріністе)


6. Ұлттық жобаны іске асыруға қажетті қаржыландыру көлемі


7. Ұлттық жобаны әзірлеушінің атауы


8. Ұлттық жобаны іске асыруға жауапты мемлекеттік органдар мен ұйымдардың атауы


9. Ұлттық жобаның жетекшісі және кураторы


      2. Ағымдағы жағдай

      3. Мақсат, міндеттер мен нәтижелер көрсеткіштері

Атауы

Өлшем бірлігі/ Аяқталу нысаны

Ақпарат көзі

Алдыңғы жыл фактісі

Ағымдағы жылғы бағалау

Нәтиже көрсеткіштері (жоспар), жылдар бойынша

202Y

202Y

202Y

202Y

202Y

1

2

3

4

5

6

7

8

9

10

11

Мақсат

1-бағыт (қажет болған жағдайда):

№1 міндет


№1 көрсеткіш











№ n көрсеткіш










№ n міндет


№1 көрсеткіш











№ n көрсеткіш










n бағыт (қажет болған жағдайда):

№1 міндет


№1 көрсеткіш











№ n көрсеткіш










№ n міндет


№1 көрсеткіш











№ n көрсеткіш










      4. Әлеуметтік-экономикалық әсер, игілік алушыларға пайдасы

Атауы

Өлшем бірлігі

Жылдар бойынша болжамды мәндер

20YY

20YY

20YY

20YY

20YY

1

2

3

4

5

6

7

8


Әлеуметтік әсер








Экономикалық әсер








оның ішінде:








жұмыс орындарын құру








тұрақты








уақытша







      5. Ресурстар

Міндеттердің атауы

Қажетті қаражат (жылдар бойынша) млн теңге

Барлық қаржыландыру

Қаржыландыру көзі

202Y

202Y

202Y

202Y

202Y

республикалық бюджет

жергілікті бюджет

бюджеттен тыс қаражат

1

2

3

4

5

6

7

8

9

10

11


№1 міндет











№ n міндет











Барлығы, оның ішінде көздердің түрлері бойынша











республикалық бюджет








*

*


жергілікті бюджет







*


*


бюджеттен тыс қаражат







*

*


      6. Жауапкершілік пен өкілеттіктерді бөлу

Атауы

Жауапты
(лауазымды тұлға)

Өкілеттіктер

1

2

3

4


міндет




нәтиже көрсеткіші



  Ұлттық жобаның
  нысанына қосымша

Ұлттық жобаны толтыру бойынша түсіндірмелер

      1. Ұлттық жобаның "1. Паспорт" деген бөлімінде мыналарды қамтитын негізгі параметрлер баяндалады:

      1) "Атауы" деген жолда ұлттық жоспардың толық атауы көрсетіледі;

      2) "Әзірлеу үшін негіздеме" деген жолда Қазақстан Республикасының Президенті немесе Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі тапсырмаларының деректемелері (бар болса нөмірі, күні,тармағы) көрсетіледі;

      3) "Ұлттық жобаны әзірлеу мақсаты" деген жол бойынша ұлттық жобаны әзірлеудің негізгі мақсаты көрсетіледі;

      4) "Іске асыру мерзімі" деген жолда ұлттық жоспар әзірленетін жоспарлы кезең көрсетіледі;

      5) Күтілетін әлеуметтік-экономикалық әсер, игілік алушыларға пайдасы жол бойынша жеке толтырылады:

      "күтілетін экономикалық әсер (сандық көріністе)";

      "күтілетін әлеуметтік әсер (сапалық және/немесе сандық көріністе)";

      6) "Ұлттық жобаны іске асыру үшін қажетті қаржыландыру көлемі" деген жолда ұлттық жобаны іске асыруға қажетті жалпы қаржыландыру көлемі миллион теңгеде көрсетіледі.

      Ұлттық жоба түзетілген жағдайда аталған жолда ұлттық жобаны іске асыру үшін бөлінген қаржыландыру көлемі қосымша көрсетіледі.

      7) "Ұлттық жобаны әзірлеуші мемлекеттік органның атауы" деген жолда ұлттық жоспарды әзірлеуші мемлекеттік органның толық атауы көрсетіледі;

      8) "Ұлттық жобаны іске асыруға жауапты мемлекеттік органдар мен ұйымдардың атауы" деген жолда ұлттық жобаны іске асыруға жауапты мемлекеттік органдар мен ұйымдардың атауы көрсетіледі;

      9) "Ұлттық жобаның жетекшісі мен кураторы" деген жолда ұлттық жобаның жетекшісі мен кураторы көрсетіледі.

      Ұлттық жобаны әзірлеуші мемлекеттік органның бірінші басшысы немесе ұлттық жобаны әзірлеуге жауапты мемлекеттік органның бірінші басшысының орынбасары ұлттық жобаның басшысы болып айқындалады.

      Ұлттық жобаның кураторын Жобалық басқаруды жүзеге асыру қағидаларына сәйкес Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі айқындайды.

      2. "2. Ағымдағы жағдай" деген бөлімде мәтіндік нысанда саланың/аяның ағымдағы жай-күйін талдау және оның даму үдерістері мен факторларын бағалау көрсетіледі, оны іске асыруға байланысты тәуекелдер және осы тәуекелдерге ден қою жөніндегі стратегиялар анықталады.

      3. "3. Мақсаты, міндеттері және нәтижелер көрсеткіштері" деген бөлім келесідей түрде толтырылады:

      1) "Мақсат", "Бағыт (қажет болған жағдайда)" және "Міндеттер" деген жолдарда ұлттық жобада белгіленген проблемаларды шешуге және тиісті салада/аяда түйінді өзгерістерді қамтамасыз етуге бағытталған ұлттық жобаның мақсаты, бағыттары, міндеттері көрсетіледі.

      Біртекті сипаттағы міндеттерді іске асыру жағдайында оларды бағыттар бойынша топтастыруға жол беріледі.

      Міндеттерді анықтау мынадай:

      өзіндік сипаты мен нақтылық (бір мағыналы түсіндірмесі бар нақты тұжырымдардан тұрады);

      өлшенгіштік (тексеру мүмкіндігі, нәтиженің өлшенгіштігінің сипаттамасы және қызмет нәтижелерінің нақты көрсеткіштерін айқындау);

      қолжетімділік (ұлттық жобаны іске асыру кезеңінде қойылған міндеттерді орындау мүмкіндігі, олардың қалай және қандай жағдайда орындалатындығы, ресурстармен қамтамасыз етілуі туралы нақты түсініктің болуы);

      уақыттың шектеулілігі (міндет белгіленген мерзімде шешіледі);

      релеванттылығы (міндет жоғары тұрған мақсаттар мен міндеттерге қол жеткізуге үлес қосады) өлшемшарттары ескеріле отырып жүзеге асырылады.

      Міндеттер жиынтығы мынадай қағидаттарға сәйкес келеді:

      қажеттілік – қойылған міндеттерге қол жеткізу ұлттық жобаның табысты болуының қажетті шарты болып табылады;

      жеткіліктілік – барлық міндеттерді шешу ұлттық жобаны іске асыру үшін жеткілікті шарт болып табылады.

      Әрбір міндеттің іске асырылу мерзімі ұлттық жобаның жоспарланған кезеңінен аспайды.

      2) "№" деген 1-бағанда бірыңғай реттік нөмірі көрсетіледі;

      3) "Атауы" деген 2-бағанда нәтижелер көрсеткіштерінің атау көрсетіледі.

      Әрбір міндетке оған қол жеткізу дәрежесін айқындау үшін нәтиже көрсеткіштерінің жиынтығы (аралық және түпкі мәндерімен) сәйкес келеді. Нәтиже көрсеткішінің сапалық жағы тиісті салаларындағы (мемлекеттік басқарудың аяларындағы) аяаралық /салааралық сипаттағы мәселелерді шешу деңгейін, ал сандық жағы – олардың өлшенетін, абсолютті немесе шамамен алынған мәнін көрсетеді.

      Нәтиже көрсеткіштері мынадай талаптарға сәйкестігі тұрғысынан қаралады:

      оларды жоспарлы кезеңдегі серпінде объективті бағалау және салыстыру мүмкіндігін беру;

      барлық мүдделі тараптар үшін біркелкі түсінікті болу;

      оларға қол жеткізуді бағалау үшін жеткілікті ақпараттық және техникалық ресурстардың болуы;

      толық және барабар сипаттама беру;

      қолжетімді және өлшемді болу;

      мониторинг жүргізу және оларға қол жеткізуді бағалау үшін аралық мәндердің болуын қамтамасыз ету.

      Ұлттық жобаны әзірлеуші мемлекеттік орган негізгі өзгерістерді, анықталған проблемалардың шешімін сипаттайтын және міндеттерге қол жеткізуді бағалау үшін қажетті нәтиже көрсеткіштерін ғана таңдайды.

      Барлық келтірілген нәтижелер көрсеткіштері бойынша базалық (бастапқы) және жоспарланған мән (егер жоспарланған өзгерістер осындай нысанда тиімді көрсетілсе), сондай-ақ көрсеткіштің осы мәніне қол жеткізу үшін қажетті уақыт бойынша кезеңнің (жылдың) белгіленуі көрсетіледі.

      4) "Өлшем бірлігі/Аяқталу нысаны" деген 3-бағанда және "Ақпарат көзі" деген 4-бағанда алдағы уақытта нәтижелер көрсеткіштеріне нақты қол жеткізілгенін дәлелдейтін өлшем бірліктері мен ақпарат көздері көрсетіледі. Аяқталу нысаны көрсеткіштің өлшем бірлігі болмаған жағдайда толтырылады.;

      5) "Өткен жылғы факт" деген 5-бағанда және "Ағымдағы жылға баға" деген 6-бағанда жоспарлы кезеңге мәндерді жылдар бойынша серпінде айқындау мақсатында көрсеткіштердің өткен жылғы нақты деректері және ағымдағы жылға болжамды мәндері көрсетіледі;

      6) 7-11-бағандарда ұлттық жобаны іске асырудың жоспарлы кезеңіне арналған нәтижелер көрсеткіштерінің болжамды мәндері көрсетіледі.

      4. "Күтілетін әлеуметтік-экономикалық әсер, игілік алушыларға пайдасы" деген 4-бөлімде күтілетін нәтиже жөнінде ақпарат әлеуметтік және экономикалық әсер түрінде келесідей тәртіпте толтырылады:

      1) "№" деген 1-бағанда әлеуметтік және экономикалық әсерлердің бірыңғай реттік нөмірі көрсетіледі;

      2) "Атауы" деген 2-бағанда күтілетін әлеуметтік және экономикалық әсерлердің атауы көрсетіледі.

      Әлеуметтік нәтиже ұлттық жобаның игілік алушыларының үмітіне сәйкес келетін әлеуметтік маңызы бар нәтиже болып табылады.

      Ұлттық жобаның күтілетін әлеуметтік әсері игілік алушылардың санатын, ұлттық жобаның кімге бағдарланғандығын және осы ұлттық жоба қандай проблемалар мен міндеттерді қанағаттандыруды көздейтінін, яғни ұлттық жобаны іске асырғанға дейінгі істің жағдайын ұлттық жобаны іске асыру кезеңі немесе бүкіл мерзімі аяқталған жағдаймен салыстыруды негізге ала отырып айқындалады. Өмір сүру сапасын арттыру адами капиталдың сапасын және халықтың өмір сүру деңгейін арттыруды, оның ішінде халықтың табысын арттыруды, көрсетілетін қызметтер мен инфрақұрылымға қолжетімділікті кеңейтуді көздейді.

      Экономикалық әсер – бастапқы және жаңа технологияларды енгізу, ұйымдастырушылық-экономикалық іс-шаралардың нәтижесінде алынған қорытынды арасындағы экономикалық нәтижені немесе өсімді айқындайтын көрсеткіш.

      Экономикалық әсер салық түсімдерінің ұлғаюын, тұрақты жаңа жұмыс орындарының құрылуын, тартылған инвестициялардың көлемін, тиісті салаға салымның өсуін, мемлекеттік шығыстардың азаюын және ұлттық жобаның экономикалық әсерін сипаттайтын көрсеткіштерді білдіреді.

      Күтілетін әлеуметтік және экономикалық әсерді толтыру кезінде әрбір әсерді игілік алушылардың санаттары бойынша дұрыс көрсету қажет.

      Әлеуметтік және экономикалық әсер сандық және/немесе сапалық тұрғыдан өлшенетін шамаларды білдіреді және ұлттық жобаны іске асыру нәтижесінде алынған оң өзгерістерді көрсетеді.

      Әлеуметтік және экономикалық әсер қазіргі статистикалық ақпаратты, халықаралық индекстерді, әлеуметтанушылық зерттеулер нәтижелерін, әкімшілік деректерді және ресми деректерді есептеу әдістерін қолдана отырып айқындалады.

      3) "Өлшем бірлігі" деген 3-бағанда күтілетін әлеуметтік және экономикалық әсердің өлшем бірлігі көрсетіледі;

      4) 4-8-бағандарда ұлттық жобадан жалпы күтілетін әлеуметтік және экономикалық әсерлердің мәндері жылдар бойынша серпінде көрсетіледі. Әсерді кейінге қалдыру түрінде, бірақ ұлттық жобаны іске асырудың соңғы жылынан кеш емес көрсетуге жол беріледі.

      5. "5. Ресурстар" деген бөлімде ұлттық жобаны іске асыруға қаржы ресурстарына қажеттілік келесідей тәртіпте жазылады:

      1) "№" деген 1-бағанда бірыңғай реттік нөмірі көрсетіледі;

      2) "Міндеттердің атауы" деген 2-бағанда ұлттық жобаның міндеттерінің атаулары көрсетіледі;

      3) 3-7-бағандарда жылдар бойынша және алға қойылған міндеттердің бөлінісіндегі ұлттық жобаны іске асыру үшін қажетті қаражаттың көлемі көрсетіледі;

      4) "Барлық қаржыландыру" деген 8-бағанда жоспарлы кезеңде әрбір міндеттерді іске асыру үшін қажетті жалпы сома көрсетіледі;

      5) 9-11-бағанда "Қаржыландыру көзі" деген негізгі бағанда міндеттер бөлінісінде қаржыландыру көздері – республикалық бюджет, жергілікті бюджет, бюджеттен тыс қаражат көрсетіледі.

      6) "БАРЛЫҒЫ, оның ішінде көздердің түрлері бойынша" деген жолда ұлттық жобаны іске асырудың жылдар бойынша және барлық кезеңіне ұлттық жобаның барлық міндеттері бойынша жиынтық қаржы көлемі көрсетіледі.

      7) "республикалық бюджет", "жергілікті бюджет", "бюджеттен тыс қаражат" деген жол бойынша қаржыландыру көздері бойынша есептелген қажеті қаражаттың барлық көлемі көрсетіледі.

      "*" белгісі бар көрсетілген жолдардағы бағандар толтыруды қажет етпейді.

      Ұлттық жобаның міндеттері бойынша талап етілетін қаржы ресурстарының болжамды көлемі осы бірлескен Тәртіпке 5-қосымшаға сәйкес қалыптастырылатын Ұлттық жобаны іске асыру кесте-жоспарының негізінде жалпы сомамен қалыптастырылады.

      6. "6. Жауапкершілік пен өкілеттіктерді бөлу" деген бөлім нәтижелер көрсеткіштері және міндеттер бөлінісінде көрсетіледі:

      1) "№" деген 1-бағанда нәтиже көрсеткішінің немесе міндеттердің реттік нөмірі көрсетіледі;

      2) "Атауы" деген 2-бағанда ұлттық жобаның нәтиже көрсеткішінің немесе міндеттердің атаулары көрсетіледі;

      3) "Жауапты тұлға" деген 3-бағанда алға қойылған нәтиже көрсеткіштерінің және міндеттердің орындалуына жауапты орталық мемлекеттік және жергілікті атқарушы органдардың, квазимемлекеттік сектор субъектілерінің лауазымды адамдары көрсетіледі;

      4) "Өкілеттік" деген 4-бағанда өздеріне бекітілген міндеттерге және нәтижелер көрсеткіштеріне қол жеткізуі қажет және қол жеткізілуін қамтамасыз ететін жоғарыда аталған тұлғалардың негізгі өкілеттіктерінің шеңбері көрсетіледі.

  Бұйрығына 3-қосымша
Тұжырымдамаларды, ұлттық
жобаларды, доктриналарды
(стратегияларды), мемлекеттік
бағдарламаларды, кешенді
жоспарларды, жол карталарын
әзірлеу, іске асыру, түзету және
мониторингтеу тәртібіне
5-қосымша

      Нысан

______________________ (атауы)

ұлттық жобаны іске асыру жоспар-кестесі

Атауы

Жауапты орындаушылар

Аяқтау мерзімі/ аяқталу нысаны

Алдыңғы жылдың фактісі

202Y

202Y

202Y

202Y

202Y

Қаржыландыру көзі

Источник финансирования

Жылдық жоспар

Алд. жылғы фактіге %

РБ

ЖБ

Бюджеттен тыс қаражат

1

2

3

4

5

6

7

8

9

10

11

12

13

14

№1 міндет














№1 көрсеткіш














A іс-шарасы














...














тұрақты жұмыс орындарын құру **














уақытша жұмыс орындарын құру**














№2 міндет














№2 көрсеткіш














B іс-шарасы














...














тұрақты жұмыс орындарын құру **














уақытша жұмыс орындарын құру**














Барлығы, оның ішінде


*

*

*

*









РБ


*

*

*

*







*

*

ЖБ


*

*

*

*






*


*

Бюджеттен тыс қаражат


*

*

*

*






*

*


  Ұлттық жобаны іске асыру
жоспар-кестесінің нысанына
қосымша

Ұлттық жобаны іске асыру жоспар-кестесін толтыру бойынша түсіндірмелер

      Ұлттық жобаны іске асыру жоспар-кестесі мынадай жолмен толтырылады:

      1. Тақырыптың "(атауы)" деген жолда ұлттық жобанын толық атауы көрсетіледі;

      2. "Міндет" деген жолда:

      1) "Атауы" деген 1-бағанда ұлттық жобаның міндеттерінің атаулары көрсетіледі;

      2) "Жауапты орындаушылар" деген 2-бағанда Жобалық басқаруды жүзеге асыру қағидаларына сәйкес ұлттық жобаның әрбір міндетін шешуге дербес жауапкершілік бекітілген лауазымды адамдар көрсетіледі;

      3) "Аяқтау мерзімі/Аяқталу нысаны" деген 3-бағанда ұлттық жоба міндетін іске асырудың жоспарлы күні көрсетіледі;

      4) 5, 7-10-бағандарда жылдар бөлінісінде міндеттерді іске асыру үшін қаржыландырудың болжамды сомасы миллион теңгеде көрсетіледі;

      5) 6-бағанда өткен жылғы қаржыландырудың нақты сомасына қатысты міндеттерді қаржыландырудың болжамды сомасының серпіні көрсетіледі. Нақты мәндер болмаған жағдайда бұл баған толтырылмайды;

      6) "Барлық қаржыландыру" деген 11-бағанда міндет нәтижелерінің көрсеткіштері бойынша қаржыландыру сомасы ретінде қалыптастырылатын, міндетті іске асыру үшін қаржыландырудың жалпы болжамды сомасы көрсетіледі;

      7) 12, 13 және 14-бағандарда қаржыландыру көздері бойынша қаржыландырудың жалпы болжамды сомалары көрсетіледі: республикалық бюджет, жергілікті бюджет және бюджеттен тыс қаражаттар;

      3. "Көрсеткіш" деген жол бойынша:

      1) "Атауы" деген 1-бағанда ұлттық жоба нәтижесі көрсеткішінің атауы өлшем бірлігімен бірге көрсетіледі;

      2) "Жауапты орындаушылар" деген 2-бағанда Жобалық басқаруды жүзеге асыру қағидаларына сәйкес нәтиже көрсеткішіне қол жеткізу үшін дербес жауапкершілік бекітілген лауазымды тұлғалар көрсетіледі;

      3) "Аяқтау мерзімі" деген 3-бағанда ұлттық жобаның көрсеткішіне қол жеткізудің жоспарлы мерзімі көрсетіледі;

      4) "Алдыңғы жылдың фактісі" деген 4-бағанда жоспарлы кезеңнің өткен жылындағы нәтиже көрсеткішінің нақты мәні көрсетіледі;

      5) 5, 7-10-бағандар бойынша жылдар бойынша нәтиже көрсеткішінің жоспарлы мәндері көрсетіледі, 6-бағанда өткен жылдың нақты мәніне қатысты нәтиже көрсеткішінің жоспарлы мәнінің серпіні көрсетіледі.

      6) "Барлық қаржыландыру" деген 11-бағанда нәтижеге қол жеткізу үшін қажетті іс-шаралар бойынша қаржыландыру сомасы ретінде қалыптастырылатын нәтиже көрсеткішін іске асыру үшін қаржыландырудың жалпы болжамды сомасы көрсетіледі;

      7) 12, 13 және 14-бағандарда қаржыландыру көздері бойынша: республикалық бюджет, жергілікті бюджет және бюджеттен тыс қаражат бойынша болжамды қаржыландыру сомалары көрсетіледі;

      4. "Іс-шара" деген жол бойынша толтыру ұлттық жобаның әрбір міндетінің нәтижелерінің көрсеткіштеріне қол жеткізу үшін қажетті біртекті белгілері бойынша топтастырылған іс-шаралар бөлінісінде жүзеге асырылады:

      1) "Атауы" деген 1-бағанда ұлттық жоба іс-шарасының атауы көрсетіледі;

      2) "Жауапты орындаушылар" деген 2-бағанда Жобалық басқаруды жүзеге асыру қағидаларына сәйкес іс-шара үшін дербес жауапкершілік бекітілген лауазымды адамдар көрсетіледі;

      3) "Аяқтау мерзімі/аяқталу нысаны" деген 3-бағанда іс-шараны орындаудың жоспарлы мерзімі мен аяқталу нысаны (іс-шараның аяқталғаны неден көрінетінін ашып көрсететін сапалық сипаттама) көрсетіледі;

      4) "Алдыңғы жылдың фактісі" деген 4-бағанда жоспарлы кезеңнің өткен жылы нақты жұмсалған қаражат сомасы көрсетіледі (бар болса);

      5) 5, 7-10-бағандар бойынша іс-шараның сандық өлшемі (км жол) және жылдар бойынша осы іс-шараны қаржыландырудың болжамды сомасы (млн теңге) көрсетіледі;

      6) 6-баған толтырылмайды;

      7) "Барлық қаржыландыру көзі" деген 11-бағанда қаржыландыру көздері бөлінісінде жобаны іске асырудың барлық жылдары бойынша қаржыландыру сомасы ретінде қалыптастырылатын іс-шараны іске асыру үшін жалпы қаржыландыру сомасы көрсетіледі;

      8) 12, 13 және 14-бағандарда қаржыландыру көздері бойынша: республикалық, жергілікті бюджет және бюджеттен тыс қаражат бойынша қаржыландырудың болжамды сомалары көрсетіледі;

      9) жұмыс орындарын құруды көздейтін іс-шаралар, міндеттер бойынша "Жұмыс орындарын құру: тұрақты және уақытша" деген жолдар жылдар бойынша міндетті түрде толтырылады;

      10) "республикалық бюджет", "жергілікті бюджет", "бюджеттен тыс қаражат" деген жолдар бойынша аталған қаржыландыру көздері бойынша қажетті қаражаттың жиынтық көлемі көрсетіледі.

      "*" белгісімен көрсетілген жолдардағы бағандар толтыруды қажет етпейді.

  Бұйрығына 4-қосымша
Тұжырымдамаларды, ұлттық
жобаларды, доктриналарды
(стратегияларды), мемлекеттік
бағдарламаларды, кешенді
жоспарларды, жол карталарын
әзірлеу, іске асыру, түзету және
мониторингтеу тәртібіне
6-қосымша

      Нысан

______________________________ жылға (есепті кезең) ______________________________________________________

(ұлттық жобаның атауы) ұлттық жобасын іске асыру бойынша ____________________________________________________

(мемлекеттік органның атауы) жыл сайынғы есебі

      1. Нәтижелер көрсеткіштеріне қол жеткізу бойынша

Атауы

Жауапты орындаушылар

202Y

Ескертпе

Жоспар

Факт

Жоспарға қатысты %

1

2

3

4

5

6

I. №n стратегиялық көрсеткіші

№1 міндет


*

*

*


№1 көрсеткіш






A жобасы


**

**









№2 міндет


*

*

*


№2 көрсеткіш






B жобасы


**

**








      2. Әлеуметтік-экономикалық әсер

Атауы

Өлшем бірлігі

Жоспар

Факт

Ескерту

1

2

3

4

5

6


Әлеуметтік әсер






Экономикалық әсер











      3. Мемлекеттік қолдау шараларын алушылар туралы ақпарат

Жыл

БСН \ ЖСН

Кәсіпорынның атауы / мемлекеттік шара алушы

Өңір

Кәсіпорынның өлшемі (ірі/орта/шағын/ЖК)

Сала

Қызмет түрі (ЭҚТЖ)

Қолдау шараларын алған күн

Қолдау шарасы

Қолдаудың нысаналы мақсаты

Қолдаудың жалпы сомасы, млн теңге

1

2

3

4

5

6

7

8

9

10

11

Базалық жыл











n жыл











      кестенің жалғасы

Жаңа құрылған жұмыс орындары

Кәсіпорынның кірісі, млн теңге

Төленген салық сомасы, млн теңге

Өнім шығару, млн теңге

Өнім экспорты, млн теңге

жоспар

факт

жоспар

факт

жоспар

факт

жоспар

факт

жоспар

факт

12

13

14

15

16

17

18

19

20

21





















      4. Қаржы қаражатын игеру

Қаржыландыру көзі

Жоспар, млн теңге

Факт, млн теңге

Пайдаланылмау себебі

1

2

3

4

1-міндет




Республикалық бюджет




Жергілікті бюджет




Бюджеттен тыс қаражат




….




n -міндет




Республикалық бюджет




Жергілікті бюджет




Бюджеттен тыс қаражат




Жиыны




Республикалық бюджет




Жергілікті бюджет




Бюджеттен тыс қаражат




      5. Талдамалық жазба

  Ұлттық жобаны іске
асыру жөніндегі жыл сайынғы
есеп нысанына қосымша

Ұлттық жобаны іске асыру жөніндегі жыл сайынғы есепті толтыру бойынша түсіндірмелер

      Ұлттық жобаны іске асыру жөніндегі жыл сайынғы есепті ұлттық жобаны әзірлеуші мемлекеттік орган және бірлесіп орындаушылар толтырады.

      Ұлттық жобаны бірлесіп орындаушылар ұлттық жобаны іске асыру жоспар-кестесінде жауапты ретінде бекітілген жобалар бойынша ғана есеп толтырады.

      1. Тақырыбында "(мемлекеттік органның атауы)", "(ұлттық жобаның атауы)" және "(есепті кезең)" деген жолдар бойынша тиісінше есепті ұсынатын мемлекеттік органның (әзірлеуші мемлекеттік органның немесе бірлесіп орындаушының), ұлттық жобаның атаулары және есепті қалыптастыратын есепті жыл көрсетіледі.

      2. "1. Нәтижелер көрсеткіштеріне қол жеткізу бойынша" деген бөлім бойынша:

      1) "Атауы" деген 1-бағанда ұлттық жобаның міндеттерінің, нәтижелер көрсеткіштерінің және жобаларының атауы көрсетіледі;

      2) "Жауапты орындаушылар" деген 2-бағанда Жобалық басқаруды жүзеге асыру қағидаларына сәйкес ұлттық жобаның міндеттеріне, нәтижелер көрсеткіштеріне қол жеткізуге және жобаларын іске асыруға жауапты лауазымды адамдар көрсетіледі;

      3) "жоспар" деген 3-бағанда және "факт" деген 4-бағанда "Көрсеткіш" деген жолдар бойынша есепті кезеңде (бір жыл ішінде) нәтиже көрсеткішінің жоспарлы және нақты қол жеткізілген мәндері, ал "Жоба" деген жолдар бойынша жобаларды іске асыруға пайдаланылған бюджет қаражатының жоспарлы және нақты сомалары көрсетіледі;

      4) "жоспарға қатысты %" деген 5-бағанда "Көрсеткіш" деген жолдар бойынша жоспарға қатысты нақты мәндердің үлесі түріндегі нәтижелер көрсеткіштеріне қол жеткізу серпіні, ал "Жоба" деген жолдар бойынша есепті кезеңдегі нақты пайдаланылған бюджет қаражаты сомаларының жоспарлы қаражатқа арақатынасы ретінде жобаларды орындау серпіні көрсетіледі;

      5) "Міндет" деген жолдар бойынша 3, 4 және 5-бағандар толтырылмайды;

      6) "Ескертпе" деген 6-бағанда "Көрсеткіш" деген жолдар бойынша "Қол жеткізілді" немесе "Қол жеткізілмеді" деген нәтижелер көрсеткіштеріне қол жеткізу мәртебесі және нәтижелер көрсеткіштерінің жоспарланған мәндеріне қол жеткізбеу себептері көрсетіледі, "Жоба" деген жолдар бойынша "Орындалды", "Ішінара орындалды", "Орындалмады" деген жобалардың орындалу мәртебесі және орындалмау себептері көрсетіле отырып, жобалардың орындалу барысы көрсетіледі.

      3. "2. Әлеуметтік-экономикалық әсер" деген бөлім бойынша:

      1) "№" деген 1-бағанда өтпелі реттік нөмірі көрсетіледі;

      2) "Атауы" деген 2-бағанда ұлттық жобаны іске асырудан алынған әлеуметтік әсер және экономикалық әсер бөлінісінде сапалық және сандық көріністегі әсер көрсетіледі;

      3) "Өлшем бірлігі" деген 3-бағанда күтілетін нәтиженің өлшем бірлігі көрсетіледі;

      4) "Жоспар" деген 4-бағанда ұлттық жобаны іске асырудан күтілетін әсердің жоспарлы сандық немесе сапалық мәні көрсетіледі;

      5) "Факт" деген 5-бағанда есепті кезеңде ұлттық жобаны іске асырудан нақты алынған әсер сандық немесе сапалық мәнде көрсетіледі;

      6) "Ескертпе" деген 6-бағанда күтілетін әсерге қол жеткізілмеген жағдайда оған қол жеткізбеу себебі көрсетіледі.

      4. "3. Мемлекеттік қолдау шараларын алушылар бойынша ақпарат" деген бөлім ұлттық жоба шеңберінде мемлекеттік қолдау шаралары іске асырылған жағдайда қарсы міндеттемелер бойынша мынадай түрде толтырылады:

      1) "Жыл" деген 1-бағанда мемлекеттік қолдау шарасын алған жылы көрсетіледі;

      2) "БСН/ЖСН" деген 2-бағанда заңды тұлға (филиал және өкілдік) үшін қалыптастырылатын және қызметін бірлескен кәсіпкерлік түрінде жүзеге асыратын жеке кәсіпкердің бірегей нөмірі немесе қызметін жеке кәсіпкерлік түрінде жүзеге асыратын жеке тұлға, оның ішінде дара кәсіпкер үшін қалыптастырылатын, мемлекеттік қолдау шараларын алушының бірегей нөмірі көрсетіледі;

      3) "Кәсіпорынның/мемлекеттік шараларды алушының атауы" деген 3-бағанда мемлекеттік қолдау шараларын алған кәсіпорындардың атауы және жеке тұлғалардың аты, әкесінің аты (бар болса), тегі көрсетіледі;

      4) "Өңір" деген 4-бағанда астананың, облыстың, республикалық маңызы бар қаланың атауы көрсетіледі;

      5) "Кәсіпорынның өлшемділігі (ірі/орта/шағын/ЖК)" деген 5-бағанда кәсіпорындар үшін Қазақстан Республикасы кәсіпорындарының өлшемділік сыныптауышына сәйкес жұмыспен қамтылғандар саны бойынша өлшемділік көрсетіледі, жеке тұлғалар бойынша "Жеке кәсіпкер" мәртебесі көрсетіледі;

      6) "Сала" деген 6-бағанда кәсіпорынның және мемлекеттік қолдау шараларын алушы жеке тұлғаның қызметіне байланысты саланың атауы көрсетіледі;

      7) "Қызмет түрі (ЭҚЖЖ)" деген 7-бағанда экономикалық қызмет түрлерінің жалпы жіктеуішіне сәйкес қызмет түрінің атауы көрсетіледі;

      8) "Қолдау шараларын алған күн" деген 8-бағанда мемлекеттік қолдау шарасын алған күн көрсетіледі;

      9) "Қолдау шарасы" деген 9-бағанда оны алушыға көрсетілген мемлекеттік қолдау шарасының атауы (мысалы, субсидиялау, кепілдік беру және мемлекеттік қолдаудың басқа да шаралары) көрсетіледі;

      10) "Қолдаудың нысаналы мақсаты" деген 10-бағанда мемлекеттік қолдау мақсатының сипаттамасы көрсетіледі (мысалы, мемлекеттік қолдау неге бағытталған – тұқым, ЖЖМ, техникалар және т. б. сатып алу);

      11) "Қолдаудың жалпы сомасы, млн теңге" деген 11-бағанда мемлекеттік қолдау көрсетуге бағытталған бюджет қаражатының жалпы сомасы көрсетіледі;

      12) "Жаңа жұмыс орындары құрылды" деген негізгі бағанның "жоспар" деген 12-бағанында және "факт" деген 13-бағанында мемлекеттік қолдау шараларын пайдалану нәтижесінде (мемлекеттік қолдау шараларын алу кезеңі (жылдар бойынша) бөлінісінде) алынған құрылған жұмыс орындарының жоспарланған және нақты саны көрсетіледі;

      13) "Кәсіпорынның кірістері, млн теңге" деген негізгі бағанның "жоспар" деген 14 және "факт" деген 15-бағандарында мемлекеттік қолдау шараларын пайдалану нәтижесінде (мемлекеттік қолдау шараларын алу кезеңі (жылдар бойынша) бөлінісінде) алынған кірістердің жоспарланған және нақты сомасы көрсетіледі;

      14) "Төленген салықтардың сомасы" деген негізгі бағанның "жоспар" деген 16 және "факт" деген 17-бағандарында мемлекеттік қолдау шараларын пайдалану нәтижесінде алынған кәсіпорындар мен дара кәсіпкердің кірістері бойынша бюджетке төленген салықтардың жоспарлы және нақты сомасы көрсетіледі (мемлекеттік қолдау шараларын алу кезеңі (жылдары бойынша) бөлінісінде);

      15) "Өнім шығару, млн теңге" деген негізгі бағанның "жоспар" деген 18 және "факт" деген 19-бағандарында мемлекеттік қолдау шараларын пайдалану қорытындылары бойынша алынған, шығарылған өнімнің жоспарлы және нақты көлемі көрсетіледі;

      16) "Өнім экспорты, млн теңге" деген негізгі бағанның "жоспар" деген 20 және "факт" деген 21-бағандарында шығарылған өнімнің жалпы көлемінен экспортқа бағытталған өнімнің жоспарлы және нақты көлемі көрсетіледі.

      Экспортты жүзеге асырмайтын кәсіпорындар мен дара кәсіпкерлер соңғы бағанды толтырмайды;

      17) "Базалық жыл" деген жол бойынша мемлекеттік қолдау шарасын алудың бірінші жылы бойынша ақпарат көрсетіледі, "n жыл" деген жолда мемлекеттік қолдау шарасын алудың кейінгі жылдары бөлінісінде ұқсас ақпарат көрсетіледі.

      "Базалық жыл" және "n жыл" деген жолдар өткен жылғы ұлттық жобаны іске асыру туралы есепті қалыптастыру кезінде толтырылады. Кейінгі жылдары бұл жолдар тек есепті кезеңде толтырылады.

      5. "Қаржы қаражатын игеру" деген 4-бөлім бойынша:

      1) "Қаржыландыру көзі" деген 1-бағанда ұлттық жобаны қаржыландыру көзі міндеттер бөлінісінде – республикалық бюджет, жергілікті бюджет, бюджеттен тыс қаражат бөлінісінде көрсетіледі ;

      2) "Жоспар, млн теңге" деген 2-бағанда қаржыландыру көздері бөлінісінде есепті жылға жоспарланған қаржы қаражатының сомасы миллион теңгемен көрсетіледі;

      Егер ұлттық жобаны қаржыландыру көзі республикалық немесе жергілікті бюджет қаражаты болып табылса, осы бағанда түзетілген бюджет сомасы көрсетіледі;

      3) "Факт, млн теңге" деген 3-бағанда есепті жылдағы қаржы қаражатын нақты игеру сомалары қаржыландыру көздері бөлінісінде миллион теңгемен келтіріледі;

      4) "Пайдаланылмау себептері" деген 4-бағанда қаржы қаражатын игермеу себептері көрсетіледі;

      5) "Жиыны" деген жолда ұлттық жобаны іске асыруға есепті жылдың соңына жоспарланған және игерілген және қаржыландыру көздері бөлінісіндегі қаржы қаражатының жиынтық сомасы көрсетіледі.

      6. "5. Талдамалық жазба" деген бөлім еркін нысанда мәтіндік түрде толтырылады және мыналарды:

      1) міндеттер нәтижелерінің жоспарланған және нақты қол жеткізілген көрсеткіштері, сондай-ақ оларға қол жеткізбеу себептері туралы;

      2) қаржыландыру көздері бойынша бөліністе есепті кезеңде бөлінген және игерілген қаражатты көрсете отырып, орындалған және орындалмаған жоспарланған іс-шаралар туралы (құжат іске асырылған сәттен бастап барлық кезең үшін), сондай-ақ (іс-шаралар орындалмаған жағдайда) олардың орындалмау себептері және ұлттық жобада айқындалған белгіленген міндеттер мен нәтижелер көрсеткіштеріне қол жеткізуге әсері туралы түсініктемелер туралы;

      3) базалық кезеңмен салыстырғанда серпінде игілік алушылардың қанағаттану деңгейі туралы (құжат іске асырғанға дейінгі сәтте тиісті көрсеткіштердің мәні туралы ақпарат болған кезде, ол болмаған жағдайда – құжатты іске асырудың бірінші жылы базалық болып танылады);

      4) жүргізілген бақылау іс-шаралары, мемлекеттік аудит, сараптамалық-талдамалық іс-шаралар туралы және бақылау іс-шаралары мен мемлекеттік аудиттің қорытындылары бойынша орындалған ұсынымдар туралы ақпаратты қамтиды.

      Құжатты іске асыру бюджеттік инвестицияларды іске асырумен байланысты жағдайларда, ұлттық жобаны әзірлеуші іске асыру туралы есепте құжатты іске асыру жөніндегі іс-шаралардың орындалу дәрежесін айқындау жөніндегі көшпелі іс-шаралардың нәтижелері туралы мәліметтерді көрсетеді;

      5) шешілуіне құжат бағытталған проблемалар мен міндеттердің шешілу дәрежесі туралы ақпаратты, сондай-ақ тұжырымдар мен ұсыныстарды, оның ішінде ұлттық жобаны түзету қажеттігіне, Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына талап етілетін өзгерістерге және басқаларға қатысты ақпаратты көрсете отырып, ұлттық жобаның іске асырылу барысына жинақталған талдауды қамтиды.

      Мемлекеттік қолдау шаралары болған кезде талдамалық есепте мемлекеттік қолдау шаларының тиімділігін салалық бақылау нәтижелері туралы ақпарат, сондай-ақ ұлттық жобада мемлекеттік қолдау шаралары болған кезде әрбір мемлекеттік қолдау шарасынан алынған әлеуметтік-экономикалық әсер туралы ақпарат қосымша көрсетіледі.

      Мемлекеттік қолдау шараларының тиімділігін салалық бақылау нәтижелері туралы ақпарат саланы/аяны құрылымдық талдау негізінде шығындар мен нәтижелердің сандық талдауын және мемлекеттік қолдау шараларын алушыларды сүйемелдеу жөніндегі мемлекеттік қолдау шаралары операторлары қызметінің тиімділігін ескере отырып, әрбір мемлекеттік қолдау шарасы бөлінісінде бөлінген қаражаттың тиімділігі туралы ақпаратты қамтиды.

  Бұйрығына 5-қосымша
Тұжырымдамаларды, ұлттық
жобаларды, доктриналарды
(стратегияларды), мемлекеттік
бағдарламаларды, кешенді
жоспарларды, жол карталарын
әзірлеу, іске асыру, түзету және
мониторингтеу тәртібіне
7-қосымша

      Нысан

_______________________________ (атауы) мемлекеттік бағдарламасы

      1. Паспорт

1. Атауы

2. Әзірлеу үшін негіздеме

3. Әзірлеуші-мемлекеттік органың және бірлесіп орындаушылардың атауы

4. Мақсаттары

5. Міндеттері

6. Іске асыру мерзімдері мен тәсілдері

7. Қаржыландыру көлемдері мен көздері

      2. Ағымдағы ахуалды талдау

      3. Мақсаттары, міндеттері, тәсілдері және іске асыру мерзімдері

Атауы

Аяқталу нысаны

Жауапты орындаушылар

Орындалу мерзімдері

Қаржыландыру көлемі

Қаржыландыру көздері

Негізгі мақсат:


Бағыт (қажет болғанда)

1-міндет

1.

1- іс-шара






2.

n- іс-шара






3.

n-іс-шара






Бағыт (қажет болғанда)

Мақсат

n -міндет

4.

1- іс-шара






5.

n- іс-шара






6.

n-іс-шара






      4. Қажетті ресурстар

р/с №

Атауы

Қажетті қаражат (жылдар бойынша)

Қажыландырудың жиынтығы

Қаржыландыру көзі

республикалық бюджет

жергілікті бюджет

бюджеттен тыс қаражат

ұлттық қор

басқа көздер

202
Y

202
Y

202
Y

202
Y

202
Y

1

2

3

4

5

6

7

8

9

10

11

12

13


№1 міндет












1.

1- іс-шара












2.

n- іс-шара













№N міндет












3.

n- іс-шара












4.

n-іс-шара













БАРЛЫҒЫ, оның ішінде көздердің түрлері бойынша













Республикалық бюджет








*

*

*

*


Жергілікті бюджет







*


*

*

*


Бюджеттен тыс қаражаттар







*

*


*

*


Ұлттық қор







*

*

*


*


Басқа көздер







*

*

*

*


  Мемлекеттік бағдарлама
  нысанына қосымша

Мемлекеттік бағдарламаны толтыру бойынша түсіндірмелер

      1. Тақырыпта "(атауы)" деген жол бойынша мемлекеттік бағдарламаның атауы көрсетіледі.

      2. "1. Паспорт" деген бөлімде мемлекеттік бағдарламаның негізгі параметрлері баяндалады:

      1) "1. Атауы" деген жолда мемлекеттік бағдарламаның толық атауы көрсетіледі;

      2) "2. Әзірлеу үшін негіздеме" деген жолда Қазақстан Республикасы Президентінің немесе Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің тапсырмаларының деректемелері (нөмірі, күні, бар болса тармағы) көрсетіледі;

      3) "3. Әзірлеуші мемлекеттік органның және бірлесіп орындаушылардың атауы" деген жолда мемлекеттік бағдарламаны іске асыруға жауапты әзірлеуші мемлекеттік органның және бірлесіп орындаушылардың атаулары көрсетіледі;

      4) "4. Мақсаттар" және "5. Міндеттер" деген жолдарда мемлекеттік бағдарламаның негізгі мақсаттары мен міндеттері көрсетіледі;

      5) "6. Іске асыру тәсілдері мен мерзімдері" деген жолда мемлекеттік бағдарламаны іске асыру тәсілдері мен мерзімдері көрсетіледі;

      6) "7. Қаржыландыру көздері мен көлемдері" деген жолда мемлекеттік бағдарламаны іске асыру үшін қажетті қаржыландыру көздері мен көлемі (республикалық бюджет, жергілікті бюджет, Ұлттық қор, бюджеттен тыс қаражат, Қазақстан Республикасының заңнамасында тыйым салынбаған өзге де қаржыландыру көздері) қаржыландырк көздері бөлінісінде миллион теңгемен көрсетіледі.

      3. "2. Ағымдағы жағдайды талдау" деген бөлімде мәтіндік нысанда қызмет саласының ағымдағы жағдайын бағалау, сондай-ақ негізгі проблемалар мен үдерістер көрсетіледі.

      4. "3. Мақсаттары, міндеттері, тәсілдері мен іске асыру мерзімдері" деген бөлімде мемлекеттік бағдарламаның негізгі мақсаты, міндеттері, іс-шаралары және оларды іске асыру мерзімдері көрсетіледі:

      1) "Негізгі мақсат" деген жол бойынша жоспарлы кезеңнің соңына қарай қызмет саласының жай-күйін пайымдауды білдіретін және оны осы бағытта дамытудың сапалық бағдары болып табылатын мемлекеттік бағдарламаның негізгі мақсаты көрсетіледі.

      Негізгі мақсат нақты тұжырымдалуы керек, болжанатын іс-шаралардың барлық спектрін қамтуы және нәтижелерді көрсетуі керек;

      2) "Бағыт" деген жолдарда қажет болған кезде мемлекеттік бағдарламаның бағыты көрсетіледі;

      3) "Міндет" деген жолдарда міндеттің атауы көрсетіледі;

      4) "Атауы" деген бағанда мемлекеттік бағдарлама іс-шараларының атауы көрсетіледі;

      5) "Аяқталу нысаны" деген бағанда іс-шаралардың аяқталу нысаны (іс-шараның аяқталуын көрсететін іс-шараның сапалық сипаттамасы) көрсетіледі;

      6) "Жауапты орындаушылар" деген бағанда мемлекеттік бағдарлама іс-шараларының орындалуына жауапты орталық мемлекеттік органдар, жергілікті атқарушы органдар, ведомстволық бағынысты ұйымдар, квазимемлекеттік сектор субъектілері көрсетіледі;

      7) "Орындалу мерзімі" деген бағанда іс-шараларды орындаудың жоспарланған мерзімдері көрсетіледі.

      Егер көзделген іс-шаралар бойынша аяқталу нысаны жоғары тұрған органдарға хабарлау болып табылған жағдайда, онда осы іс-шаралардың орындалу мерзімдері бір-біріне сәйкес келеді және жалпы мемлекеттік бағдарлама бойынша жоғары тұрған органдарға хабарлау жылына екі реттен аспайды;

      8) "Қаржыландыру көлемі" деген бағанда іс-шараларды қаржыландырудың жоспарланатын көлемі (млн теңге) не республикалық, жергілікті бюджетте, бюджеттен тыс немесе басқа да көздерде көзделген қаражат шегінде көрсетіледі;

      9) "Қаржыландыру көздері" деген бағанда іс-шаралар бөлінісінде қаржыландыру көзі – республикалық бюджет, жергілікті бюджет, Ұлттық қор, бюджеттен тыс қаражат немесе Қазақстан Республикасының заңнамасында тыйым салынбаған өзге де қаржыландыру көздері көрсетіледі.

      5. "5. Қажетті ресурстар" деген бөлімде іс-шаралар мен қаржыландыру көздері бөлінісінде мемлекеттік бағдарламаны іске асыру үшін қаржы ресурстарына қажеттілік миллион теңгемен көрсетіледі:

      1) "№" деген бағанда өтпелі реттік нөмірі көрсетіледі;

      2) "Атауы" деген бағанда мемлекеттік бағдарламаның міндеттері мен іс-шараларының атауы көрсетіледі;

      3) "Қажетті қаражат (жылдар бойынша)" деген негізгі бағанның 3-7-бағандарында мемлекеттік бағдарламаны іске асыру жылдары бойынша іс-шараларды орындау/қойылған міндеттерге қол жеткізу үшін қажетті қаражат көлемі көрсетіледі;

      4) "Барлық қаржыландыру" деген бағанның 8-бағанында іс-шараларды орындау/мемлекеттік бағдарламаның қойылған міндеттеріне қол жеткізу үшін қажетті қаражаттың жалпы көлемі көрсетіледі;

      5) "Қаржыландыру көзі" деген негізгі бағанның 9-13-бағандарында қаржыландыру көздері бөлінісінде міндеттер мен іс-шараларды қаржыландыру сомасы көрсетіледі;

      6) "БАРЛЫҒЫ, оның ішінде көздердің түрлері бойынша" деген жолда мемлекеттік бағдарламаны іске асырудың жылдар бойынша және қаржыландыру көздері бойынша қорытынды сомасы көрсетіледі;

      7) "Республикалық бюджет", "Жергілікті бюджет", "Бюджеттен тыс қаражат", "Ұлттық қор" және "Басқа да көздер" деген жолдарда "*" белгісі бар бағандар толтырылмайды.

  Бұйрығына 6-қосымша
Тұжырымдамаларды, ұлттық
жобаларды, доктриналарды
(стратегияларды), мемлекеттік
бағдарламаларды, кешенді
жоспарларды, жол карталарын
әзірлеу, іске асыру, түзету және
мониторингтеу тәртібіне
8-қосымша

      Нысан

__________________________жылға арналған (жоспарлы кезең) ________________________________ (саланың атауы) кешенді жоспары

      Паспорт

1

Атауы


2

Әзірлеу үшін негіздеме


3

Іске асыру мерзімдері


4

Әзірлеуші мемлекеттік органның және бірлесіп орындаушылардың атауы


5

Оларды шешу бойынша негізгі проблемалар мен міндеттерді көрсете отырып, кешенді жоспарды қабылдау қажеттілігі жөнінде қысқаша ақпарат


Атауы

Аяқталу нысаны

Жауапты орындаушылар

Орындалу мерзімі

Қаржыландыру көлемі

Қаржыландыру көздері

Күтілетін нәтижелер:

1)

2)

n)

Бағыт

1.

1-іс-шара






2.

n- іс-шара






3.

n- іс-шара






Бағыт

4.

1- іс-шара






5.

n- іс-шара






6.

n- іс-шара






  Кешенді жоспар
  нысанына қосымша

Кешенді жоспарды толтыру бойынша түсіндірмелер

      1. Тақырыпта "(саланың атауы)" және "(жоспарлы кезең)" деген жолдар бойынша дамуына кешенді жоспар бағытталған саланың атауы және оны іске асыру мерзімі көрсетіледі.

      2. Кешенді жоспардың паспорты келесідей толтырылады:

      1) "Атауы" деген жол бойынша кешенді жоспардың толық атауы көрсетіледі;

      2) "Әзірлеу үшін негіздеме" деген жол бойынша іске асырырылуы кешенді жоспарды әзірлеуді қамтамасыз етілетін Қазақстан Республикасы Президентінің немесе Премьер-Министрінің тапсырмаларының деректемелері, оның нөмірі, күні, бар болса тармағы көрсетіледі;

      3) "Іске асыру мерзімі" деген жол бойынша кешенді жоспарды іске асырудың жоспарлы кезеңі көрсетіледі;

      4) "Әзірлеуші мемлекеттік органның және бірлесіп орындаушылардың атауы" деген жолда мерзімі бойынша әзірлеуші мемлекеттік органның және кешенді жоспарды іске асыратын мемлекеттік органдар мен ұйымдардың – бірлесіп орындаушылардың атаулары көрсетіледі;

      5) "Негізгі проблемалар мен оларды шешу жөніндегі міндеттерді көрсете отырып, кешенді жоспарды қабылдау қажеттілігі туралы қысқаша ақпарат" деген жол бойынша саладағы ағымдағы ахуал, оның негізгі проблемалары және оны шешу жөніндегі міндеттер бойынша ақпарат көрсетіледі.

      3. Кешенді жоспар кестелік нысанда келесідей толтырылады:

      1) "Күтілетін нәтижелер" деген жол бойынша кешенді жоспарды іске асыру нәтижесінде қол жеткізілетін оң өзгерістерді сипаттайтын күтілетін нәтижелер көрсетіледі;

      2) "Бағыт" деген жолдарда кешенді жоспардың негізгі бағыттарының атауы көрсетіледі.

      Әрбір бағыт "Іс-шара" деген бағанда көрсетілетін іс-шараларға бөлінеді;

      3) "№" және "Атауы" деген бағандарда өтпелі нөмірдегі кешенді жоспар іс-шараларының атауы көрсетіледі;

      4) "Аяқталу нысаны" деген бағанда іс-шаралардың аяқталу нысаны (іс-шараның аяқталуын білдіретін іс-шараның сапалық сипаттамасы) көрсетіледі;

      5) "Жауапты орындаушы" деген бағанда іс-шаралардың орындалуына жауапты орталық мемлекеттік органдар, жергілікті атқарушы органдар, ведомстволық бағынысты ұйымдар, квазимемлекеттік сектор субъектілері көрсетіледі;

      6) "Орындалу мерзімі" деген бағанда іс-шараларды орындаудың жоспарланған мерзімдері көрсетіледі.

      Егер көзделген іс-шаралар бойынша аяқталу нысаны жоғары тұрған органдарға хабарлау болып табылған жағдайда, онда осы іс-шараларды орындалу мерзімдері бір-біріне сәйкес келеді және жалпы кешенді жоспар бойынша жоғары тұрған органдарға хабарлау жылына екі реттен аспайды;

      7) "Қаржыландыру көлемі" деген бағанда іс-шараларды қаржыландырудың жоспарланатын көлемі (млн теңге) не республикалық, жергілікті бюджетте, бюджеттен тыс немесе басқа да көздерде көзделген қаражат шегінде көрсетіледі;

      8) "Қаржыландыру көздері" деген бағанда осы іс-шараны қаржыландыру көзі (республикалық бюджет, жергілікті бюджет қаражаты, бюджеттен тыс қаражат) көрсетіледі.

  Бұйрығына 7-қосымша
Тұжырымдамаларды, ұлттық
жобаларды, доктриналарды
(стратегияларды), мемлекеттік
бағдарламаларды, кешенді
жоспарларды, жол карталарын
әзірлеу, іске асыру, түзету және
мониторингтеу тәртібіне
9-қосымша

      Нысан

__________________________ жол картасы (атауы)

Атауы

Аяқталу нысаны

Орындалу мерзімі

Жауапты орындаушылар

Қаржыландыру көлемі

Қаржыландыру көздері

Күтілетін нәтижелер:

1)

2)

n)

Бағыт

1.

1-іс-шара






2.

n- іс-шара






3.

n- іс-шара






Бағыт

4.

1- іс-шара






5.

n- іс-шара






6.

n- іс-шара






  Жол картасының нысанына
қосымша

Жол картасын толтыру бойынша түсіндірмелер

      Жол картасы келесідей толтырылады:

      1) "(атауы)" деген жол бойынша тақырыпта жол картасының атауы көрсетіледі;

      2) "№" деген бағанда өтпелі реттік нөмірі көрсетіледі;

      3) "Атауы" деген бағанда жолдарға сәйкес күтілетін нәтижелердің, жол картасының негізгі бағыттары мен іс-шараларының атаулары көрсетіледі.

      Күтілетін нәтижелер Жол картасын іске асыру нәтижесінде қол жеткізілетін оң өзгерістерді сипаттайды. Әр бағыт іс-шараларға бөлінеді;

      4) "Аяқталу нысаны" деген баған "Іс-шара" деген жолдар бойынша толтырылады және іс-шараның аяқталуын білдіретін іс-шараның сапалық/сандық сипаттамасы көрсетіледі.

      Егер көзделген іс-шаралар бойынша аяқталу нысаны жоғары тұрған органдарға хабарлау болып табылған жағдайда, онда осы іс-шаралардың орындалу мерзімдері бір-біріне сәйкес келеді және жалпы Жол картасы бойынша жоғары тұрған органдарға хабарлау жылына екі реттен аспайды;

      5) "Орындалу мерзімі" деген бағанда іс-шараларды орындаудың жоспарланған мерзімдері көрсетіледі;

      6) "Жауапты орындаушы" деген бағанда іс-шаралардың орындалуына жауапты мемлекеттік органдар, оған ведомстволық бағынысты ұйымдар, квазимемлекеттік сектор субъектілері көрсетіледі.

      Іс-шараларды орындау бойынша ведомстволық бағынысты ұйымдар мен квазимемлекеттік сектор субъектілері бірлесіп орындаушылар ретінде көрсетіледі;

      7) "Қаржыландыру көлемі" деген бағанда іс-шараларды қаржыландырудың жоспарланатын көлемі (млн теңге) не республикалық, жергілікті бюджетте, бюджеттен тыс немесе басқа да көздерде көзделген қаражат шегінде көрсетіледі;

      8) "Қаржыландыру көздері" деген бағанда осы іс-шараны қаржыландыру көзі көрсетіледі (республикалық бюджет қаражаты, жергілікті бюджет қаражаты, бюджеттен тыс қаражат).

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады