"Метеорологиялық және гидрологиялық мониторинг жүргізу және қоршаған ортаның жай-күйіне мониторинг жүргізу саласындағы мемлекеттік монополия субъектісі жүргізетін және (немесе) өткізетін жұмыстарға, көрсетілетін қызметтерге бағаларды бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Экология және табиғи ресурстар министрінің міндетін атқарушының 2024 жылғы 14 қарашадағы № 274-ө бұйрығына өзгерістер енгізу туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Экология және табиғи ресурстар министрінің м.а. 2026 жылғы 9 қазандағы № 263-Ө бұйрығы

      БҰЙЫРАМЫН:

      1. "Метеорологиялық және гидрологиялық мониторинг жүргізу және қоршаған ортаның жай-күйіне мониторинг жүргізу саласындағы мемлекеттік монополия субъектісі жүргізетін және (немесе) өткізетін жұмыстарға, көрсетілетін қызметтерге бағаларды бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Экология және табиғи ресурстар министрінің міндетін атқарушының 2024 жылғы 14 қарашадағы №274-ө бұйрығына мынадай өзгеріс енгізілсін:

      бұйрықтың кіріспесі жаңа редакцияда жазылсын:

      "Қазақстан Республикасы Экология кодексінің 166-бабының 4-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:".

      2. Қазақстан Республикасы Экология және табиғи ресурстар министрлігінің Экологиялық мәдениет және саясат департаменті заңнамада белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрықтың көшірмесінің Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде ресми жариялау және енгізу үшін "Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жіберілуін;

      2) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Экология және табиғи ресурстар министрлігінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Экология және табиғи ресурстар вице-министріне жүктелсін.

      4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасы
Экология және табиғи ресурстар
министрінің міндетін атқарушы
Ж. Әлиев

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасы

      Ұлттық экономика министрлігі

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасы

      Жасанды интеллект және

      цифрлық даму министрлігі

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады